СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КЕЗ-КЕЛГЕН ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТ ҮШІН ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕ
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жалпы ұлттық міндет және бұл мәселе жаңа көзқарасты талап етеді. Сыбайлас жемқорлық мемлекет және қоғам үшін айтарлықтай қауіпті болып танылып, қалыпты экономикалық дамуға кедергі жасайды, жалпы ұлттың бәсекеге қабілеттілігіне үлкен күмән келтіреді.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауында еліміздің экономикасын жаңа сатыға көтеріп, халықтың тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсарту бағытында ауқымды жұмыстардың жүзеге асырылғандығын және оларды одан әрі дамыту жолдарын ерекше атап көрсеткен. Бұл орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен, басқа да құқық қорғау органдарына жүктелер міндет те зор. Осы орайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Тұрғанбаевпен әңгімелесудің сәті түсті.
- Данияр Мұқанұлы, сіздің қызметке тағайындалғаныңызға 6 ай толып отыр. Бұған дейін сіз қаржы полициясы органдарында 16 жылдан астам әртүрлі басшы лауазымдарда қызмет атқардыңыз. Жаңадан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарына қызметке ауысу, тұтастай бір аумақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау қызметін іске асыруға жетекшілік жасау барысында қиындық немесе түсініспеушілік туындаған сәттер болды ма?
- Рахмет! Бұрынғы қызмет еткен жылдарымда да барлық құқық қорғау органдарымен қоян-қолтық жұмыс істегенбіз. Әсіресе, экономика саласындағы және лауазымды тұлғалармен жасалатын заң бұзушылықтармен күрес жұмысы менің бұрынғы атқарған қызметімде жетекшілік жасаған салаларым болды. Жұмыс болған соң оның қиыншылығы мен абыройы қатар жүреді, сондықтан осы елдің азаматы ретінде қандай қиындық болса да жеңуге ұмтыламыз.
- Ендеше негізгі тақырыбымызға қарай ойыссақ, алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының қазіргі уақытта атқарып жатқан негізгі міндеттеріне тоқталсаңыз?
- Елбасы Республика халқына жолдауында, 2014 жылдың 6 тамызында өткізілген Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде сыбайлас жемқорлықпен күрестегі атқарылатын негізгі шараларды атап өтті. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарына сыбайлас жемқорлықпен күресте жаңа стратегия қалыптастыруды тапсырған болатын. Агенттік Төрағасы Қайрат Пернешұлы Қожамжаров алда тұрған стратегиялық мақсаттарды нақтылап, қызметімізді жүйелі сыбайлас жемқорлыққа, маңызды мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатын, ұлттық қордан қаржыландыру барысында қаражатты жұмсау барысында жемқорлықты болдырмау, азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағыттап отыр.
- Қазіргі қоғамда көтеріліп отырған өзекті мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес. Осы мерзім ішінде облыстағы жемқорлық қылмыстың жалпы ахуалы, онымен күрес барысы туралы айтсаңыз.
- Департаментпен 2015 жылдың 4 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 52 қылмыс оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі тіркелсе, олардың тең жартысы, яғни 26 қылмыстық іс тек парақорлық фактілері бойынша тіркелген.
Елбасы талап еткендей, мемлекеттік органдарға деген халықтың сенімін арттыру бағытындағы шаралар биліктің басты бағдары және негізгі қызмет өлшемі деп бағалануы тиіс. Біз жемқорлықпен күресті одан әрі күшейтетін боламыз. Өндіріспен жыл басынан 13 қылмыстық іс аяқталып, оларды 7-і сотқа жолданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен өткен жылдың соңында, осы жылы анықталған бірқатар қылмыстар соттарда қаралуда.
Атап айтқанда, 2014 жылы желтоқсан айында Шиелі аудандық қазынашылық бөлімінің басшысы парақорлық әрекеті әшкереленіп, сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
- Департамент қызметкерлері жыл басынан бері жүйелі жемқорлықтың қандай келеңсіз оқиғаларын әшкереледі?
- Негізгі анықталған сыбайластық сипаттағы қылмыстардың 50 пайызы парақорлық деп отырмыз, оның ішінде пара беру арқылы жасаған қылмысқа қатысу әрекетін жасау оқиғалары да кездеседі. Мысалы, жыл басынан 2 жүйелі жемқорлық фактісі анықталып, 13 тұлғаға қатысты 18 қылмыс анықталған.
- Ар-намыс кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Осы төңіректе не айтасыз...
- «Ар-намыс кодексінің 8-тармағына сәйкес «Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс» - деп көрсетілген. Алайда мемлекеттік қызметшілерге жүктелген бұл міндет әлі де өз деңгейінде орындалмай келеді.Өз ісіне селқос қарап, жемқорлыққа жол берген мемлекеттік қызметшілер осы әрекеттерімен ел сеніміне селкеу түсіруде.
Жыл басынан тәртіптік кеңес шешімімен 4 қызметкерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жаза қолдану ұсынылып, олар жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, жол-патрульдік полициясының 4 қызметкері қызметтен босатылды.
Бұдан басқа 44 ұйғарымдар мен ұсыныстар мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізіліп, олардың 38-ін қарау нәтижесімен 37 тұлғаға тәртіптік шаралар көрілген.
- Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, тұрғындардың көпшілігі сыбайлас жемқорлық құбылысын жою аса қиын деп есептеп, бұл құбылысты немқұрайлықпен қабылдайды.
- Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кез-келген қоғам мен мемлекет үшін ерекше мәселе. Жемқорлықпен күрес қоғам үшін әруақытта да үздіксіз міндет болып саналады. Сондықтан да, бұл қоғамдық кеселмен күресуде әрбір азамат өзінің жемқорлыққа деген көзқарасын, сана-сезімін өзгертіп, құқықтық мәдениетін жоғарылату қажет деп санаймын. Алдын алу шаралары кеңінен жүргізілетін болады. Бұл жұмысты біз өз күшімізбен де, сонымен бірге құқық қорғау және жергілікті билік органдарымен, «Нұр Отан» партиясымен, үкіметтік емес ұйымдармен және тікелей тұрғындармен тығыз байланыста іске асыратын боламыз. Департамент қызметкерлерімен жүйелі түрде мемлекеттік органдар қызметкерлеріне, оқу орындарының студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын түсіндіру және осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндамалар оқылуда. Сонымен қатар, Департамент жанындағы жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мәжілісі тұрақты жұмыс істеуде.
- Жергілікті тұрғындармен байланыстың деңгейі қандай?
- Азаматтар сенімінің артуы – біздің қызметіміздің жоғары нәтижелілігі деп білемін. Департаменттің «1494» санды «сенім телефоны» облыс аумағындағы барлық елді-мекендердегі тұрғындардан түскен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды дер кезінде тікелей қабылдау мақсатында тәулік бойы қызмет атқарады. Айта кететін өзекті мәселе, ол өткен жылғы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары бар.
Көтермелеуге жататын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдемдесу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау фактісі туралы хабарлауды, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтау, жолын кесу және ашу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.
Көтермелеу - тұлға берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты әкiмшiлiк жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген жағдайда немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда немесе ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана төленеді.
Біржолғы ақшалай сыйақының мөлшері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстың ауыртпалығына сәйкес 30 және 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленген және құпиялық пен мемлекет қорғанысы кепілдендіріледі.
Егер де көтермелеуді алу мақсатында көрінеу жалған ақпаратты хабарласа, ол азамат ҚР заңдарына сәйкес жауапкершілікке, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады.
- Данияр Мұқанұлы мазмұнды да, дәйекті әңгімеңізге үлкен рақмет!