1 МЛН.-НАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылғалы бері елдің қолы ұзарды. Бұрынғыдай сабылып жүрмей, бір жерден бірнеше шаруасын тындырып шығады. Халықтың ғана емес-ау, көптеген мемлекеттік мекемелердің жұмысы жеңілдеді. Бұл бір жағынан, бір жапырақ қағаз үшін есік күзеттіріп, одан қалды бірдеңе дәметіп отыратын кейбіреулер үшін сауап болды. Қай кезде болмасын, нөпір халық кіріп-шығып жатқан мекеменің мамандарына алғыстан басқа не айтарсың?!
Халықпен жұмыс жасау – оңай емес. Басқа қалаларды қайдам, әйтеуір, Қызылордадағы қызметкерлердің қызметіне көңіл толады. Біз «Халықа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Аида Әбибуллақызымен сұхбаттасқан едік.
- Аида Ибрагимқызы, алдымен өткен жылы жасаған қызметтеріңізге тоқталып өтсек...
- Филиал өткен жылы 1 млн.-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Нақтырақ айтқанда, 1 млн. 272 870 қызмет, оның 20 608-і – электрондық форматта. Орталықта қазіргі уақытта 212 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның 191-і бұған дейін көрсетіліп келсе, 2015 жылы 21 жаңа мемлекеттік қызмет пилоттық режимде іске қосылып, халықтың сұранысын қанағаттандыруда. Мәселен, жаңа қызметтерге «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі», «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі», «Салық және (немесе) өсіммпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту», «Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (кезінде салықтық нысандарды қабылдау)», «Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу», «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және істалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру», «өлшем қіралдарының типін бекіту туралы сертификат беру», «Метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» т.б. секілді қызметтер жатады.
- Орталық қызмет тұтынушыларға қаншалықты жағдай жасап отыр?
- Жалпы, Халықа қызмет көрсету орталығында аталған мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалған. Орталықта азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үдеріс негізінде жүзеге асырылады. Кедергісіз қызмет көрсету мақсатында бірыңғай электрондық кезек енгізіліп, қызмет талон арқылы көрсетіледі. Әрбір тұтынушы өзіне қызмет көрсетілгеннен кейін ХҚКО қызметкерінің жұмысына қосымша монитор арқылы «жақсы», «қанағаттанарлық» және «нашар» деген баға қояды. Сонымен қатар қызмет алу барысында тұтынушыларды веб-камера арқылы суретке түсіру жүйесі бар, біл Орталықа жүгінген азаматтың өзі келгендігін растау, оның жеке басын сәйкестендіру мақсатында енгізілген. Арнайы база негізінде күту уақыты, құжатты ресімдеу уақыты, талон арқылы қызмет көрсету, қызметті бағалау үдерісіне мониторинг жүргізіліп отырады.
ХҚКО-ның барлық бөлімдерінің күту залында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған. Қазіргі таңда осы «Сonection point» қызметі арқылы 223 қызмет түрі көрсетіліп, 21 мыңға жуық электрондық анықтамалары берілген. Орталықа келген мемлекеттік қызметті алушының «Электронды үкімет» порталы арқылы мекенжай анықтамасы, салымшы қаражатының қозғалысының түсуі, соттылығы бар не жоқ екендігі туралы, мүлкі бар не жоқ екендігі туралы анықтама беру, тұрғын үйдің, балабақшаға қою кезегін көру, неке тіркету секілді мемлекеттік қызметтерді дербес өзі алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік кірістер департаменті арқылы жасалатын төлемдердің барлық түрін осы қызмет көрсету секторы арқылы қолдануға болады.
Сондай-ақ, айтып өтейін, облысымызда шалғай елді мекенде орналасқан тірғындарға мобильдік ХҚКО қызмет жасайды. Біл ретте аудандық әкімдіктермен іс-сапар кестелері бекітіліп, соның негізінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызметтің жай-жапсарына тоқталсаңыз.
- Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі жеңілдетілді. Нақтырақ айтсақ, 1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өтініш береді. Соның негізінде ХҚКО қызметкері өтініш иесінің үйіне барып, мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл қызмет І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ғана жүргізіледі. Жыл көлемінде 35 394 мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетілсе, 2014 жылы біл көрсеткіш 20 014 болған.
- Қазір жұрт жүргізуші куәлігін мамандандырылған орталықтарыңыздан алатын болды. Олай болғанына көпшілік қуанышты да...
- Иә, өткен жылы облыс тұрғындары үшін басты жаңалық - автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған Мамандандырылған ХҚКО тестілік режимде іске қосылды. Наурыз айында өз қызметін бастаған орталық бүгінгі күнге дейін 20 600 құжат қабылдап, қала тұрғындарына сапалы қызмет ұсынды. Оның ішінде 74 жоғары сұранысқа ие нөмірлер сатылып, оның нәтижесінде мемлекет бюджетіне 24 млн. қаражат түсті.
- Орталық мамандарының қоғамдық шаралардағы белсенділігі қандай?
- Филиал қоғамдық шараларға белсене қатысады. Атаулы мерекелерде қарттарымызды, бүлдіршіндерді құттықтау - біздің қызметкерлердің әрқашан басты назарында. Орталықтағы «Халық» бастауыш партия ұйымы ата-анасынан айырылған 12 жасар Нұрбақыт Берікұлына қамқорлық жасайды. Осыған байланысты баланың атынан есепшот ашылып, оған 18 жасқа толғанға дейін қаражат аударылып отырады. Сонымен қатар оған «Мектепке жол» акциясы бойынша киім-кешек, оқу құралдары мен ақшалай қаражат және спорт күніне орай велосипед берілді. Ал балалар күніне орай ақыл-есі кем балаларды тәрбиелейтін психоневрологиялық орталықтағы балаларға қайырымдылық шарасы көрсетіліп, жазғы маусымда суға түсу үшін бассейн табысталды. Осындай игілікті іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын тауып отырады. Сондай-ақ сайыстарда жеткен жетістіктері де баршылық. Айталық, мемлекеттік тілді дамыту бағытында өткізілген «ХҚКО» РМК мемлекеттік тілді дамыту бойынша үздік филиал» республикалық байқауында жүлделі І орынды иелендік. Қызылорда қаласының №1 бөлім инспекторы Тамара Шарипаева Павлодар қаласында өзге ілт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында өткізілген республикалық байқауға қатысып, жүлделі І орынды иеленді. 2015 жылы «Нір Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» облыстық байқауында Филиалдың «Халық» бастауыш партия ұйымы І орынды иемденді.
2015 жылы Астана қаласында «ХҚКО» РМК қызметкерлерінің республикалық кәсіподағының ұйымдастыруымен Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің арасында өткізілген республикалық фестивальде біздің қызметкерлер «Үздік ансабль» номинациясы бойынша ІІІ орынды қанжығасына байлады.
- Әңгімеңізге рахмет!
Әңгімелескен Н.САУЯЕВ