«ҚАЗАҚ СПЕКТАКЛІНЕ МЫҚТЫ, ТАЛАНТТЫ РЕЖИССЕРЛЕР ЖЕТІСПЕЙДІ»
Қазақ киносының жаңа жұлдызы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі, Астана жастар театрының талантты актері Дәурен Серікбекұлы Серғазин облыстық «oldkaz.kyzylorda-news.kz» интернет газетінің оқырмандарымен ой бөлісті.
Театрға, жалпы өнерге деген махабатыңыз қай уақытта оянды, бала күніңізде ме?
Бала күнімізде көп нәрсе армандаушы едік қой, ал әртіс мамандығына мектептің жоғарғы сыныптарында оқып жүргенде қызыға бастадым. Әртіс болсам деп армандайтын ауылда өскен әр баланың әу бастағы қалауы көбіне кино актері болу. Өйткені қарапайым ауыл тұрғындары үшін «қолға ұстап көрмеген» театрдан гөрі теледидиардағы кино жақын. Менің де бастағы арманым кинода ойнау болатын. Театрға деген махабатым оқуға түсіп, ұстаздардан тәлім ала бастаған кезде, осы ортаның сорпасына бірге қайнай бастағанда ашылды десем де болады, сол орта мені еркімнен тыс баурап әкетті. Келе-келе театрмен ауыратын болғанымды байқамай да қалдым.
Қай елдің азаматысыз? Отбасыңыз жайында айта отырсаңыз?
Мен 1984 жылы Теміртау қаласында дүниеге келдім. 3 жасымда отбасым Талдықорғанның Капаларасан ауылына көшіп келді. Қарапайым отбасында өсіп-тәрбелендім, орта мектепті де сол жерде бітірдім. Өзімнен үлкен апкем мен ағам, қарындасым бар. Өзім де отбасылымын. Жарым Мәдинамен Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында бір топта оқыдық. Бүгінде Айлун есімді бір қызымыз бар.
Кімнің шәкіртісіз?
Менің ұстазым – еліміздің мәдениет және өнер саласында өзіндік ойып алар орны бар, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Қазіргі таңда Астана жастар театрының көркемдік жетекшісі, әрі режиссері.
Қандай рөлдерді сомдағанды ұнатасыз? Ең сүйікті образыңыз қандай? Қандай кейіпкерді сомдағыңыз келеді?
Қазір маған барлық рөлдер қызық. Өзімді түрлі образдарда – басты, екінші пландағы, эпизодты, комедиялық, трагедиялық рөлдерде сынап көргім келеді. Сондықтан театрда рөл таңдамаймын. Шүкір, қазіргі таңда біршама рөлдерім бар. Бірақ енді генерал болғысы келмейтін солдат жоқ секілді, Уильям Шекспирдің «Гамлетін» ойнағысы келмейтін актер кемде-кем шығар. Жақсы-жақсы спектакльдер қойылып, күрделі рөлдер болып жатса неге ойнамасқа.
Бір рөлді дайындап шығаруға қанша уақыт керек?
Қойылымның күрделілігіне байланысты әркезде әрқалай. Бір-екі апта немесе бір ай, кейде тіпті лезде алып кетесің. Сондай-ақ, кино мен театрдағы рөлдер сырт көзге ұқсас болғанымен, дайындалу әдісі екі бөлек. Арасы жер мен көктей. Екеуінің де қиындығы, екеуінің де жеңілдігі бар. Дегенмен, театр көп тер мен физикалық күшті қажет етеді.
Сахна алдындағы қорқыныш болды ма? Әлі де болады ма?
Сахна алдындағы қорқыныш, меніңше, әрбір актердің басында міндетті түрде болатын жағдай. Жүздеген көрерменнің алдында өзіңді еркін сезіну, қойылымдағы образыңа ену, еніп қана қоймай көрерменнің жүрегіне жеткізе білу оңай шаруа емес. Сондықтан, жас болсын, тәжірибелі болсын әртіс сахна алдында қобалжиды. Бұл оның кәсібилігінің деңгейін емес, керісінше, көрерменге деген құрметін көрсетсе керек.
Қазақ спектакліне не жетіспейді және қандай артықшылығы бар?
Қазір үлкендер арасында «қазақтың драматургиясы жоқ» деген пікір көп айтылып жүр. Сондай-ақ, қазақ спектакліне мықты, талантты режиссерлер жетіспейді дер едім. Бір театрға бір режиссер - бұл өте аз. Көбі сол кино саласында жүргенді ұнатады. Ал артықшылығына келсем, бізде өте талантты, жұлдызы жарқыраған актерлер баршылық.
Өзіңізді шығармашылықтың адамы емес, басқа мамандықта елестетіп көріңізші. Әртіс болмағанда кім болар едіңіз?
Бұл жайында мүлдем ойланбаппын. (күліп)
Әртістер арасындағы достық жайында не айтасыз? Рөлге таласу, бақталастық, қызғаныш деген сезімдерге көзқарасыңыз?
Театрдағы жұмыс ұжымдық болғаннан соң, мұнда достықсыз, бір-біріңе деген сенімсіз үлкен дүниелер жасау мүмкін емес. Біздің ұжым арасында бәсекелестік, басты рөлге таласу деген болып көрмепті. Қайта «соңғы түйенің жүгі ауыр» демекші, басты рөлдегі әртісімізді жан-жақты қолдап, қолымыздан келген көмегімізді көрсетуге дайын тұрамыз. Өйткені біздің мақсатымыз бір. Жақсы шыққан қойылым – бұл театрдың абыройы. Бастысы өзіңе өзің сенімді болсаң болғаны. Қызғаныш – сенімсіздіктен туатын сезім.
Қазіргі таңда жас, әрі талантты режиссерлеріміз өкше басып келеді. Жас жүрген жерде жаңашылдық та жоқ емес. Дегенмен, классиканың жаңа шегін тауып, заманауиландыруға көзқарасыңыз қандай?
Қанша көрермен болса, сонша талғам бар. Әр жанрдың өз көрермені бар. Сондықтан классикалық шығарманы әр түрлі форматта бергеннің айыбы жоқ деп ойлаймын. Бәрін де көру керек. Осындай жаңашылдық арқылы театр көрермендерінің қатары көбейіп жатса құба құп. Қойылымның сыншысы да, таразышысы да – халық. Жақсы шығарманың ғұмыры да ұзақ болады. Ал егер қалың жұртшылықпен қабылданбаса сұрыпталып-сұрыпталып, көшке ілесе алмай, өзі де қалып қояды.
Көрермендерге не айтар едіңіз?
Әрбір әртіс үшін көрерменнің ыстық ықыласын, құрметін сезіну үлкен бақыт. Әртіске арнап соғылған шапалақ оны қанаттандырып, одан әрі еңбек етуге шабытын ашады, одан әрі көрерменнің көңілінен шығу үшін тер төгеді. Рухани әсер алғысы келген ағайындар болса, театрға келіңіздер демекпін.
Келелі сұхбатыңызға рахмет. Сізге шығармашылық табыс тілейміз.
Сізге де рахмет!
Акнұр ЖАҒЫПАРОВА