ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ
Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа
Өсіп жатқан өрендерді жас гүлдеп,
Улайтұғын толқын бұзар тасқын көп.
Санамызға ғасыр салған жарадай,
Нашақорлық – қоғамдағы басты індет...
Тартып туған ұрпақ едік қанға біз,
Бұл емес ед бабаларың салған із.
Жастарымды жалмап жатыр бүгінде,
Жеті атамыз көрмей кеткен жалмауыз.
Сайтан оймен санаң тауып жарасым,
Азғындықтың аспандатып бағасын.
Есіл дертің есірткіге байланып,
Қара ормандай, қандас қайда барасың?!
Ойлан, ұрпақ, Бала бидей дана боп,
Бұл құмарлық жастығыңа салады от.
Қастерлінің бәрін жыққан табанға,
Нашақордан асқан кім бар қарабет?!
Талайларды аттандырған бақиға,
Бұның соңы – жиіркенішті оқиға.
Айтшы, адамзат, уланған мың күніміз,
Нұрын сепкен бір күніңе тати ма?
Жас қайыңдай гүл көктемде көгерген,
Елім барда ертең өсіп-өнем мен.
Алтын балық үш тілек айт десе егер,
Үш қайтара: «Есірткі өлсін» дер ем мен!
Ақ шарбы бұлт, ашық аспан түнеріп,
Даламызды жайламасын тірі өлік.
Бесігімде сәби – бақыт шырылдап,
Есірткісіз қоғамда өмір сүрейік.
Жалғас Рамазан
№ 278 орта мектептің
7 сынып оқушысы