КӨКАРАЛ. ТҮНГІ ҚОНАҚ (жолжазба)
Елубаев Дәуіржан Айболатұлы 1969 жылы 16 желтоқсанда Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. 1987 жылы кент орталығындағы №216 орта мектепті бітірген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ді филология мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000-2002 жылдар аралығында республикалық «Халық» газетінде, 2002-2005 жылдар аралығында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында, 2005-2011 жылдары республикалық «Ақмешіт ақшамы» басылымында қызмет атқарды. Қазіргі таңда облыстық «Сыр бойы» газетінің әлеумет және саясат бөлімінің меңгерушісі. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп отыр.
Әрине, іссапарлардың бәрі бірдей есте қала бермейді. Әйтсе де кейбіреуінің көкіректе жазулы хаттай сайрап тұратыны бар. Солардың бірі - Көкарал сапары. 2005 жылдың тамыз айының бесінші жұлдызы - адамзат тари¬хындағы айтулы күндердің бірі ретінде кәрі тарих бетіне жазылып қалды. Бұл, әсіресе, Әбдіжәміл Нұрпейісов жазған «Қан мен тер» романындағы балықшылар қауы¬мының бүгінгі ұрпағы үшін ала¬бөтен қуанышты күн болды.
Төртінші тамыз күні айма¬ғы¬мыздағы ақпарат құралдары өкілдерінің бір тобы (автокөлік жүргізушісімен қоса есептегенде барлығы 13 адам) Арал ауданы, Қаратерең ауылын бетке алып жолға шықтық. Сапар мақсаты - Солтүстік Арал теңізіне, яғни Кіші Аралға ғұмыр сыйлаған Көкарал тоспасының ашылу рәсіміне қатысып, сүйінші сұ¬рауға тұрарлық жағымды жаңа¬лықты жалпақ жұртқа жеткізу. Өлі теңізге есепсіз кетіп жатқан мол суды бөгеп, оны Кіші Аралға жіберетін ұзындығы 13 шақы¬рымдық бөгеттің ашылуын көзбен көрудің өзі бір ғанибет емес пе? (Бұған дейін де арал¬дықтар өз күштерімен асарлатып бір мәрте бөгет соғып, алайда оның соңы қайғылы оқиғаға ұласқанын жұрт ұмыта қоймаған болар).
Журналистер жасағының бұл сапарын да әдеттегідей облыстық ішкі саясат басқармасы ұйым¬дас¬тырды. Сырда туғанымен ара¬мызда Арал теңізін көрмегендер де бар екен. «О, көк теңізді өз көзімізбен көретін болдық!» деп қуанысып жатқан да солар. Ортамыздағы үлкендеріміз - Серік Пірназар («Егемен Қазақ¬стан» газетінің сол кездегі мен¬шікті тілшісі) мен «Кызыл¬ордин¬ские вести» газетінің тілшісі Игорь Титенок. «Хабардан» Ха¬ди¬ша Әлімқызы мен Әлхайдар Тұрлыханов, «Қазақстан-Қы¬зылорда» телеарнасынан Елубай Әуезов пен операторы Бауыржан Қожамұратов, «Қоғамдық теледидардан» марқұм бауырымыз Са¬хитжан Бермағанбетов пен операторы Қожақов Ғалымжан, облыстық «Сыр бойы» газетінен Нұрбек Әмиша, ішкі саясат басқармасынан оператор Ерке¬бұлан және т. б. бар.
Қызылордадан кешкі сағат бестің шамасында шығып, Көкарал бөгетінің іргесіндегі балықшылар ауылы - Қара¬тереңге Қазалы ауданы, Жаңа¬құрылыс ауылының үстімен жү¬ріп, түн жарымында жеттік.
- Егер «Шымкент-Самара» автотрассасы бойымен Қамбаш арқылы Қаратереңге бет алсақ, жол ұзарып кетеді. Мұндай уәжді айтқан көлік жүргізушіміз Алтынбек аға. Сонымен «Тойота хайс» маркалы көлігінің жүр¬гізушісі әрі жолбасшымыз айт¬қан қысқа жолды таңдадық. Облыс орталығынан шығарда ұйымдастырушылар: «Сіздерді ауыл әкімі күтіп алады» деген. Алайда біз шалғайдағы елді мекенге жеткенде құм орта¬сын¬дағы ауыл қалың ұйқы құшағына еніп те үлгеріпті. Ат басын әкім¬шілікке тіредік. Тірі пенде жоқ. Кіші әкімнің аяқ астынан аудан орталығына кеткенін әлдекімнен естігенде қабақ шіркін түсіп-ақ кетті.
«Әрі тарт, бері тартпен» біз Айдар есімді жас мұғалімнің үйіне түстік. Ауыл әкімшілігінің маманы солай шешіпті. (Ауылда қонақ үй қайдан болсын?)
Айдар жайдары мінезді жігіт екен. Самаурынға шай қоя жүріп сыртта таза ауа жұтып тұрған жігіттерге өзінің «Жас маманға - 1000 үй» бағдарламасының ая¬сын¬да жуырда ғана баспаналы болғанын, мұнда әлі толық көшіп келе қоймағанын жеткізді. Бей¬мезгіл келген қонақтарды қалай күтемін деп қысылып тұрғаны жүзінен байқалып тұр. Кімге болса да жеті түнде сау етіп жетіп келген бір қора жанның жағ¬дайын жасау оңай шаруа емес, әрине. Өзімізше ақылдасып алып Айдардан: - Ауылда дүкен бар ма? - деп сұрадық.
Үш-төрт жігіт қараңғыда дү¬кенді әзер таптық. Иттерді абалатып жүріп, дүкен иесін шырт ұйқысынан оятуға тура келді. Бір тәуірі, шағын қоржын тамға орналасқан дүкеннің иесі біздің мезгілсіз уақытта кел¬генімізге ренжи қоймады. Сірә, тұтынушының беймезгіл кел¬геніне үйреніп кеткен болса керек. Қара қарғаның миы айна¬латын 40 күн шілденің іші емес пе, түн жарымынан ауса да дүкеннің іші әлі аптап ыстық. Сауданы бастап та жібердік:
- Апа, нан қаншадан еді?
- 50 теңгеден.
- Неге қаладағыдан 2-3 есе қымбат?
- Біз нанды «Зарубежвод¬стройдың» жұмысшыларына тап¬сырыспен дайындап, осы бағамен сатамыз.
- Жарайды, 20 бөлкесін бере қойыңыз.
Қабырғадағы ағаш сөрелер әртүрлі тауарға толып тұрға¬нымен азқазанды жұбататын ештеңе көзге іліне қоймады. Әлхайдар: «Қалбырдағы «киль¬ки» балығын алайық» деп ұсы¬нысын айтты. - 15 дана «киль¬ки» бере қойыңыз, - дедім мен. Сатушы апам сұрағанымызды дереу беріп жатыр. «Әйтеуір «Чипси», «Кириешки» мен түрлі су¬сын¬дардан өзге жейтін бірдеңе табылды-ау!» деп жігіттер қуа¬нып-ақ қалған. Қуанбай қайт¬сін, он сағаттан астам (қараң¬ғыда адасқанымыз бар) жолды артта қалдырып, қияндағы ауыл¬ға келіп тұрмыз. Күн жұма болатын. Бәріміз де жұмыстан шыға сала үйге соқпастан «Көк¬арал қайдасың?» деп тартып кеткенбіз. Асқазаннан да «белгі» түсіп жатыр. Және 15 дана қытай кеспесін алып, барлық азықтарды дорбаға салғалы жатқанбыз. Кенет қалбыр сыртындағы жа¬зуға көзім түсіп кеткені. «Мәс¬саған, безгелдек!» Біздің алып жатқан «килькиіміз» осыдан тура 4 жыл бұрын, яғни, 2001 жылы шығарылған екен. Сақталу мерзімі көрсетілмепті. Қоймада ұзақ жатып қалды ма, әлде шалғайдағы ауылда өз тұты¬нушысын таппаған ба, ол арасын болжап болмадық. Дереу:
- Апа, мынаның жарамды¬лық мерзімі өтіп кеткен екен. Ешкім уланып қалған жоқ па? - деп сыпайылап сұрап жатырмын.
- О не дегенің, балам. Осы ауылдың жүгермектері арақ ал¬ғанда «тіске басарға» үнемі осы «килькиді» алады. Бірақ әлі күнге уланып өлген ешкім жоқ. Ала беріңдер, ала беріңдер, - деп бәйек болып жатыр.
«Тәуекел» десіп, оның 15 дана қалбырын, қытай кеспесінің сонша данасын жол дорбамызға тоғытып, Айдардыкіне тарттық. Келсек, шай да дайын болыпты. Дастарқан басына ұйқылы-ояу әріптестер түгел бас қосты. Ойға алып қалғандықтан ба екен, қалбырдағы балыққа қарай ал¬май, асқазанды сексеуіл шоғы¬мен қайнаған қою күрең шаймен жұбатуға тура келді. Алыс жол¬дан шаршаған қыздар жағы бір-екі шыныаяқ шайдан соң тынығуға кетті.
...Үй егесі ертесіне құлқын сәріден тұрып, келіншегіне қазан көтергізіпті. Салт бойынша қа¬зақ¬қа қонақтан қадірлі ешкім жоқ. Өзге жұртта кездесе бер¬мей¬тін қазақы қонақжайлық деген осы. Шақырылмаған бір қора жан¬ға жатын орын дайын¬дап, дас¬тарқанын қабақ шытпай жая¬тын, бар болса қазан көте¬ретін бізден басқа дархан халық жұмыр жердің бетінде жоқ шы¬ғар, сірә?! (Өзіміздің бойымыз¬дағы жақсы қасиетті, мақтаныш тұтқанның артығы жоқ шығар?!)
Ертесіне күн найза бойы көтерілген тұста Ұлы теңіз бен Кіші Аралды бөліп тұрған Көк¬арал бөгетінің ашылу рәсімі болды. Көз алдымызда – көк теңіздің бір бөлігі. Салтанатты шараға Көк¬аралға тікұшақпен жеткен Үкі¬мет басшысы, аймақ басшысы мен Арал және Қазалы аудан¬дарының әкімдері, іргелес жат¬қан қос ауданның ардагерлері мен балықшылар қатысты.
Әрине, бұл туралы кезінде барлық басылым жазды, теле¬арналар жедел ақпаратты сол күні кешкілік жарыса беріп жатты. Қалың қауымға қажетті ақпаратты жедел жеткізу үшін жеті тәуліктің бір айналып келетін жексенбісі күні де демалмай, тынымсыз жұмыс істейтін тілші қауым кейде бір-бір жарым тәулікте 600-800 шақырымды (біздегі елді мекендерге баратын автожолдардың қандай жағдайда екені өздеріңізге мәлім) жүріп өтеді. Сондағысы жағымды жаңалықты ел-жұртқа дер ке¬зінде жеткізу. Журналист ағай¬ын¬ға жүктелетін жауапкер¬ші¬ліктің қаншалықты ауыр екенін осыдан-ақ бағамдай беріңіз.
Сонау 2002-2005 жылдары облыстық теледидарда еңбек еткен аз ғана уақытта редак¬торымыз Несібелі Рахметова: «Бұл жұмысты жақсы атқарсаң да, шала атқарсаң да еститінің бір атаңа нәлет. Телевидениенің «жаңалықтар қызметі» түсінген жанға жанып тұрған от қой, от» дейтін.....
Былайғы жұртқа оңай көрі¬нетін тілші қауымның қызығы мен қиындығы қатар жүретін өміріндегі осы бір еріксіз езу тарттыратын оқиғаны осымен тәмамдауға да болар еді. Тағы бір шағын хикаяның желісі еске түсе кеткені.
К.Рүстембекұлы Тұрмағам¬бет ауылында туған, Ақжарда мек¬тепте мұғалім болып еңбек еткен. Мәскеу қаласындағы М.Горь¬кий атындағы дүниежүзілік әдебиет институты шығыстану бөлі¬мінің аспирантурасына осы Ақжардан аттанады. Сондықтан сапарымды Ақжар ауылынан бастадым. Ауылдағы кітап¬ханада 20 жылға жуық еңбек еткен Күләш Ақмаханованың жеке мұрағатынан Көшенейге қатысты біраз құжаттарды (түп¬нұсқа мен көшірмелері), су¬реттері мен хаттарын тауып, олар¬дың көшірмелерін алдым. Орайы келгенде айта кетейік, Ақжар ауылының кітапханашысы Кү¬ләш Ақмаханова өз қолындағы бар дүниені 2006 жылы аудан орталығы - Жосалы кентінде ашылған Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйіндегі мұражай-кабинетке өткізді. Келер ұрпақ үшін құнды дү¬ниелерді ұзақ жылдар бойы кө¬зінің қарашығындай сақтап, оны мұражайға өткізген Күләш апай¬дың еңбегі қандай құрметке болса да лайық. Мұны ескерусіз қал¬дыру әбестік болар еді.
Сол сапарда Ақжардан кейін Тұрмағамбет ауылына бардым. Шежірешіл қарт Запа Дәулет¬баев ақсақалдан оның жақын інісі Қаппар деген кісіден Көшеней Рүстембеков, жырау Қуандық Бүрлібаев туралы қызықты әңгі¬мелер тыңдадым. Сапарда жи¬наған дүниелерді басылым бе¬тінде бірнеше ай бойы жариялап, жыраулық өнердің құты дарыған дара дарын туралы мақалалар сериясын ұсындық. Арнайылап іздеп шыққан жұмысыма қатысы болмаса да жүз жырау шыққан ауылда тұратын Майтан атты әжейдің мына бір әңгімесін жолжазба блокнотқа түсіріппін.
Майтан Маханбетова бүкіл саналы ғұмырын өскелең ұр¬пақтың тәрбиесіне арнаған жан. Ол ауыл¬дағы іргетасы өткен ғасырдың 1925 жылдары қалан¬ған №29 мектепте 40 жылға жуық ұс¬таз¬дық еткен. (Кезінде мұнда майдангер-ақын Ә.Егізбаев балаларға сабақ бер¬ген. Осы сауат ашу мектебінде атақты шайыр Т.Ізтілеуовтің өзі мұ¬ғалім болыпты деген ауызша дерек бар). Сексен жастан асқан Майтан әжей¬ден есте қалған қы¬зықты бір оқиғаны айтып беруін өтіндім.
«Жастау кезіміз. Жұмыстан келген соң кешкілік сиыр сауып отырғанмын. Қарасан келгірдің малы тентектеу еді, теуіп жібергені.
Ашуланып: «Мал емес, шош¬қа екен¬сің!» - деп¬пін. Мұны жақын жерде жүрген отаға¬сы есітіп қой¬ыпты. Шалым Пірім¬жар жасынан мұсыл¬ман¬шылық жолын берік ұстаған молда адам еді. Кеңестік дәуірдің өзінде жұрттан жа¬сырып, күндіз тере¬зені қа¬раңғылап қой¬ып на¬маз оқитын. Дереу «тәйт!» деп тыйып тастады. Қа¬расам жү¬зі қатулы екен. Ұрысар деп ой¬ладым. Ма¬ған қа¬рата: - Си¬ырдың бас жібін ше¬шіп алып, көшеге алып шық! - деп бұй¬ырды. Жаз¬ған құлда шаршау бар ма, айтқанын екі ет¬пей орындадым. Си¬ыр¬¬ды жетекке ал¬ған мен алда, ол со¬ңы¬мызда, көшені жағалап, жеті үйді аралап шық¬тық. Сол жеті үйдегі ауыл¬дас¬тардан отаға¬сының тапсырма¬сымен: «Мынау шошқа ма, әлде сиыр ма?» деп сұрап шықтым. Бұл іске таң-тамаша қалған көршілеріміз: - Әрине, сиыр, - деп жауап қатып жатты. Мұны қызық көрген ауыл¬дың бар баласы соңымызға еріп жүр. Сөйтіп көршілерден куәлік алып болған соң үйге оралдық. Сиыр¬ды үйреншікті орнына бай¬лап, сауып алдым. Осы оқиғадан соң өмірімде «шошқа» деген сөзді аузыма алған емеспін. Молда шалымның бұл тыйымы бүкіл ғұмырыма сабақ болды. Пірімжар молда әулие адам еді ғой, жа¬рықтық», - деп аяқтады әжей әңгімесін.
Біз осы күні дүкендер мен сауда үйлерінен «Халал ет», «Халал шұжық» деп адал асты іздеп жүріп аламыз. Халал стан¬дартын Оңтүстік Шығыс Азия¬дағы Малайзия мемлекеті тағамға ғана емес, білімге де, денсаулық саласына да, басқаға да баяғыда енгізіп қойыпты. Соның нәти¬жесінде бір кездері жолбарыс жортқан ну орманда тұратын малай халқы қазір әлемнің мықты дамып келе жатқан елде¬рінің бірінен саналады. Сол Ма¬лай¬зияның үлгісін енгіземіз деп жүрсек, мұсыл¬маншы¬лық¬тың жолын берік ұстанған кейбір аталарымыз оны бұрыннан өмір¬лік салтқа айналдырған екен деген ойға келдім.
Енді екі сапардың ерек¬шелігіне келер болсақ, әуелгісінде әкімшіліктің тапсырмасымен жүресің. Ондайда елмен де ара¬ласа алмайсың. Оған уақытың да болмайды. Билік бекітіп берген көліктен қалып қоймайын деп зыр жүгіріп жүргенің. Ал ісса¬парға өз бетіңмен шықсаң елмен емен-жарқын араласып, әңгімеге армансыз қанасың.
Бұрынғылар «Кен асылы - жерде, сөз асылы - елде» деуші еді. Сол рас сөз. Елде әлі де болса жиналмай жатқан ескі әңгімелер баршылық. Соларды ерінбей жинап, жүйелеп бір ізге түсіретін орталық болса шіркін, деп ойлайсың. Ал, елге шығу бір арман.
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ
* * *
«Қасқыр мен журналисті аяғы асырайды» деген екен жазушы әрі журналист Шерхан Мұртаза. Расымен де тілші қауымының баспайтын тауы, бармайтын жері жоқ. Іссапарға қызмет бабымен жиі-жиі шығатын мамандық иелерінің бірі осы - қолына қалам ұстаған қауым десек, қателесе қоймаспыз.Әрине, іссапарлардың бәрі бірдей есте қала бермейді. Әйтсе де кейбіреуінің көкіректе жазулы хаттай сайрап тұратыны бар. Солардың бірі - Көкарал сапары. 2005 жылдың тамыз айының бесінші жұлдызы - адамзат тари¬хындағы айтулы күндердің бірі ретінде кәрі тарих бетіне жазылып қалды. Бұл, әсіресе, Әбдіжәміл Нұрпейісов жазған «Қан мен тер» романындағы балықшылар қауы¬мының бүгінгі ұрпағы үшін ала¬бөтен қуанышты күн болды.
Төртінші тамыз күні айма¬ғы¬мыздағы ақпарат құралдары өкілдерінің бір тобы (автокөлік жүргізушісімен қоса есептегенде барлығы 13 адам) Арал ауданы, Қаратерең ауылын бетке алып жолға шықтық. Сапар мақсаты - Солтүстік Арал теңізіне, яғни Кіші Аралға ғұмыр сыйлаған Көкарал тоспасының ашылу рәсіміне қатысып, сүйінші сұ¬рауға тұрарлық жағымды жаңа¬лықты жалпақ жұртқа жеткізу. Өлі теңізге есепсіз кетіп жатқан мол суды бөгеп, оны Кіші Аралға жіберетін ұзындығы 13 шақы¬рымдық бөгеттің ашылуын көзбен көрудің өзі бір ғанибет емес пе? (Бұған дейін де арал¬дықтар өз күштерімен асарлатып бір мәрте бөгет соғып, алайда оның соңы қайғылы оқиғаға ұласқанын жұрт ұмыта қоймаған болар).
Журналистер жасағының бұл сапарын да әдеттегідей облыстық ішкі саясат басқармасы ұйым¬дас¬тырды. Сырда туғанымен ара¬мызда Арал теңізін көрмегендер де бар екен. «О, көк теңізді өз көзімізбен көретін болдық!» деп қуанысып жатқан да солар. Ортамыздағы үлкендеріміз - Серік Пірназар («Егемен Қазақ¬стан» газетінің сол кездегі мен¬шікті тілшісі) мен «Кызыл¬ордин¬ские вести» газетінің тілшісі Игорь Титенок. «Хабардан» Ха¬ди¬ша Әлімқызы мен Әлхайдар Тұрлыханов, «Қазақстан-Қы¬зылорда» телеарнасынан Елубай Әуезов пен операторы Бауыржан Қожамұратов, «Қоғамдық теледидардан» марқұм бауырымыз Са¬хитжан Бермағанбетов пен операторы Қожақов Ғалымжан, облыстық «Сыр бойы» газетінен Нұрбек Әмиша, ішкі саясат басқармасынан оператор Ерке¬бұлан және т. б. бар.
Қызылордадан кешкі сағат бестің шамасында шығып, Көкарал бөгетінің іргесіндегі балықшылар ауылы - Қара¬тереңге Қазалы ауданы, Жаңа¬құрылыс ауылының үстімен жү¬ріп, түн жарымында жеттік.
- Егер «Шымкент-Самара» автотрассасы бойымен Қамбаш арқылы Қаратереңге бет алсақ, жол ұзарып кетеді. Мұндай уәжді айтқан көлік жүргізушіміз Алтынбек аға. Сонымен «Тойота хайс» маркалы көлігінің жүр¬гізушісі әрі жолбасшымыз айт¬қан қысқа жолды таңдадық. Облыс орталығынан шығарда ұйымдастырушылар: «Сіздерді ауыл әкімі күтіп алады» деген. Алайда біз шалғайдағы елді мекенге жеткенде құм орта¬сын¬дағы ауыл қалың ұйқы құшағына еніп те үлгеріпті. Ат басын әкім¬шілікке тіредік. Тірі пенде жоқ. Кіші әкімнің аяқ астынан аудан орталығына кеткенін әлдекімнен естігенде қабақ шіркін түсіп-ақ кетті.
«Әрі тарт, бері тартпен» біз Айдар есімді жас мұғалімнің үйіне түстік. Ауыл әкімшілігінің маманы солай шешіпті. (Ауылда қонақ үй қайдан болсын?)
Айдар жайдары мінезді жігіт екен. Самаурынға шай қоя жүріп сыртта таза ауа жұтып тұрған жігіттерге өзінің «Жас маманға - 1000 үй» бағдарламасының ая¬сын¬да жуырда ғана баспаналы болғанын, мұнда әлі толық көшіп келе қоймағанын жеткізді. Бей¬мезгіл келген қонақтарды қалай күтемін деп қысылып тұрғаны жүзінен байқалып тұр. Кімге болса да жеті түнде сау етіп жетіп келген бір қора жанның жағ¬дайын жасау оңай шаруа емес, әрине. Өзімізше ақылдасып алып Айдардан: - Ауылда дүкен бар ма? - деп сұрадық.
Үш-төрт жігіт қараңғыда дү¬кенді әзер таптық. Иттерді абалатып жүріп, дүкен иесін шырт ұйқысынан оятуға тура келді. Бір тәуірі, шағын қоржын тамға орналасқан дүкеннің иесі біздің мезгілсіз уақытта кел¬генімізге ренжи қоймады. Сірә, тұтынушының беймезгіл кел¬геніне үйреніп кеткен болса керек. Қара қарғаның миы айна¬латын 40 күн шілденің іші емес пе, түн жарымынан ауса да дүкеннің іші әлі аптап ыстық. Сауданы бастап та жібердік:
- Апа, нан қаншадан еді?
- 50 теңгеден.
- Неге қаладағыдан 2-3 есе қымбат?
- Біз нанды «Зарубежвод¬стройдың» жұмысшыларына тап¬сырыспен дайындап, осы бағамен сатамыз.
- Жарайды, 20 бөлкесін бере қойыңыз.
Қабырғадағы ағаш сөрелер әртүрлі тауарға толып тұрға¬нымен азқазанды жұбататын ештеңе көзге іліне қоймады. Әлхайдар: «Қалбырдағы «киль¬ки» балығын алайық» деп ұсы¬нысын айтты. - 15 дана «киль¬ки» бере қойыңыз, - дедім мен. Сатушы апам сұрағанымызды дереу беріп жатыр. «Әйтеуір «Чипси», «Кириешки» мен түрлі су¬сын¬дардан өзге жейтін бірдеңе табылды-ау!» деп жігіттер қуа¬нып-ақ қалған. Қуанбай қайт¬сін, он сағаттан астам (қараң¬ғыда адасқанымыз бар) жолды артта қалдырып, қияндағы ауыл¬ға келіп тұрмыз. Күн жұма болатын. Бәріміз де жұмыстан шыға сала үйге соқпастан «Көк¬арал қайдасың?» деп тартып кеткенбіз. Асқазаннан да «белгі» түсіп жатыр. Және 15 дана қытай кеспесін алып, барлық азықтарды дорбаға салғалы жатқанбыз. Кенет қалбыр сыртындағы жа¬зуға көзім түсіп кеткені. «Мәс¬саған, безгелдек!» Біздің алып жатқан «килькиіміз» осыдан тура 4 жыл бұрын, яғни, 2001 жылы шығарылған екен. Сақталу мерзімі көрсетілмепті. Қоймада ұзақ жатып қалды ма, әлде шалғайдағы ауылда өз тұты¬нушысын таппаған ба, ол арасын болжап болмадық. Дереу:
- Апа, мынаның жарамды¬лық мерзімі өтіп кеткен екен. Ешкім уланып қалған жоқ па? - деп сыпайылап сұрап жатырмын.
- О не дегенің, балам. Осы ауылдың жүгермектері арақ ал¬ғанда «тіске басарға» үнемі осы «килькиді» алады. Бірақ әлі күнге уланып өлген ешкім жоқ. Ала беріңдер, ала беріңдер, - деп бәйек болып жатыр.
«Тәуекел» десіп, оның 15 дана қалбырын, қытай кеспесінің сонша данасын жол дорбамызға тоғытып, Айдардыкіне тарттық. Келсек, шай да дайын болыпты. Дастарқан басына ұйқылы-ояу әріптестер түгел бас қосты. Ойға алып қалғандықтан ба екен, қалбырдағы балыққа қарай ал¬май, асқазанды сексеуіл шоғы¬мен қайнаған қою күрең шаймен жұбатуға тура келді. Алыс жол¬дан шаршаған қыздар жағы бір-екі шыныаяқ шайдан соң тынығуға кетті.
...Үй егесі ертесіне құлқын сәріден тұрып, келіншегіне қазан көтергізіпті. Салт бойынша қа¬зақ¬қа қонақтан қадірлі ешкім жоқ. Өзге жұртта кездесе бер¬мей¬тін қазақы қонақжайлық деген осы. Шақырылмаған бір қора жан¬ға жатын орын дайын¬дап, дас¬тарқанын қабақ шытпай жая¬тын, бар болса қазан көте¬ретін бізден басқа дархан халық жұмыр жердің бетінде жоқ шы¬ғар, сірә?! (Өзіміздің бойымыз¬дағы жақсы қасиетті, мақтаныш тұтқанның артығы жоқ шығар?!)
Ертесіне күн найза бойы көтерілген тұста Ұлы теңіз бен Кіші Аралды бөліп тұрған Көк¬арал бөгетінің ашылу рәсімі болды. Көз алдымызда – көк теңіздің бір бөлігі. Салтанатты шараға Көк¬аралға тікұшақпен жеткен Үкі¬мет басшысы, аймақ басшысы мен Арал және Қазалы аудан¬дарының әкімдері, іргелес жат¬қан қос ауданның ардагерлері мен балықшылар қатысты.
Әрине, бұл туралы кезінде барлық басылым жазды, теле¬арналар жедел ақпаратты сол күні кешкілік жарыса беріп жатты. Қалың қауымға қажетті ақпаратты жедел жеткізу үшін жеті тәуліктің бір айналып келетін жексенбісі күні де демалмай, тынымсыз жұмыс істейтін тілші қауым кейде бір-бір жарым тәулікте 600-800 шақырымды (біздегі елді мекендерге баратын автожолдардың қандай жағдайда екені өздеріңізге мәлім) жүріп өтеді. Сондағысы жағымды жаңалықты ел-жұртқа дер ке¬зінде жеткізу. Журналист ағай¬ын¬ға жүктелетін жауапкер¬ші¬ліктің қаншалықты ауыр екенін осыдан-ақ бағамдай беріңіз.
Сонау 2002-2005 жылдары облыстық теледидарда еңбек еткен аз ғана уақытта редак¬торымыз Несібелі Рахметова: «Бұл жұмысты жақсы атқарсаң да, шала атқарсаң да еститінің бір атаңа нәлет. Телевидениенің «жаңалықтар қызметі» түсінген жанға жанып тұрған от қой, от» дейтін.....
Былайғы жұртқа оңай көрі¬нетін тілші қауымның қызығы мен қиындығы қатар жүретін өміріндегі осы бір еріксіз езу тарттыратын оқиғаны осымен тәмамдауға да болар еді. Тағы бір шағын хикаяның желісі еске түсе кеткені.
* * *
2006 жыл. Сәуірдің соңғы күндері болатын. Осы жылдың тамызында әйгілі Жиенбай жы¬раудың немересі Көшеней Рүс¬тембекұлы егер көзі тірі болғанда 60 жасқа толған болар еді. Небәрі 27 жасында қыршын кеткен талантты жыраудың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ақмешіт ақшамы» газетінде «Көшеней» атты арнайы бет ашып, сол бетті жүргізу маған жүктелген еді. Редакцияның тапсырмасымен Қармақшы ауда¬нының Ақжар, Тұрмағамбет ауылдарына барып, Көшеней жыраудың көзін көрген, жырын тыңдаған ауылдастарының әңгі¬месін жинағаным бар.К.Рүстембекұлы Тұрмағам¬бет ауылында туған, Ақжарда мек¬тепте мұғалім болып еңбек еткен. Мәскеу қаласындағы М.Горь¬кий атындағы дүниежүзілік әдебиет институты шығыстану бөлі¬мінің аспирантурасына осы Ақжардан аттанады. Сондықтан сапарымды Ақжар ауылынан бастадым. Ауылдағы кітап¬ханада 20 жылға жуық еңбек еткен Күләш Ақмаханованың жеке мұрағатынан Көшенейге қатысты біраз құжаттарды (түп¬нұсқа мен көшірмелері), су¬реттері мен хаттарын тауып, олар¬дың көшірмелерін алдым. Орайы келгенде айта кетейік, Ақжар ауылының кітапханашысы Кү¬ләш Ақмаханова өз қолындағы бар дүниені 2006 жылы аудан орталығы - Жосалы кентінде ашылған Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйіндегі мұражай-кабинетке өткізді. Келер ұрпақ үшін құнды дү¬ниелерді ұзақ жылдар бойы кө¬зінің қарашығындай сақтап, оны мұражайға өткізген Күләш апай¬дың еңбегі қандай құрметке болса да лайық. Мұны ескерусіз қал¬дыру әбестік болар еді.