БОЛАШАҚТА МҰЗҒА СКРИПКАМДЫ АЛЫП ШЫҚҚЫМ КЕЛЕДІ
14 наурыз күні Венгрияның Дебрецен қаласында мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі басталады. Бізге осы додада Қазақстанның намысын қорғайтын Элизабет Тұрсынбаевамен әңгімелесудің сәті түскен еді. Сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
– Элизабет, ең алдымен, Лиллехаммерде өткен жасөспірімдер арасындағы ІІ Қысқы Олимпиадада қол жеткізген қола жүлдеңмен құттықтаймыз!
– Рахмет!
– Жарыс алдында арқаңның ауырғаны, аяғыңның жарақаты сенің қола жүлде алуыңа өз әсерін тигізген сияқты.
– Иә, сол себепті қаңтардың соңында он күндей жаттығуымнан қалдым. Әсіресе, аяғымның конькидің бауы байланатын жері жазылмай, біраз әбігерге салды. Тіпті аға бапкерлерге «жарысқа бара алмай қалуымыз мүмкін» деп алдын-ала ескертіп қойдық. Бірақ, ақырында тәуекел деп, мұзға аяғымды таңып шықтым.
– Еркін бағдарламаны орындау кезінде құлауыңа да сол жарақат ықпал етті ғой?
– Иә, өзіңіз де байқаған боларсыз, қадам жасау (дорожка шагов) элементін соңына дейін жеткізуге күшім жетпеді.
– Күміс жүлдеге ие болған ресейлік фигурист Мария Сотскова екеуіңнің араңдағы ұпай айырмашылығы (қоссайыс нәтижесінде) 2 балға да жетпейді. Бұл көрсеткішті қалай қабылдадың?
– Қысқы олимпиадаға ең жоғары рейтингпен (1920 бал) бардым. Өз формамда болсам, бірінші орын алатыныма сенімді едім. Алайда, жарақатымның кесірінен жеңіске бір қадам жетпей қалдым. Дегенмен, лайықты өнер көрсетіп шықтым деп ойлаймын. Алда қатысатын тағы бірнеше жарысым болғандықтан, бүкіл күшімді сарқып алмауым керек болды. Ата-анам мені тағы жарақат алып қала ма деп қорықты.
– Қазір қандай додаға дайындалып жатырсың?
– 14-20 наурыз аралығында Венгрияның Дебрецен қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігіне қызу дайындық жасап жатырмын. Бұйырса, ай соңында АҚШ-тың Бостон қаласында өтетін ересектер арасындағы әлем біріншілігіне барамын. Ал, сәуірдің аяғында Американың Спокан қаласында өтетін «Team Challenge Cup» топтық финалына Азия құрамасымен бірге қатыспақпын. Азия құрлығының атынан баратын қыздар: мен, Мао Асада және Канако Мураками. Ал, жігіттердің қатарында отандасымыз Денис Тен бар.

– Өткен жылы әлемдік деңгейдегі 12 турнирге қатысқан екенсің. Есіңде ерекше қалғаны қайсы?
– 2015 жылдың 14 ақпанында 15 жасқа толғанымда, Халықаралық коньки тебушілер одағы маған ересектер арасындағы жарыстарға қатысуға рұқсат берді. Өткен күзде «Skate Canada Autumn Classic» халықаралық турнирінде (ересектер категориясы) бірінші орын алдым. Дәл осы жетістік менің өзіме деген сенімімді одан сайын күшейтті. Жалпы, өткен жыл мен үшін өте жеміс жыл болды.
– Сәтсіздіктер мен жеңілістерді қалай қабылдайсың?
– Өмірде ешқандай жеңістің оңайлықпен келмейтінін білемін. Сондықтан, сәтсіздіктер мені одан сайын ширата түседі. Қиналған сәтте анам қолдау көрсетеді, керек жерінде кеңесін айтады. Сондай-ақ, туған қалам Қызылордаға барғанда көп энергия жинап қайтамын. Туған елімде мені көптеген адамдардың білетіндігі, олардың маған тілеулестігі бойыма қанат бітіреді. Лиллехаммерде өткен додаға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен, Қызылордадан жанкүйерлерім келді. Бұл да – мен үшін зор қуаныш.
– Күнделікті дайындыққа қанша сағат арнайсың?
– Таңертең, түсте және кешке бір сағаттан жаттығамын. Әрбір дайындықтың алдында және дайындықтан кейін арнайы жаттығулар жасаймын. Таңғы уақытта сергек тұрғандықтан, қиындау элементтерге дайындаламын. Ешқашан шаршадым, ерініп тұрмын деп айтқым келмейді. Нақты бір нәтижеге қол жеткізу үшін көп тер төгу керек қой. Кішкене күнімде күніне алты сағаттан, аптасына алты рет дайындалатынмын. Спорт уақытылы тамақтануды, сонымен қатар, салмақты да бірқалыпты ұстап тұруды талап етеді. Сондықтан, жүйелі әрі дұрыс тамақтанамын. Отандастарымның маған артқан үміті зор жауапкершілік жүктейді.
– Сабақ үлгерімің қалай?
– Мен Астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының 11 сынып оқушысымын. Қазір Торонтода тұрып жатқандықтан, сабақты қашықтықтан оқимын. Арасында келіп, емтихандарымды тапсырып кетемін. Ұстаздарымның менің жағдайыма түсіністікпен қарайтыны қуантады.
– Биыл мектепті тәмамдайды екенсің. Қандай жоғары оқу орнына түспек ойың бар? Торонтода оқығың келе ме?
– Шетелде оқуға шамам келмес. Өйткені, менің қатысатын жарыстарым мен жаттығуларым көп. Бір ай елде, бір ай Мәскеуде, бір ай Торонтода көшіп-қонып жүремін. Астана не Алматыдағы спорттық жоғары оқу орындарының біріне құжат тапсыратын шығармын.
– Ағаң Тимур мәнерлеп сырғанау спортынан талай халықаралық турнирде топ жарып, танылған еді. Соңғы кездері көрінбей кетті.
– Тимур қазір жарақатына байланысты спорттық сайыстарға қатыспайды. Бүгінде Таразда заңгер мамандығында оқып жүр. Кезінде ел чемпионы болды, халықаралық турнирлерге шықты. Жалпы, біздің спортқа келуімізге әке-шешеміз тікелей себепші болды. Олар ағам екеумізді кішкентай күнімізден спорт мектебіне, музыка мектебіне тасып, жарыстан жарыс қалдырмай апарды. Тіпті, әкем біздің болашағымыз үшін керек болар деп, Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясын бітіріп алды. Ұйымдастыру, жаттықтыру жұмыстары сол кісінің мойнында. Мен бір жарыстан қалып қойып жатсам, әкем өзін кінәлі сезінеді. Сондықтан, ата-анама айтар алғысым шексіз.
– Саған кімдер демеушілік етеді?
– Өзім Мәскеуде дүниеге келгендіктен, 2013 жылға дейін жарыстарға Ресейдің атынан шығып жүргенімді білетін боларсыз?! Бірақ, ата-анам да, мен де әлемдік додаларда Қазақстанның көк туын желбіретуді қатты армандадық. 2013 жылдың жазында әкем елге келіп, жағдайымызды ел ағаларына түсіндірді. Содан бері Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жақсы көмектесіп келеді. Сондай-ақ, 2014 жылдан бері «Қазгермұнай» компаниясы қаржылай қолдау көрсетеді.
– 2013 жылдан бері даңқты бапкер Брайан Орсерден тәлім алып келесің. Брайанмен қалай таныстың?
– Алдымен, бапкерге «youtube» арнасындағы видеоларымның сілтемесін қосып, хат жаздық. Ол кезде Ресейдің ішкі турнирлерінде біраз танылып қалған едім.
– Брайан Орсер Ванкувер олимпиадасының чемпионы Ким Ё На мен Сочи олимпиадасының чемпионы Юдзуру Ханюды жаттықтырғанын білеміз. Өз бағдарламаларыңа Ким Ё На өнер көрсеткен кей композицияларды таңдап алғаныңды байқадық. Бұған не себеп болды? Ким Ё Наға еліктейсің бе?
– Мен оның шеберлігін бағалаймын, бірақ, еліктемеймін. Болашақта мұз үстіндегі өзіндік дара мәнерімді тапқым келеді. Композицияларды негізінен өзім таңдаймын (Элизабет Мәскеудегі А.С. Аренский атындағы музыка мектебін «скрипка мен фортепиано» класы бойынша бітірген – ред.). Көңіліме жаққан әуенге шабыттанып, жақсы сырғанаймын. Мысалы, маған Барбра Стрейзандтың орындауындағы «Papa, can you hear me?» әні қатты ұнайды. Ол менің әкеме деген алғысымның көрінісі секілді.
– Қызылордалық телеарнаға берген сұхбатыңда алдағы уақытта мұзға скрипкаңды алып шыққың келетінін айтқан екенсің.
– Иә, ондай ойым бар. Скрипканы ортаға қойып, соны айнала сырғанап, сосын қолыма алып, көрерменге өзгеше қойылым ұсынғым келеді. Қазір сюжеттерді іштей ойластырып жүрмін. Дайын болғанда, көре жатарсыздар!
– 2017 жылы Алматыда өтетін универсиадаға қатысасың ба?
– Ол жағы әлі белгісіз. Өйткені, универсиадаға қатысуға менің жасым жетпеуі мүмкін.
– Ең үлкен арманың қандай?
– Арманым көп, бірақ, оны жар салып айтқым келмейді (күлді). Айтсам, орындалмай қалатындай көрінеді.
– Мұз үстіндегі негізгі бәсекелестерің кім?
– Негізгі бәсекелестерім – жапон және орыс қыздары. Біздің бір-бірімізден үйренеріміз көп.
– Бос уақытыңда немен айналысасың?
– Тамақ әзірлегенді ұнатамын. Фильмдер қараймын, бірақ, оларды есте сақтамаймын. Өйткені, миымда ақпарат көп. Алдағы уақытта киім тігуді үйренгім келеді. Сахналық костюмдерімді өз қолыммен тіксем, керемет болар еді.
– Ең соңғы сұрақ: есіміңді Элизабет деп кім қойды?
– Анам мені Элизабет Тейлордың құрметіне осылай атаған екен.
– Әңгімеңе рахмет! Жеңісті күндерің көп болсын!
Әңгімелескен – Роза ӘРЕН
«ел.кз»