ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының құрылған сәтінен бері атқарған жұмыстарына орай өткізілген баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бағытындағы палатаның үлесі туралы да айтылды.
Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының м.а Бақытжан Әбиев жақын күндері облыста түйе шаруашылығымен айналысатын кооперативтің құрылатындығын жеткізді.
Бақытжан Әбиев бүгінгі таңда түйе өсірумен айналысатын шаруалардың алдында тұрған негізгі мәселе: өнімді өңдеу, өткізу екенін айта келе, мәселені шешудің бірден бір жолы шаруалардың кооперативке бірігіп, өнім өндіруге кететін шығынды азайтып, заманауи құрылғылармен өндірілген өнімді нарыққа шығару екенін жеткізді.
Бұл бағытта палатаның Шиелі ауданындағы филиалы белсенді жұмыс жасап, нәтижесінде шиелілік түйе шаруашылығымен айналысатын шаруалар бірігуде. Нақтырақ айтқанда, 7 шаруашылық төрағалары бірігіп «Шиелі-Төрт түлігі» атауымен кооператив құру туралы шешім қабылдады, төрағалыққа Сабыр Ермахановты сайлауға ұсыныс білдірді. Ерекше атап өткен жөн, Шиелі ауданында осы Сабыр Ермаханов басшылық жасайтын «Аруана» шұбат цехы жұмыс жасайды. Шаруа қожалық басшылары түйе сүтін өңдеуде мәселе болмайды десуде. Қазір кооператив ретінде тіркелу үшін тиісті құжаттар әзірленуде.
Айта кету керек, Кәсіпкерлер палатасы кооперативтерді құру бойынша тек түсіндіру шарасымен ғана айналысып жатқан жоқ. Сонымен бірге, құрылған кооператив жобаларын сүйемелдеп, қаржыландырылуына дейін ықпал етуде. Мәселен, биылғы жылдың өзінде құрылған кооперативтер арасында жалпы құны 20 млн.теңгені құрайтын 2 жоба қаржыландырылды.
Жалпы қазіргі таңда облыста 49 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Оның 15-і мал шаруашылығы, 7-еуі егін шаруашылығы, 27-сі өзге де бағыттарды қамтиды. Құрылған кооперативтер жанына топталған шаруашылықтар саны 208.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі