2,5 ЖЫЛДА 1 МЛРД.160 МЛН.ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ
Бұл жөнінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының БАҚ-на арналған баспасөз мәслихатында палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Дархан Мырзалиев айтты.
Дархан Мырзалиев: «Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының атына құрылған күнінен бастап кәсіпкерлік субъектілерінен 380 өтініш түсті. Оның ішінде 300 кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, 1 млрд.160 млн.теңгеден астам қаржысы сақталып қалды», - деді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығында да прокуратура және мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас орнатылған.
Прокуратура органдарымен жүргізілген бірлескен шаралардың нәтижесінде 17-ден астам лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпкерлер палатасы тағы бір функцияларының бірі – сотта кәсіпкердің заңды мүддесін білдіру болып табылады. Бүгінгі күнге дейін палата заңгерлері 30-дан астам сот процестеріне қатысып, нәтижесінде істің 80 пайызға жуығы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.
Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің 8 отырысы өткізіліп, онда кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 23 сұрақ көтерілді. Нәтижесінде 150 кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, мемлекеттік органның 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге, палатамен кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілетін әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында тиісті мемлекеттік орган өкілдерімен кәсіпкерліктің әр түрлі саласына қатысты кездесулер өткізілуде.
Бүгінгі күнге заңның жетілдірілмеген тұсына қатысты 73 әкімшілік кедергі анықталып, Кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар және кәсіпкерлермен бірге 60-тан астам ұсыныс әзірленді. Нәтижесінде оның 17-сі қабылданып, қолданыстағы заңнамаларға өзгеріс енгізілді.
Мұнан өзге, мемлекеттік органдардағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бизнес-қауымдастыққа қатысы бар облыстық 46 консультативтік-кеңесші органдар құрамының 50 пайыздан астамына кәсіпкерлер мүше болып енді.
Бүгінгі таңда сұранысқа ие, аса маңызды комиссия ретінде – жер және қала құрылысы комиссиясы саналады.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі