МЕН САҒАН ЕСІРТКІ ЖАЙЛЫ АЙТЫП БЕРЕМІН...
Қызылорда облыстық ІІД ЕБҚКБ ұйымдастырған байқауға
Адам болу дегеніміз – саналы болу. Сондықтан өмір бойы өлім мен қуаныш, қайғы-қасірет толғандырады. Өзімізді терең түсіну үшін алдымызға мақсат қою керек. Өсіп-өніп келе жатқан алтын ұямыздың қадір-қасиетін бағаласақ екен. Өмірде қиындыққа қарсы тұрып, жеңе білу, жеңіл жол іздемеу үлкен жетістік деп есептеймін.
Есірткі – қас жауымыз. Оның құрамындағы адам денсаулығына зиянын тигізетін улы заттар көп. Адам ағзасын бүлдіреді. Тіпті соңғы кезде зиянды заттардың түрлері көбейді. Сол затқа әуес, тәуелді адамдардың да саны жетіп артылады. Жастарымыздың болашағы не болмақ? Естіп, оқып, теледидардан көргенде жағаңды ұстайсың. Өз өмірлеріне балта шауып жатқанын түсіне ме екен? Өмірдің қысқа екенін ойланып көрді ме екен? Қазақстанның көркеюі біздің қаламызда емес пе? Есірткі пайдаланып басы жұмыс істемей қалып, ата-анасын, бауырларын, тұрғындарды аямай, қол жұмсап, ұрлық жасап жатқаны қаншама?!
Онан қалды өз-өзіне қол жұмсап жатқаны қаншама? Онан қалды өз-өзіне қол жұмсап өліп жатыр. Есірткі, арақ, темекі қай ата-бабамыздан қалған ас еді? Түзу жолдан шығып, адам өлтіріп, зорлықпен айналысып, түрмеде қаншасы жатыр. Сенің аузыңа бар тәттісін тосып, түн ұйқысын төрт бөліп, бесік тербеткен ата-анаңды, туған-туысыңды неге ойламайсың? Сенен үміт күтіп отыр ғой. Интернеттен неше түрлі сұмдықтарды көріп, ойы бұзылып, еліктейді. Онан да қолына кітап алып оқып, сана-сезіміңді оятып, жақсы әсер алмайсың ба? Соның өзі жетістік деп білемін.
«Жұмысы жоқтық, Қарны тоқтық, Аздырар адам баласын» деп Абай атамыз айтқандай, оқусыз, жұмыссыз сандалып жүргендер қылмыс жасап жатады. Есірткі, әртүрлі қылмыстар жайлы мектебімізде ата-аналар жиналыстары «Мектепке жол», «Қауіпсіз жол» акциялары өтіп тұрады. Қосымша үйірмелер жұмыс істейді. Жақында онлайн режимінде ата-аналар сағаты өтті. Онда облыстық білім басқармасы басшысы Б.Сайлыбаев, «Дарын» орталығы, наркология дәрігері Н.Жолдыбекова, облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Е.Жәукеев облыс тұрғындар құқығын қорғау департаменті қызметкері А.Шуақбаева мектептегі, жоғары оқу орындарындағы жастардың жауапкершілігі және баласына ата-аналарымыздың қадағалауы, қазіргі салынатын айыппұл жөнінде айтылды. Есірткі жайлы айтылып та, жазылып та әртүрлі видеороликтерді көрсетіліп келеді. Сонда да қылмыс азаятын емес.
Өз өмірін қор қылмаса деймін. Зиянды заттардан аулақ болайық!
Салауатты өмір салтын ұстанайық! Мен есірткіге қарсымын!
Өмір сүргім келеді! Мен өмірді таңдаймын!
Есірткімен әуестеніп,
Уланып жатыр достарымыз.
Жастықпенен құмартып,
Қайда кетіп барады жастарымыз?
Талайларды түзу жолдан тайдырып,
Ағайын жүр бұлар үшін қайғырып.
Нашақор жүр күні-түні қаңғырып,
Маңдайын тасқа ұрып, қан қылып.
Қылмыс жасап, таңды ұрып,
Қолға кісен салдырып,
Ата-анасын жермен-жексен,
Ойланбастан бір-ақ сәтте,
Жер астына қалдырып.
Қалтасы есірткіге толады,
Жын қаққандай болады.
Сөйтіп жүріп бір күні,
Дірілдейді қалжырап,
Ажалы кеп қаңғалақтап,
О дүниеге барады.
Адам болсаң еңбекшіл,
Халқың сені мақтайды.
Ит те иесін күзетіп,
Ішкен асын ақтайды.
Жинап алып жаңа достар,
Ұсынасың есірткіңді.
Ештеңені сездірмеуге,
Қылмысыңды білдірмеуге ,
Тырысасың күлдіруге,
Хақың жоқ қой, мына сенің,
Бұл әлемді бүлдіруге.
Алтынай БЕРІК,
№267 орта мектебінің 6 сынып оқушысы,
Қызылорда қаласы