ЖАРАҚАТЫМ СОЛ БІР ЖЫЛДАРДАН ҚАЛҒАН ЕСТЕЛІГІМ ІСПЕТТЕС...
Осы жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетін боламыз. Жеңіске жету жолы әрбір отбасына қайғы мен қасіретін тигізбей қоймағаны рас. Бірі әкесінен, енді бірі бауыр еті баласынан, бауырынан, жарынан айырылғаны белгілі. Сол қиын жылдары Жеңістің жақындай түсуіне әр адам өз үлесін қосқан болатын. Аталарымыз бен әкелеріміз, әжелеріміз бен аналарымыз күні-түні бүгінгі бейбітшілік, тыныш өмір үшін тынымсыз еңбек етті.
Соғыста қаза болған жиырма миллион адамның 4541-і Қазалыдан болса, оның 327-і Октябрь ауылының жауынгерлері еді. Ел басына күн туып, ер етігімен қан кешкен қасіретті шақта Октябрь азаматтары кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында кеуделерін оқ пен отқа тосты. 1418 күнге созылған сын сағатта қазақ халқы сыр берген жоқ. Азап пен тозаққа толы соғыста Октябрь ауылының перзенттері ерлікпен шайқасты. Соғыс жылдарында майданда соғысқан ардагерлердің бірі – Смағұл Қабақ Жетесұлы. Қабақ Жетесұлы ерліктері үшін бірнеше орден-медальдармен марапатталды. Осы зұлмат жылдарды басынан өткізген ардагермен әңгімелесудің сәті түскен болатын.
- Қабақ ата, алдымен өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз?
- Мен қазіргі Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылында 1923 жылдың сәуір айында дүниеге келдім. Әкем Смағұл, Смағұлдың әкесі Жетес. Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары қолына қару ұстаған талай азамат майдан даласына аттанып жатты. Сол бір қиын қыстау кезеңде ер азаматтың орын басқан кейбір балалар мен әйелдер белі бүгіле ауыр жұмыс атқарып, заман ауыртпашылығын басынан өткерді.
- Әскер қатарына қашан шақырылдыңыз?
- Соғысқа дейін 1940 жылдың желтоқсан айында әкем еңбек майданына кетіп, оқуымнан қол үзіп, колхоздың басшысы болып жұмыс істеуіме тура келді. Ол кезде он сегізге енді толған кезім. Анам бар, туыстарым бар, барлығы он бес шақты жақындарымды асырауыма тура келді. Бозбала шағымда арман деген асқақ болады ғой. Бірақ сұм соғыс құрық салып, 1942 жылдың 19 мамырында әскер қатарына шақырылдым.
- Қай қалаларда соғыстыңыз?
- 1942 жылы шілде айының 20 жұлдызында Мәскеу бағытындағы Тула қаласына жақын жерде қорғаныста тұрып, сол жылдың желтоқсан айынан бастап неміс фашистеріне қарсы шабуылға шықтық. Үшінші екпінді армиясында Маршал Рокосовскийдің басқаруындағы Тула қаласын азат етіп, Орел қаласына бағыт алдық. 1943 жылдың 19 ақпанда Орел қаласын азат ету шайқасында ауыр жараланып, Горький қаласындағы әскери госпитальда тоғыз ай емделіп, әскери комиссия шешімі бойынша елге қайтарылдым.
- Қандай орден-медальдарыңыз бар?
- 1942 жылы желтоқсан айында қолбасшы Рокосовский басқарған ІІІ екпінді армия қатарына Тула қаласына азат ату соғысына қатысқаным үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Жеңістің 25 жылдығы», «Жеңістің 30 жылдығы», «Жеңістің 40 жылдығы», «Жеңістің 50 жылдығы», «КСРО Қарулы күштеріне - 60 жыл», «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл» мерекелік, Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың, А.Гречконың естелік медальдарымен, сонымен қатар батылдық үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталдым. Неміс басқыншыларына қарсы соғыстағы ерлігі мен батырлығы үшін СССР Жоғарғы Кеңесі Президумының 11 наурыз 1985 жылғы бұйрығымен І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденім де бар.
- Елге қайтқан соң немен айналыстыңыз? Қандай қызметте болдыңыз?
- Соғыстан кейінгі жылдарда ағарту үйінің меңгерушісі, ауылдық советтің хатшысы болып қызмет еттім. 1950 жылдан №24 Октябрь орта мектебінде есепші болып қызмет істеп, 1951-1953 жылдары Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік Киров атындағы Университетінің философия-экономика факультетінде оқып, тұрмыстың ауырлығына байланысты оқуды үзуге тура келді. 1953 жылдан бастап аудандық оқу бөлімінде, ет комбинатында, пансиондық интернатта және Майдакөл ауылдық советінде зейнетке шыққанша есепшілік қызмет атқардым.

- Отбасыңыз, балаларыңыз жайлы айтып өтсеңіз?
- Соғыстан келген соң Күлжан екеуміз бас қосып, он бала өсіріп, азамат қатарына қостық. Бүгінде біреуі қорғаныс министрлігінде, біреуі Алматы облыстық қаржы бақылау басқармасында, медицина саласында, оқу-ағарту, ауылшаруашылық салаларында қызметтерін атқарып жүр. 21 немере, 13 шөбере, 1 шөпшекті көргізді, шүкір!
- Бос уақытыңызда қандай іспен айналысқанды жақсы көресіз?
- Бос уақытым немерелеріммен өтеді. Солардың жадыраған жүздеріне, бал қылықтарына, тәтті күлкілеріне қарап отырғанға не жетсін.... Негізінен спортты жаныма серік етіп, табиғи сауықтыруды мұрат етіп келемін. Үй айналасына бау-бақша баптаймын. Ол да немерелерім үшін ғой.
- Өзіңізден кейінгі ұрпаққа ақ батаңызды берсеңіз?
- Соғыс біз үшін үлкен сабақ болды. Ерте бастан қиындықты көрген біз балалық қиял, тентектік дегеннің не екенін де білмей өсіппіз. Жастайымыздан әскерге аттанып, соғыс жылдарында небір сұмдық оқиғаларды бастан өткеріп, сұмдық әрекеттердің куәсі болдық. Бұл өте бір сұрапыл да қиын жылдар болды. Қазір ойлап қарасаң көрген түс секілді. Бірақ көзіңді жұмсаң бәрі де қайта пайда болады. Бұл менің үзеңгілестерімнің барлығының басынан өткерген жәйттер. Соғыс жылдарында ауыр жарақат алып, екінші топтағы мүгедек болып қалдым. Жарақатым күні бүгінге дейін менің сол бір жылдардан қалған естелігім іспеттес, «өткеніңді ұмытпа» дегендей, ара-тұра ауырғанда өткен өмірді есіме салып отырады. Қазақ даласы бұдан кейін сол жылдарды басынан өткізбесін...Балаларымыз тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүрсін. Менің батам сол болсын!
- Айтқаныңыз келсін! Әңгімеңізге рақмет! Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!
Сұхбаттасқан Шынар Бекбан