«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» БОЛУДАН ӘЛІ ДЕ ҮМІТТІМІН
Руслан Әбдіразақов,
«Қазақстан барысы - 2014» турнирінің қола жүлдегері
«Қазақстан барысы - 2014» турнирінің қола жүлдегері
- Руслан, соңғы рет хабарласқанымызда «шет елде жүрмін» деген едіңіз. Қоржыныңыз бос қайтпаған болар?
- Иә, жақында Қазақстанның дзюдо құрамасымен бірге Испания, Германия мемлекеттерінде өткен оқу-жаттығудан оралдым. Одан бөлек, командалар арасында өткен Еуропа кубогының жарысына қатысып, үздік ондыққа іліктік. Осылайша мол тәжірибе жинап қайттым. Бұл алдағы болатын әлемдік деңгейдегі жарыстардың алдындағы басқосулар болатын.
- Спортқа ағаңыздың үгіттеуімен келдіңіз бе, жалпы қалай болды?
- Солай десе де болады. Спортқа келуіме ағам үгіттемегенімен, себепші болды. Бала күнімізде қызығушылықпен әр спорттың басын бір шалып жүргеніміз рас. Өз басым таэквондодан бастағанмын, кейін бокспен әуестеніп көрдім. Дегенмен, менің үлкен спортқа келуіме бірден-бір себепші болған адам, ол – Қызылорда облыстық спорт басқармасының төрағасы, айтулы азамат, мықты жаттықтырушы Садық Мұстафаев. Бірде әуежайда ағам Ұланды кезекті бір жарысқа шығарып салып тұрғанымда Садық аға мені көріп, «кімнің баласысың, қайдан келдің?» деп сұрады. Ол кезде 14 жаста болатынмын. Содан жөн сұраса келе, Садық аға ата-анама: «Осы баланы маған беріңдер, мықты спортшы дайындап шығарамын», - деп қолқа салды. «Тұлпар болар жылқыны тай күнiнен танисың» демекшi, ол кісілердің көзі де «кәсіби» ғой. Мүмкін, қатарластарыма қарағанда ірілеу дене-бітімімді көріп, «осы баладан бірдеңе шығады-ау» деп пайымдаған болар. Бүгінгі жеткен азды-көпті жетістіктеріме сол кісінің еңбегі зор.
- 2011 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінде туған ағаңыз Ұлан Рысқұлдың бағы жанғанын білеміз. Енді, міне, сіз де жүлдегерлер қатарындасыз. Бір отбасынан екі бірдей палуанның шығуы кездейсоқтық емес шығар...
- Дұрыс айтасыз. Кезінде арғы атамыз Әбдіразақ жауырыны жерге тимей, 17 жасында түйе палуан атанған екен. Сол кісінің қасиетінің бір ұшы бізге де дарыса керек.
- Мынаны айтыңызшы, Алматының тумасы қалай «Сыр арланы» болып жүр? Жақында әкім үй берді, осында түпкілікті көшіп келу ойыңыз жоқ па?
- Қазір жаттығуларымның көбі Алматы қаласында өтіп жатқанымен, Қызылордаға жиі барып тұрамын. Жылдың жартысына жуығын Сыр елінде өткіземін десем, артық айтпағаным болар. Ал түпкілікті қоныс аудару жағы – алдағы уақыт еншісіде.
- Білуімізше, қолыңызда заңгер деген білдей бір диплом бар. Түбінде осы мамандыққа оралуыңыз мүмкін бе?
- Заңгер мамандығы бала күнгі армандарымның бірі еді ғой. Есейген сайын арман-мақсаттарың да өзгереді екен. Ал нақ осы уақытта бұл мамандыққа оралу ойымда жоқ. Реті келсе, қазақ күресінің дамуына еңбегім сіңсе деймін.
- Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бір сөзінде сізді қазақша күрестен палуандар дайындайтын мектеп ашады деп еді. Осы жөнінде не айтасыз?
- Ең алдымен, әуежайдан күтіп алып, зор қошемет көрсеткен Сыр еліне, Қызылорда облысының басшысы Қырымбек Елеуұлына үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Негізі ауыл-ауылдардан ерінбей іздесе, әлi де жұртшылыққа танылмаған таланттар жетерлiк. Егер сондай талантты ұл-қыздарды қолдау мақсатында аймақ басшысы қолдап, Қазақ күресі федерациясы жанынан мектеп ашылатындай болса, неге тәуекел етіп көрмеске?! Бұл әзірге нақты шешілген шаруа емес. Алайда, маған сенім артып, осындай үлкен істі тапсырып жатса, елге қызмет етуге, сенімді ақтауға тырысамын.
- Кешегі «Қазақстан барысы» турнирінен кейін қыздар жағы сіздің жеке өміріңіз туралы көп сұрайтын боп жүр. Оларға не айтасыз?
- Не айтсам екен (күліп). Көңілдеріңізге рахмет! Жеке өміріме келсем, қазіргі таңда кездесіп жүрген адамым бар. Ата-аналарымыз да бір-бірімен жақсы араласады. Мамандығы – заңгер. Дегенмен, болашақ жарым сол қыз ба, жоқ па, бәрі бір Алланың қолында. Отбасын құруға әлі ертерек деп ойлаймын.
- Спорттың қай түрі болмасын, салмақтылықты, төзімділікті, күш-жігерді қажет ететіні рас. Қанша адам болса, сонша мінез де бар. Сіз қандайсыз?
- Адамның мінезі өзінен гөрі сырт көзге айқын көрінеді ғой. Мінезімнің қандай екені маған қарағанда, аралас-құралас достарыма аян шығар. Дегенмен, у-шуды ұнатпаймын. Көбіне мән-жайды қас-қабағымнан, көзімнен түсінсе екен деп тұрамын.
- Ал түсінбесе қайтесіз?
- Түсінбесе «жамбасқа алуға» тура келеді (күліп).
- Спорттан өзге, сізді тағы не қызықтырады?
- «Әу» демейтін қазақ жоқ қой. Бос уақытымда достарыммен кездесіп, караокеге барып, ән айтқанды ұнатамын.
- Кей спортшыларымыз қазақ эстрадасының жұлдыздарымен бірігіп, «Екі жұлдыз» секілді тележобаларға қатысып немесе киноға түсіп жатады. Өзіңізді осы жағынан байқап көргіңіз келмей ме?
- Ән айтып та, киноға түсіп те көрдім. Осыған дейін «Елім менің» деген музыкалық бағдарламаға қатысқаным бар. Және осы жылдың басында «Наурыз - арман» атты қысқаметражды комедиялық мюзиклде басты рөлді сомдаған болатынмын. Бірақ мұндай жобаларға жиі қатысуға уақыт тапшы. Бізде бірінші орында қашанда спорт тұрады.
- Басты жанкүйерлеріңіз кімдер?
- Ең жақын жанкүйерлерім – қайда жүрсем де менің тілеуімді тілеп отыратын анам, әкем және бауырларым.
- Алдағы жоспарларыңыз?
- Қазір тамыз айында Ресейдің Челябинск қаласында өтетін дзюдо күресінен Әлем біріншілігіне дайындалып жатырмын. Тағы бір жоспарым – келесі жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің бас жүлдесін жеңіп алу. «Бап шаба ма, бақ шаба ма» демекші, биыл маған бармақтай бақ жетпей қалды деп ойлаймын.
- Риясыз әңгімеңізге көп рахмет! Жарыстарда жолыңыз болсын. Қанжығаңыз алтынға толып, әлемдік аренада Қазақстан туын желбірете беруіңізге тілектеспіз!
Сұхбаттасқан
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА

Комментарии 4