«МЕН ҚАЗАҚПЫН»
Ұлы Абай Құнанбаев атамыз: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» әр жасөспірімнің бойынан табылып жатса, ертеңгі күнге алаңдау азаяды деген әдемі сөзі бар. Ата-бабаларымыз сүйегі асыл, сөздері өсиетке толы. Бізге үлгі-өнеге.
Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің тірегі. Отбасында жас құрақтай жайқалып өсіп келе жатқан біздер үшін, ата-ана қуанышында шек жоқ. Әрбір ата-ана баласының бойына кішкентай кезінен, ізгілікті, махаббатты, адамгершілікті еңбекқорлықтың дәнін сеуіп, жақсы болып өсуіне ерекше көңіл бөледі. Жастар – қоғамның белсенді күші. Сондықтан уақытша қиындыққа қарамай білім алып, елге қызмет жасауы керек. Бізге әжеміз әрдайым айтып отырады: қара жұмыс істеген адам, қиыншылықтан қашпайды, елемейді. Денсаулығы да мықты болады. Ал жалқау, еріншек адам-ақсаусақ, көрінгеннің көлеңкесінде тығылып жүреді. Тіпті әр-түрлі сылтау айтып әскери борышын өтеп жүріп, қашып кетеді. Ондай адам жігерсіз, жауапсыз, босбелбеу болады. Отанын қорғай алмайды. Кейбір отбасында жастар арасында есірткі мен анашаға тәуелділігі, ішкілік, темекі тарту, қылмыстың көбеюі кездесіп жатады. Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев: «Жастар жалын жүректі, өршіл, намысы биік, рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады» деген қанатты сөзін әр-бір жас көкірегіне тоқып алса деймін.
Ұлттық намысы жоғары, нағыз қазақ жігіттері, көп болса екен! Қандай жағдай болмасын өз азаттығын, бостандығын өз өмірінен артық қойған қазақпыз!
Тазалықты, адалдықты, ел қадірін, жер қадірін білуіміз керек. Біздің рухымыз, тіліміз, дініміз, ұлтымыз, өз тарихымыз бар. Қазақ қашанда өткенге салауат айтып, болшаққа аманат жүгін қалдырған. Қазақстанның қарышты қадамы, бейбіт өмірі, байтақ елінің тыныштығы жастардың қолында! Отанын, тарихын дәріптейтін білімді, іскер, патриот нағыз қазақ жастары көп болсын деп тілеймін!
МЕН ҚАЗАҚПЫН
Көңілдегі жыр-әнімді ақтарамын,
Халқымыды қазақпын деп басқарамын.
Тілімді, дәстүрімді сақтағанмын,
Сен арқылы қазақпын деп мақтанамын!
Қазақ деген халықыпыз асқақтаған,
Жауға тура шығып қас қақпаған.
Көк туым көк төбемде желбіреген
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын!
Сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен,
Татулық пен бірлікті ту еткен.
Тарихта ойып тұрып орын алған,
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын!
Жыр-әніммен шаттанамын,
Жеріме жаулар кірсе бас саламын,
Өз еліме өзім ие болатын,
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын!
Алтынай БЕРІК
№267 орта мектеп оқушысы,
Қызылорда қаласы