2017 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚЫЗЫЛОРДА ТОЛЫҚТАЙ ЫСТЫҚ СУ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ
Қызылорда – тұрғындары ыстық сумен қамтылмаған еліміздегі жалғыз облыс орталығы десек артық айта қоймаспыз. Дегенмен, бұл проблеманың шешілетін күні алыс емес.
Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықовтың айтуынша, осынау бағыттағы жұмыстар 2017 жылға дейін толық аяқталып бітеді, яғни қызылордалықтар осы жылы 100 пайыз ыстық сумен қамтылатын болады. Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында сала маманы өңірде атқарылып жатқан газдандыру, қыс маусымына дайындық секілді жұмыстарды баяндап берді.
- Ержан Қыпшақбайұлы, Қызылорда қаласы бүгінде қарқынды дамып келе жатқан облыс орталықтарының бірі. Десе де, қалада ыстық су мәселесі басы ашық күйінде қалып отырған сыңайлы. Тұрғындардың әкімге жазған хаттарынан байқағанымыз осы. Дамыған 30 елдің қатарына ұмтылып жатырмыз ғой, Қызылордаға ыстық су нақты қашан беріледі?
- Иә, бұл расында да өте маңызды мәселе, Қызылорданың тарихы тереңде жатқан көне шаһар болса да бүгінгі күнге дейін қаладағы көпқабатты үйлерде ыстық су деген атымен болған емес. Тұрғындар өздері түрлі қондырғылар орнатып, проблеманы өздері шешіп келді.
Бұл мәселені жергілікті билік бірер жылдан бері қолға алып, бүгінде жұмыстар алғашқы нәтижесін беріп жатыр. Былтыр қаладағы екі көпқабаты тұрғын үй ыстық суға қосылды. Бұл пилоттық жоба болатын. Енді 2016-2017 жылдары 351 тұрғын үй нысаны мен 99 қоғамдық нысан осынау жүйеге қосылады. Ол үшін «Қызылорда жылу электр орталығы» МҚМ Еуропалық банкпен өзара келісімге келіп, бірлесе жұмыс істеп жатыр.
- Соңғы бірер жылда оңтүстік аймақтағы елдімекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқын ала бастады. Биыл Қызылорда облысының іргесіндегі Түркістанға да көптен күткен газ құбыры ақыры тартылып біткенінен хабардар болдық. Сол секілді Қызылорда облысында да бірнеше ауыл тұрғындарына өркениеттің осынау түрі былтыр және биыл жетіп жатыр. Жалпы, өңірді газдандыру жұмыстары қандай деңгейде?
- Көгілдір отынмен елдімекендерді айтпағанда Қызылорда қаласының өзі әлі толық қамтылып біткен жоқ. Осы орайда қаланың газдандырылмаған тұрғын үйлерді газдандыру мақсатында 2013 жылы облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, «Көше бойындағы газ тарату жүйесіне енгізілмей қалған жеке тұрғын үй секторларының учаскелеріне дейін газ құбырын жүргізу (ақ дақтар)» жобасының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 2015 жылға бюджеттік өтінім жолданған. Алайда, республикалық бюджеттен қаржы қаралмағандықтан, 2016 жылға қайта бюджеттік өтінім тапсырылды. Алдағы уақытта аталған жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылған жағдайда газдандыру жұмыстары 2016 жылы жүргізіледі деп күтілуде.
Сонымен қатар, былтыр «Қызылорда қаласындағы Тасбөгет ауылдық округін перспективалық дамуымен газбен жабдықтау» және «Қызылорда қаласындағы Қызылжарма ауылдық округін перспективалық дамуымен газбен жабдықтау» жобаларын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға республикалық бюджеттен 725 млн.теңге қаржы бөлінді. Келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2015 жылдың желтоқсан айы. Нәтижесінде 5516 тұрғын үй газбен қамтамасыз етілетін болады.
- «Қыс шанаңды жаз сайла» деген сөз бар. Неге екені белгісіз, қысқы маусымға біздің елде қоңыр күздің аяғында дайындала бастайды. Салдарынан қақаған аязда жылусыз қалған тұрғындар жиі шағым айтып жатады. Биыл Қызылорда облысы қысқы маусымға дайын ба әлде дайындықты күзге ысырып отырсыздар ма?
- Қыста құбырлардың жарылатындығы – дайындықтың жоқтығынан емес, жылу құбырлары жалпы елімізде әбден ескірген, тозған. Енді өздеріңіз білесіздер, «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданды, оның аясында инфрақұрылымның барлығы жаңарады, яғни газ құбырлары да.
Қызылорда облысының дайындық мәселесіне келсем... 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу желілерін жаңғыртуға жалпы ұзындығы 11,7 шақырымды құрайтын 14 жобаға Ұлттық қордан 3,039 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекемелері анықталып құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Яғни, біз Сіз айтқандай дайындықты күзге ысырмай, көктемнің соңында бастап кеттік.
2014 жылы 18 желтоқсанда облыс басшылығы және Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызылорда қаласының жылу жүйелерін модернизациялау жобасы бойынша Кредиттік келісімге қол қойылған болатын. Жобаның мақсаты – жылу желілерін қайта жаңғырту, жаңа технологиялар енгізу және қала тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз ету болып табылады. Жобаны 2015-2017 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.
- Сіз басқарып отырған сала қатысты тағы бір өзекті мәселе – тұрғындарды таза ауыз сумен қамту. Алдыңғы жылы Шиелі кентін түгелдей сумен қамтимыз деп құбыр тарту жұмыстарын бастап кеткен болатынсыздар, 2015 жылы аяқтаймыз деп уәде бердіңіздер. Сол уәжедеріңізді орындап, шиеліліктерді биыл қуанта аласыздар ма?
- Иә, Шиелі кентін таза ауыз сумен қамту үшін арнайы бағдарлама құрып, оны үш кезеңге бөлдік. Жұмыстардың барлығы 2013-2015 жылдар аралығында аяқталуы тиіс болатын. Жобаның сметалық құны 1,2 млрд.теңге. Мердігері «СМП Кызылорда» ЖШС. Жобада 61 шақырым су жүйелерін жаңадан салу қарастырылған. Жыл аяғына дейін пайдалануға беріліп, Шиелі кентінің тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізетін болады, мен оны сеніммен айта аламын.
Сонымен қатар, биыл Жосалы кентін сумен қамту жұмыстарын да аяқтамақпыз. Бұдан басқа сиымдылығы 5000 текше метр резервуар құрылысын салу жобасы 2016 жылға «Нұрлы жол» бағдарламасымен қаржыландыруға ұсынылды. Осы жобалар жүзеге асырылғанннан кейін кенттегі барлық қалған үйлерге су кіргізу жобасы қаржыландырылатын болады.
- Айта кететін тағы бір жайт, соңғы уақыттары Қызылорда қаласына қарасты саяжайларда электр жарығының жиі өшетінін БАҚ беттерінен көзіміз шалып жүр. Облыс әкімінің жеке блогына да осы мәселеге байланысты шағымдардың көп түсе бастағанын байқап отырмыз. Себебі неде?
- Бұл жағдайдың бірнеше себебі бар, тізбектеп айтып берейін:
Біріншіден, жалпы облыс бойынша энергетика нысандарының құрылысы кеңес дәуірінде салынған, қазіргі кезеңде салынған, электр желілері мен трансформаторлық қондырғыларға соңғы 30 жыл ішінде жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген, сондықтан олардың 70 пайызының тозығы жеткен. Соңғы 4-5 жыл ішінде бюджеттен ауқымды қаржы бөлініп, жаңғырту жұмыстары іске асырылуда;
Екіншіден, соңғы жылдары жеке тұрғын үйлердің көптеп салынуынан Қызылорда қаласы аумағының кеңеюіне байланысты саяжайлар шағын аудандарға айналды. Сонымен қатар, кезінде саяжайдағы азды-көпті үйлерге ғана арнылып орнатылған трансформаторлық қондырғылардың қуаты саяжайдың кеңеюіне байланысты жеткіліксіз болуда. Энергетика саласын жаңғырту көлемді қаржыны қажет ететін болғандықтан бұл проблемалық мәселелер кезек-кезегімен шешімін табуда;
Үшіншіден, басты мәселелердің бірі – бұл саяжай тұрғындарының тұтынған электр энергиясына төлем төлеуі. Мысалға, телеарнада көрсетілген «Зейнеткер» саяжайының тұрғындары электрмен жабдықтаушы мекемеге қарызы 11,8 млн теңгеге жуық. Қазір нарықтың заманын екенін түсіну керек, тегін дәуір келмеске кетті, тауарды тұтындың ба оның ақысын төлеу керек. Соңғы тұтынушы қарызын төлемесе, бұл өз кезегінде электрмен жабдықтаушының электр тасымалдаушыға, ал оның электр өндіруші алдындағы қарызы ұлғайып, қордалана береді.
Қалыптасқан жағдайды шешу мақсатында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, «Энергосервис» ЕЖШС және қалалық электр жүйелерінің өкілдері аталған саяжайлар тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, иесіз қалған электр желілері мен трансформаторлық қондырғыларды облыстық коммуналдық меншікке алудың іс-шаралар жоспары жасалып, тиісті ресімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар облыс әкімдігінің бақылауында.
- Өзіңіз білесіз, электр энергиясының тапшылығынан арылудың бірден-бір жолы – «жасыл экономикаға» көшу, яғни баламалы және жаңартылған энергияны пайдалану. Ол біріншіден қолжетімді, екіншіден экологиялық жағынан тиімді. Бәлкім Қызылорда облысына керегі осы шығар?
- Бүкіләлемдік экономиканың дамуы энергияны көптеп тұтынуына әкеледі. Сондықтан қосымша энергия өндіру үшін баламалы және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қазіргі жаhандану заманының талабы. Бұлар, бір жағынан экономикалық жағынан, екіншіден экологиялық жағынан тиімді екені рас.
Жуырда Елбасының жарлығымен «жасыл экономика» тұжырымдамасы бекітілді. Бұл тұжырымдаманың негізгі бір бағыты – жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдалану. Оның алғашқы қадамдары біздің облыста бастау алып отыр. Аймағымыздың географиялық орналасуы жел және күн энергиясын пайдалануға өте қолайлы.
2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Өкілдігінің экологиялық қоры арқылы Арал ауданы, Мойнақ елді мекенін электрмен жабдықтау үшін грант бөлініп, Мойнақ елді мекеніне күн электр стансалары орнатылып, халық игілігіне пайдалануда. Шиелі ауданында жеке шаруа қожалығына күн электр станциясы орнатылды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта Жаңақорған ауданында қуаттылығы 50 МВт, Жалағаш ауданында қуаттылығы 30 мВт-тық күн электростанциясының, Арал ауданында қуаттылығы 10 мВт жел электр станциясының құрылысы салу жөнінде әлеуетті инвесторлармен жұмыс жүргізілуде.
- Уақыт тауып, сұхбаттасқаныңызға рахмет.