АБАЙДЫҢ ӘНІН ЕЛБАСЫНЫҢ АЛДЫНДА ШЫРҚАДЫМ
Константин Луца 1995 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген. Сырдария ауданындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектептің түлегі. Сыр жастары арасында ән өнеріне қанат қағып келе жатқан талантты орындаушы. Республикалық ән байқауларының жеңімпазы.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толу мерейтойына орай өткен «Менің Қазақстаным» республикалық фестивалінде ән аталымы бойынша сайыстың бас жүлдесін иеленді. Ал жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Абайдың «Айттым сәлем, қаламқас» әнін орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
- Константин, қазақ тілін, қазақ әндерін қалай үйрене бастадың? Бұл қызығушылық па әлде қоғам талабы ма?
- Қазақ тілін бала күнімнен білемін. Өзім – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр елінің тумасымын. Достарым мен көршілерім қазақ болды. Олармен кездесіп, бірге ойнағанда да тек қазақ тілінде сөйлесетінбіз. Сондықтан бірінші сыныпқа барғанның өзінде мен қазақ тілін біліп тұрдым. Қазақы ортада тұрып мемлекеттік тілді білмеу мүмкін емес шығар. Оның үстіне, мектепте оқып жүргенімде қазақ тілі пәнінен түрлі байқауларға қатысатынмын. Жүлделі екінші-үшінші орындарды иеленіп жүрдім. Абай оқулары байқауына қатыстым. Қазір ақынның әндерін орындап жүрмін.
- Қазір қазақ тілін үйрену үшін түрлі тілашар құралдары, жаңа технологиялар шығып жатыр. Сеніңше, мұндай әдіспен қазақ тілін үйрену қаншалықты тиімді?
- Мемлекеттік тілді дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Мұндай әдістерді қолдаймын. Өйткені Қазақстанда тұрып, әрбір азамат мемлекеттік тілді меңгеруі қажет. Мүмкін мұндай технологиялар тілге енді ғана қызығушылық танытып келе жатқандарға көмек болар. Олар қазақ тілін үйренуге көп жеңілдік туғызуы мүмкін. Ағылшын тілін үйретушілер де «аз уақытта тілді меңгеріп шығасыз» дегендей жарнама беріп жатады. Тіл үйретуде де жаңа әдісті пайдаланған жөн. Өз ұлтым – молдован. Солай бола тұра, қазақтың тілімен қатар салт-дәстүрін де жақсы білемін. Әсіресе, Наурыз мейрамы қатты ұнайды. Жыл сайын оны асыға күтемін. Менің ойымша, қазақы салт-дәстүрлер арқылы да мемлекеттік тілге деген қызығушылықты көтеруге болады.
- Білуімізше, көптеген байқауда жеңімпаз атанып үлгердің. Шығармашылығыңдағы соңғы жаңалықтармен бөлісе отырсаң...
- Иә, мен вокалмен бала кезімнен айналысып келемін. Республикалық, облыстық байқауларға қатысып, тәжірибемді арттыруды жөн санаймын. Өйткені түрлі сайыстар арқылы шыңдала түсесің. Өзге қалаларды, елді танисың. Соңғы жаңалығым, жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Айттым сәлем, қаламқас» әнін шырқадым. Сөйтсем, бұл Президенттің жақсы көретін әндерінің бірі екен. Менімен қосылып шырқады. Әрине, бұл жағдай маған ерекше толқыныс пен қуаныш сыйлады.
- «Айттым сәлем, қаламқас» әнінен басқа қазақтың қандай әндерін шырқап жүрсің?
- Абайдың бұдан басқа да әндерін де орындаймын. Көбіне патриоттық әндерді айтамын. Әзірге осы жанрдағы өлеңдерді қамтып жүрмін.
- Шетелдік байқауларға шығу ойда бар ма?
- Шетелдік байқауларға әзірге шыққаным жоқ. Ол да ойда бар нәрсе. Бірақ, әуелі тәжірибе мен кәсібилік керек болар.
- Қазақстандық әншілерден кімді үлгі тұтасың?
- Көп әншінің шығармашылығымен таныспын, әндерін тыңдаймын. Әсіресе, марқұм Батырхан Шүкеновтің әндерін жақсы көремін. Өнерінен, ән айту мәнерінен үлгі аламын. Оның «Отан-Ана» әнімен «Қызылорда дауысы» байқауында мен гран-при жүлдесін ұтып алған едім. Бұл ән арқылы Батырхан Шүкенов бүкіл қазақ даласына, қазақ халқына деген махаббатын көрсетті. Одан өзге «Твои шаги», «Нелюбимая» әндері тыңдарманның жүрегінде сақталды. Шынымды айтсам, онымен кездесу менің арманым еді. Осыдан бір апта бұрын онымен Астанада кездесу бұйырды. Естелікке суретке де түскенбіз. Ал бүгін оның бақилық болғанын естіп, көңілім құлазып қалды. Иманы жолдас болғай. Батырхан Шүкенов - қазақтың ән өнерінде мәңгілік сақталатын тұлға.
- Әрине, ол – Сыр елінен қанат қағып, талантымен талайды таңғалдырған тұлғалардың бірі де бірегейі. Оның өнері мен өмір жолы көптеген жас өнерпазға үлгі. Ендігі сұрақ, жас өрендердің жарқырап шығуына қандай кедергілер бар?
- Мен қазір әншілікпен кәсіби тұрғыда айналысып жүргенім жоқ. Сондықтан бұл салаға шындап бет бұрған әншілердің жағдайын біле бермеймін. Бірақ шын талантың болып, музыкамен кәсіби тұрғыда айналыссаң, барлық кедергіні жеңуге болады деп ойлаймын.
- Қоғамда, жастар қауымы ішінде өзіңді толғандыратын қандай мәселелерді атай аласың?
- Жастар қазір алғыр әрі талапты. Оның үстіне мемлекет тарапынан жасалатын мүмкіндіктер зор. Тек соны пайдалану керек. Еңбек ете білсең, қандай да болмасын, арман-мақсаттарыңа қол жеткізуге болатынына сенемін. Бүгінде шет елге шығып, әлемге әйгілі жоғарғы оқу орындарының студенті атануға мүмкіндік зор. Тек бағытыңды айқындай білсең болғаны. Сонымен қатар, менің ойымша, жастар арасында мемлекеттік тілді көбірек насихаттау керек сияқты. Өйткені қазір қазақ тілінде сөйлемейтін жас көп. Солардың қызығушылығын оятып, қазақ тіліне деген құрметті арттыру керек деп ойлаймын.
- Алға қойған мақсаттарың қандай?
- Қазір «Болашақ» университетінде инженер-құрылысшы мамандығында оқып жүрмін. Екі жылдан кейін дипломымды аламын. Мүмкін, алдағы уақытта осы салаға байланысты екінші мамандықты меңгеретін шығармын. Әзірге бұл – менің алға қойып отырған мақсатым. Әрине, ән өнеріне сіңісіп, өзіндік стиль қалыптастырсам деген үлкен арманым бар.
- Сұқбаттасқаныңа рақмет, Батырхан ағаң сияқты өзіңді биіктен көре берейік!
Әңгімелескен:
Сара ОМАРОВА