АЛТЫН УАҚЫТЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙЫҚ...
Жарық дүниенің есігін ашып, осы өмірге келгеніміздің өзі бір бақыт! Есіңде болсын, сен өмірге бір-ақ рет келесің. Сондықтан алтын уақытыңды пайдалы нәрсеге арнап, соның жемісін көру керек. Кәмелетке толмаған балалардың арасында құқық бұзушылық, шылымқұмарлық, үлкендердің арасында кісі өлтіру, қарақшылық, алаяқтық, тонау, пәтер ұрлығы, нашақорлық, тіпті мас күйінде көлікке отыру, құмар ойын ойнайтындар көбейіп отыр. Жастар арасында кездесетін өзіне-өзі қол жұмсау суицид індетінің өзі бар, оның себебі: қоғамдағы жастардың өз орындарын таба білмеуіне байланысты.
Қазіргі жастардың ғаламторға деген тәуелділігі, айналасында отырған адамнан гөрі, қолындағы ұялы телефонға телміріп отыру, және оны әдетке айналдыру қанға сіңді. Адамдық тәрбиеден жұрдай, кілең атыс-шабыс, жауыздық ойындар баланың санасын улап жатыр. Компьютер мектеп жасындағы баланың досына, ал кішкентайлардың ойыншығына айналды. Тепсе темір үзетін жастарымыздың кейбірі жігерсіз. Біріншіден - өз бетінше шешімі жоқ, ертеңге деген өз көзқарасы жоқ. Екіншіден - бұзақылық жасап, күйзеліске түседі. Үшіншіден - ата-анасының сорына айналып, өз арманына жете алмай өз-өзіне қол жұмсайды.
Осындай нашақорлармен, маскүнемдердің әркетін суицид деп қоя саламыз. Тәртіп болмай іс болмайтындығы атам заманнан белгілі. Ар-намыс дегеніміз арам, жаман іс әрекеттен сақтану, өзіңді қолға алу, дініңді және ақыл санаңды жігерлеп, бағындыру. Абыройлы әке, қадірлі ата, елді қорғайтын намысшыл ер, инаббатты, ибалы, тәрбиелі қыз-ұлт келешегі. Адам болып жаратылдық, ойымызды жетілдіріп, қолымызға кітап алып оқып, еліміздің, қаламыздың қызу қайнаған, заман көшінен қалмай, білімді, саналы болуды мақсат ету керек. Осы өмірде адамдар арасында бірін-бірі сыйлау мен сағыну жетіспейді. Қоғам алдындағы жауапкершілікті ескермей, қылмыс жасайды. Интернетте әр-түрлі зорлық-зомбылық көрсетіледі. Оны қадағалап отырған ата-ана болса жақсы. Сол көрсетілімдерге халықтың еті үйреніп кеткен. Ел боламыз десек, жауапкершілікпен қарайтын кез жетті. Мұндай сұмдықтарды, ата-ана, мектеп, қоғам болып тәрбиелеуіміз керек.
Ата-әже, әке-ана тәрбиесін алып, уызға жарып, рухани тәрбие алған адам қылмыскер болмайды. Күнделікті өтіп жатқан өмірдің, ата-ананың, бауырдың т.б қадірін білейік! Отан, Ұлт, Отбасы деген түсінік болса қандай жақсы. Ата-әжеміз бен әке-анамыздың әлпештеген аялы алақанында еркелеп, мәз-мәйрәм болып, ұямыздың берекелі ақ дастарханында дәм татып, білімді, еңбекқор болып, бостандықтың қадіріне жетейік. Ата-аналар отбасындағы балаларын нағыз еркек етіп тәрбиелеудің орнына әлжуаз, бос, ерке етіп өсіреді. Қалаған затын әперіп еркелетеді. Мысалы: спорт мектептері бар, мұз айдыны, бокс, футбол, күрес т.б. Бұрынғы отызда орда бұзып, қырықта қамал алатын жігіттеріміз қайда? Неге құлқынның құлы болады? Арақ, темекі,т.б зиянды заттар атамыздан қалған ас па еді? Кешегі 14-15 жастағы ел билеген Төле би, Жастайынан жалындаған Ғани Мұратбаев секілді, ел болашағы үшін елеңдеудің орнына, ұлдардың бүгінгі кейіпі осындай болып бара жатыр. Еліміздегі қылмыс, зорлық-зомбылықты естісеңіз жаныңыз түршігеді.
Тура жолдан тайып, дәстүрлі емес ағымдарға еріп, өз отбасынан қашып, елін сатып, ел асып жүрген азаматтарымызға не дейсің? Миссионерлердің ортасына кіріп, шыға алмай қалған, бір сектаның жетегінде шет ел асып кеткен жерлестеріміз көп. Бұл не сұмдық? Олар есінен айырылып келешегін ұмытып өзгенің езгісінде қалады. Бүгінігі жастарымызды тәрбиелеуде ата-ананың емес, ғаламтордың ролі басым.
Өйткені жастар компьютерден күнделікті көріп отыр. Енді діни экстримизм мен тероризмге қарсы күресті тоқтату маңызды. Қазақстанның әрбір азаматы осы іске өзіндік үлесін қосып жатса, бүтінімізді, тұтастығымызды ешкім де бұза алмайды. Өз өмірімізді босқа өткізбей, уақыттың өлшеулі екенін, қадірін түсінсе деймін. Абай атамыз өз өлеңінде уақыттың қадірін тамаша бейнелеген:
Сағаттың шықылдағаны емес ермек,
Үнемі өмір өтпек, ол білдірмек.
Бір минут, бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті өлді, тағдыр жоқ қайта келмек
Сағаттың өзі ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген күнде ұрлаған
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді-кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас, бұлдыр заман.
Өмірдің, денсаулықтың қадіріне жетіп, жаман әдеттерден арылып, салауатты өмір салтын ұстанайық. Қазақ Елінің білімді, еңбекшіл, қайсар азаматы болайық!
Алтынай БЕРІК,
№267 орта мектеп
5 сынып оқушысы
Қызылорда қаласы