ПАЛУАНДАРЫМЫЗБЕН МАҚТАНАМЫЗ
Қазақ күресінен Қармақшы ауданы спортшыларының жетістігі қуантарлық. Қармақшылық балуандар республикалық спартакиадаларда облыс намысын қорғап, биіктерді бағындырды. Осы орайда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаевпен әңгімелескенбіз.
- Нұрбол Төлендіұлы, жастарды күреске машықтандыру қай уақыттан бастап қолға алынды?
- Қармақшы ауданында партия комитеті тарапынан 1964 жылы бұқаралық спортты жолға қоюға бағытталған жұмыстар қолға алынды. Ұжымдарда және мекемелерде спорт нұсқаушыларының жұмыстары жолға қойылды. Жоғарыда аталған жұмыстардың басшылығында спорт ардагерлері Сұлтанбек Омаров және Жарболсын Құндақбаев ағаларымыз болды. Олар сол уақытта аудан көлеміндегі ірі өндіріс ұжымдарында спорт түрлерінен командалар жасақтап, облыс біріншіліктерінде жүлделі орындарды иеленді.
1967 жылы «Қайрат» спорттық қоғамы құрылып, оған Жарболсын Құндақбаев жетекшілік етсе, 1968 жылы аудандық білім бөлімінің жанынан ашылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде басшылық қызметті атқарып, қосымша қазақ күресінен жаттықтырушылық қызмет етеп, көптеген спортшы палуандарды дайындап шығарды.
- Қандай тәжірибелі жаттықтырушылар бар? Олардың қатарында спорт шеберлері кімдер?
- Ауданымызда негізі қаланған сол кездегі спорт мектебінен жоғары жетістікке жеткен спортшылар кейін еңбек жолдарын жаттықтырушылық қызметпен ұштастырды. Солардың ішінен алғаш Әлжан Төремаханов «КСРО спорт шебері», 1986 жылдан бастап самбо және қазақ күресінен Қызылорда облысының аға жаттықтырушысы қызметін атқарып келген Әділбек Серікбаев «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы», Дархан Алмаханов «Қазақстан Республикасының спорт шебері», Қайрат Медеубаев «Ұлттық дәрежедегі төреші», Марат Асылов «Қазақстан Республикасының спорт шебері», Болат Кенеев «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы», Бақберген Тәтімбетов және басқада бірнеше белсенді, жетістіктерге жетіп жүрген жас жаттықтырушылар бар. Облыс көлемінде осы спорт түрінен «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы» деген құрметті атағы бар екі бірдей жаттықтырушы біздің ауданда ғана.
- Спорт мектептерінде аталған спорт түрімен қанша шәкірт тәрбиеленуде?
- №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде, №16 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде және спорт клубында барлығы 600-ге жуық жасөспірім спорттың осы түрімен шұғылдануда.

- Күрестің ережесі жайында айтып өтсеңіз?
- Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жас ерекшеліктеріне қарай жасөспірімдер, жастар және ересектер болып бөлінсе, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін – 5 минут, жасөспірімдер үшін – 3 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты – күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады.
- Жастардың белсенділігі қандай?
- Жастар және жасөспірімдер арасында «Алтын белбеу» және «Жас барыс» облыстық турнирлерінің бірнеше жеңімпаз жастары өсіп келеді. Жыл көлемінде қазақ күресінен бірнеше аудандық біріншіліктер, еңбек ардагері Айдарбек Пірмантаевты еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирлер және жоспарға сәйкес бірнеше облыс біріншіліктері өтеді. Бұдан өзге күрестің басқа да түрлерінен ұйымдастырылған халықаралық және республикалық турнирлер соңында қазақ күресінен «Түйе палуандар» жарысын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биыл 16-30 қазан аралығында Жосалы кентінде қазақ күресінен ІV «Жас барыс» республикалық турниріне дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиыны өтті. Бұл бір ғана жаттығу жиыны емес, бұған дейінгі ірі республикалық бәсекелер алдында облыстың жетістікке жетіп жүрген спортшылары Қармақшыда дайындығын пысықтау дәстүрге айналған.
- Алға қойған жоспарлар мен міндеттер қандай?
- Спорт ауқымын бұдан кеңейту, шұғылданушылар санын, оның ішінде жасөспірімдерді тарту, «Алтын белбеу» атты облыстық турнирдің екі кезеңі – аудандық, бұдан басқа спорт мектептерінің біріншіліктері, аудандық және облыстық турнирлер арқылы насихаттау.
- Болашағынан үміт күттіретін палуандардан кімдердің есімін ерекше атар едіңіз?
- Осы жылдың 11-13 қыркүйегі аралығында Атырау қаласында қазақ күресінен ересектер арасында ел Кубогы өтті. Онда облыс намысын негізі қармақшылықтар құрайтын құрама команда қатысты. Жерлестеріміздің мерейі үстем болып, командалық І орынды жеңіп алды. Олардың қатарында Бауыржан Райсов, Дархан Сержанов, Ерлан Жақсыбеков, Ғалымжан Әбдірахманов, Мақсат Исағабылов, Айбек Серікбаев, Марат Баймахановтар бар. Біздің палуандар алғашқы белдесулерін павлодарлық және атыраулық спортшылардан басым түссе, жартылай финалда Қостанай жігіттерінен және финалда Жамбыл облысының спортшыларынан басым түсіп, ел Кубогын иеленді. 13-20 қазан аралығында Қызылорда қаласында өткен Ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестивалінде облыс намысын қорғаған қармақшылық жігіттер командалық ІІ орынды жеңіп алды. Таразда 9 қазан күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Евразия барысы-2015» халықаралық турнирінде Ғалымжан Әбдірахманов, Нұрым Сәлімгереевтер жеңіспен оралды. Аудан спортшылары тек қазақ күресінен ғана емес, күрестің самбо, дзюдо түрлеріненде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Ел мақтанышына айналған палуандарымыз Бауыржан Райсов, Ғалымжан Әбдірахмановтар Әлем чемпионы атанса, Миржан Қуаңбаев Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Біз осы палуандарымызбен мақтанамыз, осы жігіттерге үлкен сенім артамыз.
- Әңгімеңізге рахмет. Нағыз жігіт атына сай келетін, бұла күшіне сенетін, елге абырой беретін спортшыларымыздың мерейі әрқашан үстем болсын! Жұмыстарыңызға, спорт саласына толайым табыстар тілейміз.
Әңгімелескен:
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА