«ЖЕМҚОРЛАР ӨМІР БОЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢАЙЫНАН ДА ЖҮРЕ АЛМАЙДЫ»
Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті болып өзгертілген болатын. Осы орайда аталмыш департамент басшысы Мұрат Қарымсақовпен сұқбаттасудың сәті түсті.
– Мұрат Секешұлы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып аты өзгерген құрылымның қызметінде қандай өзгешелік бар?
– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының тапсырмасы негізінде жұмысын бастады. Жаңа орган сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерінің алдын алуды басты мақсат етіп белгілеп отыр. Біздің алдымызда – жемқорлықпен күресте жаңаша бағыт ұстану, яғни, жемқорлық фактісін анықтап, кінәлілерді жазалау ғана емес, сыбайластықтың пайда болу шарттары мен себептерін анықтау міндеті тұр. Атап айтқанда, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, жемқорлықтың жасалуына ықпал ететін жағдайдың көлемін кеміту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған іс-шараларды кеңінен жүргізу қажет. Сондай-ақ, бұл міндетке мемлекеттік қызмет пен қызмет көрсету сапасын көтеру, жемқорлық қылмысты анықтау, тергеу мен оны ашу кіреді.
Желтоқсан айында қабылданған жаңа стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін, біріншіден, тұрғылықты халықтың көрсетіліп отырған мемлекеттік қызмет сапасына деген қанағаттанарлық сезімінің деңгейін бағамдап отыру қажет. Өкінішке қарай, мемлекеттік қызметте жемқорлық сипаты ара-тұра байқалып қалады. Көп жағдайда құқықтық мәдениеті төмен азамат жемқорлықтың құрбанына айналады. Яғни, мұндай жағдайдың орын алуы халықтың сауаттылық деңгейінің төмендігі мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратпен қамтылмағандығынан. Сондықтан да, мемлекеттік органдардың қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау орнатылуы, сапалы мониторинг жасалуы маңызы. Мәселенің өзегі қолжетімді құқықтық білім алуда тұр, бұл ретте әрбір тұлғаның өз есімін білгендей, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы өз құқығын білетіндей жағдай жасауымыз қажет. Аталған жағдай сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу тәрбиелік бағдарламаларды енгізу, мемлекеттік органдардың өз-интернет ресурстарын сапалы түрде жасақтауы және қоғам өкілдерімен тығыз да сенім ұялататын байланыс орнату нәтижесінде орын алады.
Агенттік халықпен кері байланысты Кеңес беру орталығы арқылы жүзеге асырмақшы. Байланыс орталықтарының (Call-center) қызметкерлері тәулік бойы азаматтарға заңнама нормалары мен белгілі бір сыбайлас жемқорлық жағдайында әрекет ету тәртібі жайлы түсіндірмелер беріп отырады. Еліміздің барлық өңірінде сыбайлас жемқорлық пен сапасыз мемлекеттік қызмет көрсету көрінісімен бетпе-бет келгенде хабарласа алатын «1494» сенім телефоны жұмыс істейді. Сондай-ақ, күн сайын азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі. Оған қоса, жемқорлықты болдырмау мақсатында жұртшылықтың мұң-мұқтажын дер кезінде анықтау үшін агенттіктің өңірлік департаменттері жанында қоғамдық кеңестер жұмыс жасайды. Департамент жанындағы қоғамдық кеңес ай сайынғы отырысында жұртшылықты алаңдатқан негізгі мәселелерді терең талдайтын ашық алаң болмақ. Қоғамдық кеңестің 13 мүшесі бар. Олар түрлі қоғамдық ұйымның, отандық кәсіпкерлік құрылымының, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, мемлекеттік қызметтің сала жетекшілері.
– Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік қызметшілерге шара қолданатын тәртіптік кеңестің тиімділігі қаншалықты?
– Тәртіптік кеңес – мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызметшілердің заң талабына сай жұмыс істеуін бақылайтын, сондай-ақ, өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіретін алқалы орган болып табылады. Қылмыс құрамы жоқ, алайда, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан орын алған заңсыздыққа қатысты жинақталған деректер тәртіптік кеңес қарауына ұсынылады. Осы жерде мәселенің мән-жайы толық сараланып, тиісті баға беріледі.
Жалпы, тәртіптің кеңесте 2014 жылдың 12 айында 12 отырыс өткізіліп, 70 тәртіптік іс қозғалды, оның 69-ына қатысты тиісті шешім қабылданса, 1 тәртіптік іс тоқтамға алынды. 69 тәртіптік істің нәтижесіне сай 38 мемлекеттік қызметшіге және оларға теңестірілген адамдарға тәртіптік жаза қолданылып, 8 – қатаң сөгіс, 19 – қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беріліп, 11 адам атқарып отырған қызметінен босатылды. Тәртіптік кеңестің әр отырысы бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткізіледі. Бұл сыбайлас жемқорлықтың санын азайтуға септігін тигізеді деп сенемін.
– Осындай ескерту, алдын алу шараларына қарамастан, өз қызметін ақша табудың құралы етіп, алдына келген адамды қасақана әуре-сараңға салатын, сөйтіп, ақша дәмететін парақорларға жаңа Қылмыстық кодексте қандай жаза көзделген?
– Құқықтық мемлекеттің тірегі, қауіпсіздігінің кепілі – нормативтік-құқықтық база. Қазіргі уақытта қолданысқа енгізілген Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстердің қайта жаңғыртылуы да құқықтық құжат¬тарды неғұрлым халықаралық талаптарға сәйкестендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға басымдық беріп, еліміздің құқықтық әлеуетін көтеру мақсатын көздеп отыр.
Жаңа Қылмыстық кодексте сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшiн жауапкершiлiк күшейтiлген. Осындай қылмыс үшін сотталған адамдарға белгілі бір қызметті атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Кодекс талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларға қатысты шартты жаза тағайындауға жол берілмейді. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша қылмыстық істерді тараптардың татуласуына байланысты қысқартуға тыйым салынған. Сол сияқты, пара алғандарға еселенген айыппұл салу жазасы енгізіліп отыр, айыппұл төленбеген жағ¬дайда жаза бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы заңмен қарастырылған.
– Мұрат Секешұлы, осындай күрмеуі қиын қызметті атқару кезінде нені басшылыққа аласыз?
– Біріншіден, кез келген мемлекеттік қызметші халыққа адал қызмет етуі керек. Өйткені, бізді осы тұғырға отырғызған да, сенім білдірген де – халық. Ендеше, көпшіліктің сеніміне сызат түсірмей, үмітін ақтау парызым деп есептейтін. Бұл жолда табанды, әділ, еңбекқор болу нәтижені еселеп, мемлекеттік қызметтің беделін өсіретіні анық.
- Әңгімеңізге рақмет!