КӨПШІЛІК САДАҚА БЕРУ СЕКІЛДІ ЗЕКЕТ БЕРУ ПАРЫЗ ЕКЕНІН БІЛМЕЙДІ
Ораза – адамды сабырлылыққа, имандылыққа үйретеді. Ораза сонымен қатар адамдардың нәпсісін тәрбиелеуге керек. Ал нәпсі дегеніміз – адамның қалауы. Ол адам көрге кірмейінше тоймайды екен. Нәпсіні тізгіндейтін бір-ақ нәрсе, ол – аштық. Нәпсі ыстыққа да, суыққа да шыдайды, бірақ нәпсі ешқашан аштыққа шыдамайды. Алла тағала адамнан кейін нәпсіні жаратады. Бір күні Алла тағала нәпсіден сұрайды. «Ей, нәпсі, сен кімсің?» дегенде нәпсі «Сен-сенсің, мен-менмін» деп жауап берген екен. Сонан соң Алла тағала оны мың жыл тозақтың отында, мың жыл төзбейтін суыққа тоңдырып сұрағанда нәпсі «Сен-сенсің, мен-менмін» деп жауап берген екен. Содан кейін барып нәпсіні мың жыл аш қалдырады. Сол кезде барып, нәпсі «Сен мені жаратқан Раббымсың, мен сенің жаратқан нәпсіңмін» деп жауап беріпті. Сонымен қатар, ораза арқылы адамның жүрегі тазарады екен. Осы орайда, рамазан айы қарсаңында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Талғат Омаровпен сұхбаттасудың сәті түсті.
- Талғат Сейіткәрімұлы, алдымен ораза жайлы айтып өтсеңіз...
- Аллаға мыңда бір шүкір, елімізде ораза ұстаушы мұсылманның қатары жыл санап жылғаның арқырап аққан мол суындай артып, кемерінде толқыны ойнаған асау өзендей толысып өсуде. Ауыз бекітуді ауылдағы қатары сиреген шал-кемпірдің шаруасы деп санаған кешегі кетеуі кеткен кеңестік кезеңмен салыстырғанда, ораза ұстаған жанның сапы еселеп артқан бүгінгі күні әлбетте рухани алға жылжушылық бар деп ауыз толтырып айта аламыз.
Ауыз бекітіп ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор. Айталық, ораза ем ретінде ішек ауруларына, іш қатуға қарсы қолданылады. Оразаның медициналық емдігінің қатарында кейбір тері ауруларының жақсаруы, асқазан мен ішек жұмысына тоқтау салып олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етіледі. Ораза адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмді жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеті), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Ол үшін сәресі мен ауыз ашар уақыттарда тым көп ас жемеу керек.
Рамазан айы - Ұлы жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы, ізгі амалдар толассыз жасалып, Алла Тағаланың рахымы мен мейіріміне тұнған ай. Ұлы нығмет, әрі құлшылықтың асылы орындалатын Қадір түнін сыйлаған Рамазан айының мәртебесі туралы Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Айлардың мырзасы – рамазан, күндердің мырзасы жұма, түндердің мырзасы — Қадір түні». деген. Сонымен қатар, Рамазан – адамдарға тура жолды нұсқаушы қасиетті Құран түсіріле бастаған ай. Кез келген басқа мерзіммен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да - Рамазан. Қасиетті Қадір түні шілденің 13-нен 14-не қараған түнге сәйкес келіп тұр. Ал пітір садақаны рамазан айының басынан айт намазына дейін беруге болады. Пітір садақа Қызылорда облысы бойынша 200 теңге.
- Зекет беру туралы айтып өтпесек болмас. Зекет берудің шарттарына тоқталсаңыз...
- Зекет – Ислам шарттарының бірі. Иман келтіргеннен кейін әрбір адамға Алла тағала намаз оқуды, ораза ұстауды, қажылықты және зекетті парыз қылды. Бастапқы екеуін ақыл-есі дұрыс адамдардың барлығы орындауы керек болса, қажылық пен зекет жағдайы бар адамдарға жасалған амал. Алла тағала, адамдарды тең етіп жаратпаған.
Айта кету керек, зекет - Алла тағаланың үкімі. Сондықтан зекетті шамасы келетін адамдар беруі шарт. Пайғамбарымыздың хадисінде айтылған: «Зекет бермеген адамдардың о, дүниеде, қиямет қайымда жинаған дүние-мүліктері үлкен жылан болып, мойнына оралып азапқа тартады», - делінген. Зекет-адамдардың қалқаны, жамандықтардан сақтап, жақсылықтардың есігін ашатын ізгі амал. Пайғамбарымыз Мұхаммед салла Аллаһу алейһи уә сәллам хадисінде бұйырады: «Пітір садақа беріп, өмір жастарыңды ұзартыңдар», -дейді. Зекет, садақа, пітір садақа болсын адамға төніп келе жатқан бәле-жәлені қайтарады. Одан кейін зекет беріп, мал-мүлкінен Аллаға атағаны үшін Алла тағала адамға ешқашан қарыз болмайды. Керісінше, Алла тағала еселеп қайтарады екен. Мысалы, былай түсіну керек, зекет берген сайын мал кемімейді, керісінше берекеленіп көбейе береді. Садақа берген адамға төніп келе жатқан дерт немесе жамандықты қиямет күнде жібермей ұстап тұрады екен. Бірақ зекет берудің шарты да бар. Мәселен, яғни рия болмау керек. Ең басты шарты – мақтанышпен істемеу керек. Мақтанышпен берген зекет немесе мақтанышпен берілген садақаның ешқандай сауабы жоқ. Ол тек берілген мал болып қана қалады.
Егін еккенде мәселен ұшыр беріледі. Бұл егістіктің бір бөлшегін ұшырға атап беру керек. Мал да сол сияқты, алтынның да, ақшаның да зекеті бар. Ең бастысы кім болмасын зекет беретін адам алдымен 85 грамм алтынға ие болу керек. Біздің елімізде Зекет бере алатын азаматтарымыз көп. Бірақ олар ораза ұстау, садақа беру секілді зекет беру парыз екенін білмейді.
- Жаңа өзіңіз айтып кеткендей, садақа берген адам мақтанбай беру керек деп жатырмыз ғой. Дей тұрғанмен бүгінде ауызашар болсын, тіпті жаназаның өзінде дастарханды тойға жайылған дастарханнан айыру қиын. Осы тұрғыда не айтар едіңіз...
- Осы жылы жаназада ысырапшылдықты тоқтату жөнінде Үндеу жарияладық. Осы тұрғыда қала, аудан және ауыл имамдарымен көп жұмыс жасадық десем болады. Осы жұмысымыздың нәтижесі ретінде айтатын болсам, қалада қонақасы да, жайылған дастархандағы ысырапшылдық едәуір тоқтады. Мәселен, аудандарды алатын болсақ, Арал, Қазалы аудандарында бұрынғыдай шаш та, төк дастархан жоқ. Бұл бастамамызды көпшілік оң қабылдап, барлығы бірауыздан игі бастаманы қолдап жатқандары, әрине қуантарлық жағдай. Дер кезінде тоқтата алмасақ, өздеріңіз көріп отырғандай бүгінде жарыс көбейіп келе жатқанын көріп жүрміз. Мәселен, қабір жарыс. Қайтыс болғаннан кейін жаназа кезінде қайтқан кісінің жақындарының атқаратын екі-үш қана міндеттері бар. Ол – мәйітті жуып, кебіндеп, жаназасын шығарып, қарызы болса өтеп, сонан кейін апарып жерлеу керек, болды.
Осыдан жиырма-жиырма бес жыл бұрын молдалар өте аз болатын. Бір адам қайтыс болса, молдаларды үш-төрт ауыл асып әкелетін. Одан кейін кезінде партия қатарында қызмет етіп жүріп, зейнетке шыққаннан кейін бес-алты сүре жаттап алып, молдалардың қатарына қосылған қаншама дүмшелер бар екені ақиқат. Сондықтан адамның ойынан шыққан көптеген бидғаттар бар. Бидғат деген адамдардың ойынан шығарған, шариғатқа жанаспайтын амалдар. Мәселен, жаназа кезінде тиын тарату, мәйітті үш-төрт күн алыс туыстары келгенше деп күттіру секілді шариғатта жоқ амалдар осы дүмшелермен білместікпен пайда болған нәрсе. Сондай-ақ, жетісіне дейін қайтқан үйде мал сойылмайды. Егер оған көнбейтін болса, имамдар ол жерде қызмет көрсете алмайды.
Сонымен қатар құран оқуға барып отырған имамдар қатым құран жасап, құран бағыштаса, көзінің майын тауысып қырық күн жаттаған еңбегіне беруіне болады. Алайда, құран оқығаным үшін мынадай ақша бер деп талап еткен имамдар міндетті түрде жұмыстарынан босатылады.
- Жаназадан тақырып ауыстырайық... Ақірет күні жақындағанда мешітке келушілердің көбісі жастар болады делінген. Осы қаншалықты ақиқат? Бүгінде мешітке келетіндердің көбісі жас жігіттер. Бұл біз үшін, әрине қуанышты. Бірақ жоғарыдағы пікірді қалай жоққа шығаруға болады?
- Жоққа шығара алмаймыз, әлбетте. Бүгінде мешітке жастар көп келеді. Ал имандылық, береке-бірліктің отаны болған Алланың үйіне келгенін қалай тоқтатуымыз керек? Еліміздің қай өңірін алмайық мешітке келушілердің 80 пайызы 30 жасқа дейінгі жастар. Сондықтан біздің келешегіміз жарқын болады деп мен іштей қуанамын. Мәселе имам болып дінге кіріп кету емес, мешітке келген жастар сабырлылыққа, имандылыққа тәрбиеленеді. Ал қазір керісінше, мешітке келген жастарды адасып жатыр деп ойлайды. Мен өз ойымды айтатын болсам бүгінгі жастарда иман болғанымен, әдеп төмен деп айта аламын. Ал сол әдептің қайнар көзі – Құран. Қазір өздеріңіз көріп жүрсіздер, көшелеріміз жөнделіп, ғимараттар бой көтеріп жатыр. Адамның күш-қуатымен салынған аялдамаларды сындырып кетіп жатқанын да көріп жүрміз. Жарық бағаналарын бүлдіріп кетіп жатқан жастар қаншама?! Құранда айтылады: Қол қаққысын білетін адам, яғни миллиондаған қаражатқа салған мемлекеттің мүлкін бүлдіретін болса, Алла тағала сол күнәні кешірмейді. Адам өзі үшін күнә жасап, сол күнәсін түсінген, тәуба қылған адамды кешіруі мүмкін. Бірақ күнәнің үлкені – біреудің мүлкін бүлдіру, ешқашан кешірілмейді. Сондықтан әдепті көтеру үшін ең алдымен жастарды имандылыққа баулу керек.
- Жыл бойына бір ай ұстаған оразадан бөлек үш күн немесе бір күн ұстайтын ораза бірнеше күндік оразаға татиды деп жатады. Мысалы, «Шағбан», «Ережеп», «Баарат» түні. Осы оразалар турасында айтып өтсеңіз...
- Пайғамбарымыздың хадисінде айтылады. «Ережеп»-Алланың айы, «Шағбан»-менің айым, «Рамазан»-менің үмбетімнің айы делінген. Яғни біздің айымыз, ораза. Бірақ қасиетті үш айды ешқашан бөліп жармаған. Егер де шағбанда он күн, ережепте он күн және ораза айында бір ай ораза ұстаса, рамазан айының соңғы күндерінде ораза ұстаған адамда бірде-бір күнә қалмайды. Қандай күнә болмасын бәрін жуып-шайып тастайды екен. Сондықтан парыз ораза және нәпіл ораза дейміз ғой, парыз ораза, яғни рамазан айында ораза ұстау барлықтарына парыз болса, ал нәпіл оразаны ұстаудың сауабы шексіз, ұстамаса күнәсі жоқ. Пайғамбарымыздың өзі өмір бойы дүйсенбі мен бейсенбі күні ораза ұстап өткен. Рамазан айынан тыс уақытта сүннет ораза деген болады. Бұл жерде мәселе өмірін қорқынышпен өткізіп, парызды орындау емес. Керісінше, Алла тағала бізді қалай шексіз жақсы көрсе, біз де «Алла тағала сен үшін істедім» деген махаббатпен істеу керек.
- Соңғы сауалым мынадай, қиямет қайым күнде жер бетінде тек мұсылмандар қалады деген бейнебаяндар әлеуметтік желілерде толып жүр. Осы төңіректе сіздің пікіріңіз қандай?
- Қиямет күнде жер бетінде садақа беретін адам таппайсың делінеді. Яғни барлығы да бай-бақуатты болады. Бұл да қиямет қайымның бір белгісі. Тағы да ақірет күнінде әке мен шеше құл секілді, еркектер әйелдерге тәуелді болады және адамдар бірінің үстінде бірі өмір сүреді деп кеткен (қазіргі көпқабатты үйді айтып отыр). Сосын тағы да айтып өткендей, адамдар бір-бірімен үй салудан жарысады деп Пайғамбарымыз 1400 жыл бұрын айтып кеткен. Сол секілді біздің уақыттан кейін не болатынын кім біліпті? Қиямет қайым жақындағанда 1 жыл бір айдай, бір ай бір аптадай, бір апта бір күндей өтеді, делінген. Сондықтан қазіргі болжам қазір болмаса да, 1400 жылдан кейін орындалуы ғажап емес.
- Әңгімеңізге рахмет!
Әңгімелескен Шынар БЕКБАН