ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 2 ЖЫЛДА АНА ӨЛІМІ ЕКІ ЕСЕГЕ ТӨМЕНДЕГЕН
Соңғы бірнеше жыл бойы елімізде ана мен бала өлімін төмендетуге бағытталған жобалар өз нәтижесін көп күттірмей беріп жатыр. Отандық мамандардың шетелде білімін жетілдіруі, шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасуы, көптеген жаңа технологиялардың медицина саласына ендірілуі – аналар мен сәбилердің өлімін тез қысқарта білді. Мәселен, Қызылорда облысында соңғы екі жыл көлемінде ана өлімі екі есеге, бала өлімі 1 жылда 34,7 пайызға төмендеген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сапар Рахменшеевтің айтуынша, өңірде туу көрсеткіші артып, жасанды ұрықтандыру орталығы мыңдаған отбасыға бақыт сыйлапты. Осы орайда басқарма басшысын әңгімеге тартып, облыстың денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері мен проблемалары жайында сұрап-білдік.
- Сапар Құттыбайұлы, Алматы мен Астанадан бастау алған ағза алмастыру операциялары Қызылорда облысына да жетіп, жергілікті науқастар алысқа бармай облыс орталығында емделіп жатқанын естідік. Отаны жергілікті дәрігерлердің өздері жасап жатыр ма, әлде сырттан алдырттыңыздар ма?
- Тек қызылордалық дәрігерлер деп айтпаймын, Алматы мен Астанадан білікті мамандар келіп, бірлесе жасалып жатқан операциялар бұл. Атап айтар болсам, өткен жылдың соңында тұңғыш рет созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Ең ауыр операциялардың бірі болып есептелетін отаны облыстық медицина орталығының хирург дәрігерлері мен А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының дәрігерлері бірлесіп жасады. Мұндай ота республикада осыған дейін үш облыста ғана жасалған. Қазір бізде яғни, облыстық медицина орталығында ота жасау үшін барлық жағдайлар жасалған, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әрине, бүйрек ауыстыруға бұрын өзге аймаққа немесе шет ел асуға тура келетін еді. Бұл қиындықтар артта қалды. Дегенмен, кезегін күтіп жүрген жандар аз емес. Барлығын бір мезетте бүйректерін ауыстырып тастау тағы мүмкін емес. Әрқайсысы сол отаға арнайы дайындалады. Ал, ең басты проблема – донордың табылуы. Бұл тек біздің өңірге тән проблема емес, донор проблемасы бүкіл Қазақстанда, тіпті әлемде десем де артық айтпағаным.
- Ана мен бала өлімін төмендету көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы еліміз бойынша алдыңғы қатарда. Осынау проблеманы шешу үшін өңірде қандай шаралар атқарылып жатыр?
- Иә, облыста сәбилердің шетінеуі 34,7 пайызға азайды. Сол сияқты, ана өлімі де 2013 жылмен салыстырғанда екі есеге қысқарды. Бұл көрсеткіш бойынша біз республикадағы алдыңғы аймақтардың қатарына ендік.
Бұл көрсеткішті төмендету үшін қолдан келгенін жасап жатырмыз, қазіргі басты міндет – ана мен баланың өлімін төмендету ғой.
Өткен жылы заманға сай жасақталған облыстық «Ана мен бала» орталығы пайдалануға берілді. Жұмысын бастағалы бері орталықта 3 мыңға жуық сәби дүниеге келді. Қазір мұндағы мамандар жасанды ұрықтандыру тәсілін (ЭКО) енгізіп отыр. Сонымен қатар, облыс орталғында 200 орынға арналған балалар ауруханасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Осының барлығы ұлт саулығын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып жатыр.
- Тек Қызылордада емес, еліміздің біраз аймағындағы медицина саласында кадр мәселесі проблема. Сіздер бұл проблеманы қалай шешіп жатырсыздар?
- Иә, маман тапшылығы бізде жоқ деп айта алмаймын. Проблеманы шешу үшін республикадағы барлық жоғары оқу орындарында өткен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» шараларына облыстың медицина ұйымдарының басшылары және басқарма мамандары қатысып, облыста жұмыс атқаруға тілек білдірген мамандармен және оқу бітіруші облыс тұрғындарымен жеке-жеке жұмыс жасалып жатыр.
Сонымен қатар, дәрігер мамандарды тұрақтандыру мақсатында аудан әкімдіктері тарапынан да әлеуметтік қолдау шараларын (тұрғын үй салуға жер бөлу, балаларын балабақшамен қамту, жатақхана, малмен қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтерін өтеу т.б.) жандандыру жұмыстарын жүргізудеміз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерлердегі медицина ұйымдарына жұмысқа қабылданған мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беріліп келеді.
Жалпы облыстағы емдеу ұйымдарының медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда: дәрігерлермен 2047 - 28,8 (2013 жылы -27,7 ), орта буын медицина қызметкерлерімен 7658 - 107,8 (2013 жылы -104,2 ) құрайды.
Медициналық ұйымдарда балалар дәрігерінің жетіспейтіндігі орын алып келеді, дегенмен, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша, қазіргі уақытта жалпы тәжірибелік дәрігерлердің үлес салмағы артуда. Яғни, әмбебап дәрігер, аймағындағы сәбидің де, ересектің де денсаулығына қарай алатындай дәрежеде болмақ. Қазір облыстағы барлық емханалар жалпы тәжірибелік дәрігерлермен қамтылуда.
- Бір өкініштісі, елімізде қазір сәбилердің кешеуілдеп дамуы байқалып отыр. Аутизмге шалдыққан нәрестелер де көп. Олардың арнайы орталықтарда емделуіне, жолдама алуына қандай жағдай жасап жатырсыздар?
- Иә, расымен де аутизм проблемасы бар, онымен күрес жүргізіліп жатыр. Балаларды емдеу үшін ашылған арнайы оңалту орталықтарына аймақтық дәрігер есепте тұрған науқас сәбилерді жоспарлы түрде жібереді. Яғни, науқастың диагнозына сәйкес оның емделу уақыты белгіленеді.
- Тегін дәрі-дәрмек төңірегінде дау көп. Ол кімге және қандай жағдайда беріледі?
- ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2011ж. №786 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті емханада диспансерлік есепте тұрған тұрғындар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
- Соңғы сауал, дәрігерлер санитарлық авиациямен шалғайдағы ауылдарға қызмет көрсетіп жүр. Жалпы мұндай қызметке кез-келген адам жүгіне ала ма?
- Қай салада болмасын технологияның соңғы үлгісін қолданудамыз. Сол секілді шалғайдағы науқастарға дер кезінде көмек көрсету үшін санитарлық авиация жұмыс жасап тұр. Аудан орталығынан 300 шақырымнан алыс орналасқан ауылдар бар. Сондықтан да ауылдағылар санитарлық ұшақты асыға күтеді. Арнайы шақыру болмаса да, облыстық медициналық орталық дәрігерлері осындай алыстағы елді мекендерге мүмкіндігінше жиі баруға тырысады. Биыл алғашқы 4 айда 59 шақырту болған, былтыр санитарлық авиация 142 мәрте өз міндетін мүлтіксіз орындады.
- Әңгімеңізге көп рахмет!