БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫ БАТЫР БОЛАДЫ
Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу-Дабиде өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында жерлесіміз Мағжан Шамшадин чемпион атанды. 55 келі салмақта белдескен Мағжан Оңтүстік Корея елінің спортшысы Ха Рим Лимен кездесіп, таза жеңіске жетті. 85 елден 560 спортшы қатысқан бәсекеде ол ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
- 18 жасында әлем шыңын бағындарған балуан, жеңісіңмен құттықтаймыз!
- Көп рахмет!
- Әлемнің дзюдошыларының басын қосатын бұл бәсеке сіз үшін қалай өтті?
- Әрбір жарыстың өзіндік қиындығы, есте қалар тұстары болады. Бұл додада, алдымен, өзбек елінің балуаны Достон Рузиевпен белдесіп, «юка» әдісін қойып, соңында екі ескерту алып қалдым. Екінші айналымда армениялық Ваган Ховсепянмен, үшінші айналымда әзірбайжандық Натиг Гурбанлимен шығып «қылғындыру» әдісімен жеңіске жеттім. Жартылай финалдық кездесуде грузиялық Ираклий Купанадзені «скалена» әдісі арқылы тізе бүктірдім. Ал финалда Оңтүстік Корея елінің спортшысы Ха Рим Лимен белдесуім, чемпион болуыма жол ашты.
- Алғаш жеңіс тұғырына неше жасыңда көтерілдің?
- Туған ағам Төребек 2008 жылы Жалаңтөс Баһадүр атындағы мектеп – интернатқа әкелгеннен кейін мен «қайтсем де мықты спортшы болам» деп мақсат қойдым. Бапкерім Қален Қалиұлы сол кезде қабылдап, төзімділікке, қайсарлыққа баулыды. Әлі есімде, осыдан 5 жыл бұрын 13 жасымда Жалағаш ауданында өткен облыстық жарыста І орын иеленген болатынмын.
- Олимпиада чемпионы атанған Бауыржан Жауынтаевқа да, сізге де жаттықтырушы – Қален Қалиұлы. Жеңіске жетуде бапкердің көмегі қаншалықты?
- Мектеп-интернатқа қабылданғанымда Қален ағаймен қатар тағы бір бапкер болды. Мен тынымсыз, жыбырлақ бала едім. Сол күні бір көргеннен жаттықтырушым ағама «мына бала қалмайтын болсын» деп қайта-қайта тапсырып, мені таңдап алды. Бала кезден баулығандықтан шығар, жаттығуға ағайым келмесе біртүрлі боламын. Салқын суды сатып алсам, «тамағың ауырады» деп қолымен ұстап жүріп жылытып беретін. Өзге елге барғанда бұрын татып көрмеген тамақты «не де болса мен көрейін» деп әуелі өзі байқап, содан кейін бізге жегізген күндері де болды. Байқағаным, жеңіске жетуде, өзіңе сенімді болуда бапкермен арадағы рухани сыйластықтың әсері мол.
- Бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған ата-анаңның жетістікке жетуіңе әсері бары анық. Отбасың туралы айта кетсең.
- Әрине. Ата-анам – қарапайым адамдар. Әкем аэропортта жұмыс жасайды. «Сен өзге қалаларға жарысқа шықсаң, мен күтіп алар едім» деп армандайтын. «Жалаңтөс Баһадүрдің – ұрпағысың. Батырдың ұрпағы ештеңеден қорықпауы керек. Мен де талай жерде тайсалмағам» деп жігерлендірген сөзі, жарысқа аттанардағы батасы маған күш қосады. Ал анам «иманды, қарапайым бол» деп тәрбие берді. Апта сайын жұма намаздан қалмаймын. Олардың айтқан сөздері, істері, қарапайым қасиеттерінің өзі мен үшін – өнеге.
- Дзюдоға алғаш келгенде қандай қиындықтар болады? Артыңнан ерген қызылордалық дзюдошыларды атап өтші?
- Бастапқыда шаршап, ұйықтап қала беретінмін. Бұл алғашқы кезде ғана болатын қалыпты жағдай. Ал, саусақтардың, аяқ бәшпайларының шығып кетуі жиі кездеседі. Басқа салалардағы секілді дзюдода өзіңе деген сеніміңді жоғалтпай, ерінбей еңбектену арқылы биіктерден көріне аласың. Қызылордалықтардан Қазақстан чемпиондары атанып жүрген Алмабек Нұрахан, Сексенбаев Айдос, Бақтыбергенов Жанболат, Ханзада Арайлым, Оразбай Ақерке, Азия чемпионы болған Мұрат Гүлдана сынды ұл-қыздар бар. Олардың бәрі болашағынан көп үміт күттіретін жас спортшылар.
- Қазір көп жастар бос уақытын өзіне пайдалы ете алмайды, яғни өз игілігіне жарата алмайды. Сіз бос уақытта немен айналысасыз?
- Музыканы ерекше жақсы көремін. Пианино, гитара, домбыра, баян аспаптарында ойнай аламын. Мұның бәрін арнайы мамандардан емес, ғаламтор арқылы үйрендім. Сондай-ақ, бос кезде ата-анаңа көмектесу пайдалы әрі сауапты іс деп ойлаймын.
- Мақсат қойған адам алдыңғы көшбасшыларға қарап бой түзейді. Өзіңе кімді кумир санайсың?
- Қазір талантты, жігерлі балуандар өте көп. Солардың ішінен Азамат Мұханов пен Елдос Сметовты қай жағынан болсын өзіме үлгі санаймын. Арманым – Олимпиада биігін бағындыру болғындықтан, 3 рет бұл тұғырға көтерілген Тотохира Намураның жолын берсе деймін. Ал, негізінен қатарласым, оны «бауырым» деймін, Бауыржан Жауынтаевқа еліктеп өстім. Бір мектеп – интернатта жаттығып, қазір екеумізде Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде білім аламыз. Қай жарысқа аттанасам да қолдау білдіріп, тілекші болып жүретін Бауыржан сыншым әрі ақылшы досым бола білді.
- Алда қай бәсекеде бақ сынайсың?
- 2016 жылы ақпан айында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалудамын. Алла бұйыртса, жеңісі көп жылдар алда!
- Арманыңызға жетіңіз! Сұхбаттасқаныңызға рахмет.
Сұхбаттасқан:
Айдана ЖҰМАДИНОВА