«ЖАНКҮЙЕРЛЕР БІЗДІ ҚИЫН СӘТТЕРДЕ ДЕ ҚОЛДАСА ЕКЕН ДЕЙМІН»
Қазақстан кубогының ширек финалы аясында өткен «Қайсар» - «Астана» кездесуінен кейін қызылордалық команданың бас бапкері Дмитрий Огай журналистердің көптеген сұрақтарына жауап беріп, жанкүйерлер жайлы өз ойын білдірді.
- Өте тартысты ойын болды. Екі команда да гол соғатын бірнеше мүмкіндіктерге ие болған. Бірақ сәттілік «Астана» жағында болды. Шыны керек, «Астана» сияқты азулы, бай командаларға қарсы тұру қиын. Дегенмен, егер пенальтиді орындай алғанымызда, онда жеңіс бізге бұйырар еді. Алдымен есепте алға шықтық. Екінші таймның соңында пенальтиді дұрыс пайдаланғанда ешқандай да қосымша уақыт болмас еді.
- Владислав Нехтий команданың негізгі пенальтисті ме?
- Жоқ, мен Эдин Юнузовичке «пенальтиді сен орында» деп айқайладым. Бірақ, өзіне сенімді болмады ма, Эдин допты Владқа қалдырды. Жалпы, бұл мәселені ойыннан кейін талқыладық. Бірақ болар нәрсе болды. Енді ешнәрсе өзгерте алмайсың.
- Бүгін команда жақсы ойнады. Гол соғатын көптеген мүмкіндіктер ұйымдастырып, шабуылда қарқынды болдық. Неліктен бұған дейінгі матчтарда футболшылар осылай ойнамады?
- Мұның алдындағы ойындарда нашар болдық деп айтпас едім. Шымкентте гол соғатын көптеген мүмкіндіктер ұйымдастырдық, Ақтөбеде жеңіске жетуге шақ қалдық. Басқа кездесулерде де футболшылар бар өнерлерін ортаға салып жүр. «Қайсар» қай матчқа болмасын, алаңға тек жеңіс үшін шығады.
- Трансферлік науқан жақындап қалды. Команда құрамына өзгеріс енгізуді жоспарлап отырған жоқсыз ба?
- Әлбетте, команданы біраз күшейтсем бе деймін. Барлығын барынша сараптаймыз ғой. Тығырықтан шығатын жолды іздеуіміз қажет.
- Әрдайым ұтыла бердік. Бұл тығырықтан қалай шығамыз? Не жоспарыңыз бар?
- Біріншіден жігерлік керек. Қайсар мінезімізді көрсетуіміз қажет. Әр футболшы алаңда аянып қалмай, бар күшін сарқылтуы тиіс. Егер ойыншылар алаңда аянып, тартынып ойнаса, онда бұл ешқандай жақсылық әпермейді. Міне осындай кезде кімнің кім екені біліне бастайды. Команданың ойыны жүріп жатыр ма, бәріне жақсы. Ақсап қалдық па, онда бәрі кінәлап шыға келеді.
- Бүгін жанкүйерлер «Сенеміз, үміттенеміз, «Қайсар» үшін жаныңды сал» деген жазуы бар баннерді ұстап отырды. Көрдіңіз бе?
- Мен кейде ойынға беріліп кететінім соншалықты арт жағымдағы трибунада адамдар отыр ма, жоқ па, байқай бермеймін. Әлбетте, естіп отырамын. Бірақ мән беруге уақыт болмайды. Шынымды айтсам, баннерде не жазылғанын байқамадым. Ал жалпы, команданы Огай жаттықтыра ма, басқа ма, бәрібір әрдайым қолдауды аямау қажет. Үнемі жеңе беретін команданы таппайсыз. Мәселен, жақында Мәскеудің «Спартагы» өз алаңында 0:4 есебімен ойсырай жеңілді. Бірақ жанкүйерлерінің қолдауын көрсеңіздер ғой. Чемпиондыққа таласып жатқан Алматының «Қайраты» да өз алаңында қатарынан екі рет жеңілді. Алайда олардан ешкім теріс айналып кеткен жоқ. Бұл – спорт. Бәріене дайын болуымыз керек. Мен жанкүйерлер тек жеңісті күндері ғана емес, осындай қиын сәттерде де командамен бірге болса екен деймін. Бұл психологиялық тұрғыда футболшылар үшін өте маңызды.
- Ойын соңына таман Мартин Кляйнның өзі шабуылға атойлап шауып кетті. Бұл сіздің тапсырмаңыз ба еді?
- Ол бұған дейінгі матчтарда да ойынымыз жүрмей жатқан сәттерде алға шығып жүрді. Көп жанкүйерлер түсіне бермейді. Ал негізі Кляйн әуедегі доптарға талас кезінде шабуылда жақсы ойнайды. Допты алып қоя біледі.
- Ұзақ үзілістен кейін алаңға Юрай Пирошка шықты. Оны енді алаңнан үнемі көріп тұратын боламыз ба?
- Бәрі өзіне байланысты. Дұрыс түсінуіміз керек, басында адаптация тұрғысынан қиындық көріп жүрді. Сөйтіп жарақат алып қалды. Емделіп болған соң, өз ойынын таппай жүрді. Егер алдағы уақытта жаттығуларда өзін жақсы қырынан көрсетер болса, онда алаңға да шығатын болады. Болмаса, онсыз да ойнай береміз.
- Ал Дамир Дәуітов пен Пламен Димов қашан жарақаттарынан толық айығып, сапқа қосылады?
- Айту қиын. Екеуі әлі жалпы топта жаттыққан жоқ. Ұзақ жарақаттан кейін өздерін ойын барысында қалай сезінетіндіктерін де тап басып айта алмайсың. Шешім қабылдауға асықпау керек. Сондай-ақ, лазаретке Рахымжан Розыбакиев пен Жасұлан Молдақараев та түсіп қалып, жағдайымызды тіптен қиындатып жіберді.