СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні. 2004 жылғы 9 желтоқсаннан бастап Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясы бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін халықаралық ұйымдар атап өтеді. Ондағы мақсат – Бас ассамблеяның қарарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемаларын анықтап, Конвенция рөлінарттыру. Біздің еліміз де 2008 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясына қосылып, оның шарттарын жүзеге асыруда.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Қарымсақовпен сұқбат құрудың сәті түсті.
- Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманғы қоғамның аса бір көкейтесті мәселелерінің бірі. Онымен күрес бағыттары қандай?
- Иә, расында, биыл әлемде 11-ші рет Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні аталып өтуде. 2003 жылдың бұл күнінде мексикалық Мерида қаласында 2003 жылы 1 қарашада Бас ассамблея қабылдаған Бұұ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қою үшін жоғары деңгейлі саяси Конференция ашылғаны белгілі. Оған 150-ден астам мемлекет конвенцияның мүшесі ретінде енді. Ал біздің еліміз бұл Конвенцияны 2008 жылы ратификациялап, оның шарттарын жүзеге асыруда.
Өзіңіз айтып өткендей, кез келген дамыған қоғамда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бірден-бір күрделі және маңызды мәселе. Жемқорлық мемлекетті ішінен құлдыратады, кәсіпкерлікті және азаматтардың іс - әрекеттерін бәсеңдетеді, қоғамдағы тұрақтылыққа зиян келтіреді.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарын нақты бағалап, осы қауіпті құбылысқа қарсы тұруды басты мақсат етіп айқындады. Сондықтанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру біздің еліміздің мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдылығы ретінде қаралады. Соңғы жиырмажылдықта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру саласында айтарлықтай құқықтық база қалыптастырылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, тұтастай алғанда ТМД бойынша да жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауында жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге баса назар аударады. Әлемдегі даму әлеуеті жоғары 30 елдің санатына қосылу үшін еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділік сапасын көтеру қажеттігін, бұл ретте 2015-2025 жылдарға дейінгі кезеңге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы да қабылданды.
Тарихи кезеңнің бірі – Елбасының Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізіп, мемлекеттік органдардың сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін жаңа арнайы органды құру туралы саяси шешім қабылдануы болды. Биыл жарияланған «100 нақты қадам» ұлт жоспарында да сыбайлас жемқорлық мәселесі қамтылды.
Ал ағымдағы жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
- Жаңа «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң төңірегінде әңгіме қозғасақ... Жаңа Заңның қабылдануына не түрткі болды? Оның қолданыстағы Заңнан айырмасы неде?
- Қол қойылған Заңдар «Нұр Отан» Фракциясының депутаттары Агенттікпен бірге Парламент Мәжілісінде әзірленді және Мемлекет басшысының бастамашылығымен айқындалған 5 институционалдық реформаны, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламаны іске асырудың маңызды серпіні болып табылады.
Заңдарды әзірлеуде Финляндия, ұлыбритания, Норвегия, АҚШ, Бельгия, Франция, Германия, Австралия, Австрия, Швейцария және өзге де мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алғы тәжірибесін зерделеу бойынша көлемді жұмыс атқарылды.
Заңдар қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтың көріністерінен қорғау деңгейін арттыруға бағытталған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» қолданыстағы Заңынан түбегейлі ерекшеленеді және оның негізгі басымдылығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
Бұл үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық қатерлерді талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу сияқты жаңа институттарды енгізу арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту қарастырылған.
Заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың - кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын енгізу, мүдделер қақтығысын және оның алдын алу мен шешу бойынша шараларын регламенттеу, мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тулғаның және оған теңестірілген тулғалардың шығын көздерін декларациялау, белгілі бір тұлғалар шеңберінде активтер мен міндеттер туралы декларациядан, сондай-ақ мүліктер мен кірістер туралы декларациядан мәліметтерді жариялау сияқты кешенді шаралары қарастырылуда.
Нормаларды және қызметтік этика ережелерін бұзуды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтан шектеу мақсатында Заңмен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілік алынып тасталды.
Сыбайлас жемқорлық субъектілерінің жауапкершілігі қылмыстық және әкімшілік заңнама арқылы қарастырылатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде Агенттіктің үйлестіруші рөлін белгілеу маңызды жаңалықтардың бірі болып табылады. Мемлекет басшысына ұсынылатын елдегі сыбайлас жемқорлықтың жағдайын және таратылу тенденциясын айқындайтын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы» жыл сайын Агенттікпен дайындау осындай үйлестіру формаларының бірі болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын қабылдау және бірқатар заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізу сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамның және бизнестің күш-қуатын пайдалануға және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
- Жаңа Заңның негізгі басымдылығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады деп айтып өттіңіз. Құрылған орган алдына да кінәлілерді жазалау ғана емес, сыбайластықтың пайда болу шарттары мен себептерін анықтау, оның алдын алу міндеті қойылған. Осы ретте аталған бағыт бойынша Департаментпен өңірімізде жүргізіліп жатқан шаралар қандай деңгейде жүріп жатыр?
- Жұмысымыздың басты бағыты болып сыбайлас жемқорлық себептерінің алдын алу басты мақсат ретінде белгіленіп отыр. Яғни, алдымызда - жемқорлық фактісін анықтап, кінәлілерді жазалау ғана емес, сыбайластықтың пайда болу шарттарымен себептерін анықтау стратегиялық міндеті тұр. Атап айтсақ, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, жемқорлықтың жасалуына ықпал ететін жағдайдың көлемін кеміту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған іс-шараларды кеңінен жүргізу.
Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оған деген «мүлдем төзбеушілік» қағидатын орнату, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар мемлекеттік органдарда талдау жұмыстарын жүргізу және оның деңгейін төмендету мақсатында Департаментпен біршама шаралар атқарылуда.
Осы уақыт аралығында облыс аумағында (оның ішінде: мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қызметшілер, діни бірлестік өкілдері, кәсіпкерлік салалары, жастар және басқада әлеуметтік топтар) 144 дәрістер мен құқықтық оқытулар, 115 семинар, семинар-тренингтер, 14 тәжірибелі конференция, әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерімен 33 «дөңгелек үстел», 28 ауқымды кен көлемді шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Мемлекеттік органдарда өткізілген профилактикалық шаралар 4000-ға жуық мемлекеттік қызметшілерді қамтыды.
Мысалға, сәуір айында Департаменттің бастамасымен республикада бірінші болып Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы драма театрында сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы алатын жағымсыз орнын көрсету мақсатында спектакль қойылымы ұйымдастырылды.
Білім мекемелерінің тәрбие беру жоспарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарды қосу қолға алынып, жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» модельді пәнін элективті пәндер каталогына қосылып, барлық оқу орындарының тәрбие беру жоспарларына сыбайлас жемқорлық мәселесі қосылуда. Сондай-ақ жүйелі түрде қоғамдық қабылдаулар өткізіліп, тұрғындарға сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады және мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі азаматтардың құқықтары тақырыптарындағы кеңестер беру бойынша жұмыстар да жүргізілуде. Біз біржолғы акциялармен және науқандармен шектеліп қана қоймаймыз.
Қоғамның қолдауынсыз жоғарыда жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек ішінара нәтиже беретіндігі, баршамызға мәлім. Агенттік халықпен кері байланысты Кеңес беру орталығы «1494» нөмірі арқылы жүзеге асырылуда. Байланыс орталықтарының(Call-center) қызметкерлері тәулік бойы азаматтарға заңнама нормалары мен белгілі бір сыбайлас жемқорлық жағдайында әрекет ету тәртібі жайлы түсіндірмелер беріп отырады. Күн сайын азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.
Сондай-ақ осы мақсаттағы жұмыстың тиімділігін арттыру және бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту мақсатында Агенттікпен ынтымақтастық туралы «Ашық келісім» әзірленген болатын.
Ашық келісім сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға жалпы қоғамдық күштің біріктірілуін көздейді және осы ұсынылып отырған жаңа бағыт барлық азаматтық қоғам институттарымен біркелкі келісім жасауға ыңғайлы механизм болып табылады. Келісім кез келген ұйымдармен қоса жеке азаматтармен де келісімге келу арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиімді шаралардың өтуіне мүмкіндік береді деп сенеміз. Қазіргі уақытта бірқатар ұйымдар келісімге қосылып, осы бағыттағы жұмыс шеңберлері айқындалып жатыр.
Жүргізіліп жатқан шаралар жемқорлықтың зұлымдығын түсіндіруге мүмкіндік беріп, азаматтардың сыбайлас жемқорлықтың қабылдамау және оған қарсы мәдениетті қалыптатыруға септігін тигізеді деп тұжырымдаймыз.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар мемлекеттік органдарда талдау жұмыстарын жүргізу және оның деңгейін төмендету жұмысына тоқталып өтсеңіз...
- Департаментпен мемлекеттік органдардың қызметтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында талдау жұмыстары жүргізіліп отырады. Жалпы талдау нәтижесімен анықталған кемшіліктерге сәйкес 21 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін Департаменттің сотқа дейінгі тергеу басқармасына жолданған материалдарда бар.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келетін жағдайлардың бірі қоғамның өз құқықтарынан хабарсыз болуы болып табылады. Департаментпен жүйелі түрде мемлекеттік қызмет көрсететін органдарға халықты ақпараттандыру ұсынылып, бұл бағыт бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Яғни, кез - келген азамат қызметтің қандай мерзімде көрсетілетінін, ақылы немесе ақысыз негізде, қандай құжаттар керек деген мәселелерден хабардар болуы керек.
Сондай-ақ Департаменттің талдаушыларымен бағалары асырылған сатып алуларды анықтау мақсатында мемлекеттік мекемелердің сатып алу жоспарларына күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Департаментпен жүргізілген талдау жұмысы жыл басынан бері 316,1 млн тенге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудан сақтап қалды. Мысалы: «Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы» (әрі қарай - басқарма) коммуналдық мемлекеттік мекемесімен барлығы 292,6 млн.теңгені құрайтын 7 лоттан тұратын «Әскери киім-кешек пен әскери аксессуарлар жиынтығын» сатып алуға қатысты конкурс жарияланып, Департаментпен талдау жұмыстары нәтижесінде 139,9 млн.теңгеге сатып алу бағасын өсіру фактісі анықталған. Осыған байланысты басқармаға бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуын болдырмау мақсатында ұсыныс жолданып, басқармамен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс рәсімдері тоқтатылды. Нәтижесінде 139,9 млн.теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
- Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтарға жол берген мемлекеттік қызметшілерге шара қолданатын тәртіптік кеңес отырыстарында айтылған ұсыныстар мен қабылданған шешімдер қаншалықты нәтижесін беруде?
- Баршамызға мәлім, Тәртіптік кеңес - мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Респбуликасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтау мәселелерін қарайтын, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіретін алқалы орган болып табылады. Қылмыс құрамы жоқ, алайда құқық бұзылуға жол берілетін фактілер мемлекеттік қызметкерлерге қатысты жинақталған деректерді тәртіптік кеңес қарауына ұсынылады. Осы жерде мәселенің мән-жайы толық сараланып, тиісті баға беріледі.
Жалпы Тәртіптің кеңеспен өткізілген 12 отырыста қаралған 88 мәселенің 76-сы тәртіптік істер болса, қалған 12-сінде басқа мәселелер талқыланды. Тәртіптік кеңес ұсынысымен тәртіптік жазаға тартылған 36 қызметкердің 13 Ар-намыс кодексі тұрғысынан, ал 23-і сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тұрғысынан жазаға тартылды. Сыбайлас жемқорлық сипатымен тәртіптік жауапкершілікке тартылған 23 қызметкердің 14-не «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту», 3-не «лауазымынан төмендету» және 6-на «лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
- Осындай кең көлемде жүрігізіліп жатқан ескерту, алдын алу шараларына қарамастан өз қызметін ақша табудың құралы етіп алып, алдына келген адамдарды қасақана әуре сараңға салатындар жеткілікті.
Облыстағы жемқорлық қылмыстың жалпы ахуалы қандай?
Жыл басынан сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізілімінде 143 сотқа дейінгі тергеу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құрамы бар 115 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Оның ішінде парақорлық деректері бойынша 47 (22 пара алу, 22 – пара беру, 3-парақорлыққа делдал болу) іс тіркелген. Сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық істер бойынша 31 тұлғаға сот үкімдері бойынша түрлі жазалар тағайындалды.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған 202,9 млн. теңге залалдың 197,4 млн теңгесі немесе 98 пайызы өндірілуі қамтамасыз етілді.
- Бір жылдың көлемінде өңірімізде бірқатар жұмыстар жүргізіліпті. Бірақ кең көлемді жүріп жатқан шараларға қарамастан, сыбайлас жемқорлықты белгілі бір кезеңнің ішінде мүлдем жою мүмкін еместігін дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Жақсы нәтижеге жету үшін тағы қандай кезек күттірмес шаралар қарастыру қажет деп ойлайсыз?
- Сыбайлас жемқорлықтың тарихы ертеректен, тамыры тереңдеп кеткен кесел болғандықтан ынталы, жүйелі тұрақты жұмыстарды күнделікті жүргізе берген абзал. Қолда бар деректерге жүгінсек, Аристотель өз заманында-ақ биліктегі адамның мемлекетте бірнеше қызметте болуына тыйым салу, жемқорлықтың алдын алатын тиімді жол деп таныса, ежелгі Афинада әрбір азаматтың, әсіресе билік төңірегіндегілердің, қандай табыспен өмір сүріп жүргеніне есеп беруін міндеттейтін заң болған. Көрсеткіштері әжептәуір мемлекеттердің өзі жақсы нәтижелерге ұзақ жылдар бойы табандылық танытудың нәтижесінде ғана қол жеткізген.
Сондықтан жоғарыда айтып өткендей, еліміздің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық белсенді саясатын, тек мемлекеттік органдар емес, ел-жұрт болып жалғастыру міндеті тұр. Мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдалану, жер қатынастары мен құрылыс, құқық қорғау органдары, кеден, денсаулық, білім саласындағы және халыққа қызмет көрсету жүйесіндегі жемқорлық ахуалын халық жиі айтады. Осы бағыттағы құқықбұзушылықтардың себеп-салдарын және жемқорлыққа ықпал еткен мән-жайларын түбегейлі айқындау қажет. Бұларға қатысты ұлттық заңнамаға тұрақты түрде талдау жасап, олқылықтарды зерттеп, тиімді халықаралық озық тәжірибелерді енгізу жұмыстарын жандандыру – сұранып тұрған мәселе.
Құқықтық мәдениетімізді көтеретін, біреуге ақша беріп тәуелді болу арқылы емес, заң көмегіне жүгінетін уақыт жетті. Сыбайлас жемқорлық фактісі белгілі болса, немесе осыған араласуға мәжбүр болған жағдайда, міндетті түрде уәкілетті органға, болмаса құқық қорғау органдарына хабарлап, жемқорларды әшкерелеуді азаматтық парызымыз деп қабылдағанымыз жөн. Белгілі болған жағдайды жасырып, өсек-аяңмен шектелу жақсылыққа апармайды, қайта жемқорлардың өздерін одан ары еркін сезінулеріне және дөрекіленіп жүруіне ықпал етеді. Ел - жұрттың әлеуметтік әділетсіздікке көзқарасын қалыптастырады. Осыны ұмытпағанымыз жөн.
-Әңгімеңізге рахмет!