«МЕНІҢ ЕҢ БАСТЫ АРМАНЫМ - ЖЕРЛЕСТЕРІМНІҢ СЕНІМІН АҚТАУ»
Өздеріңізге белгілі ұлттық арнадан «Қазақстан дауысы» тележобасының екінші маусымы болып жатыр. Алты айға созылған жобада бірнеше қызылордалық өнерпаздар өнер көрсетті. Соның ішінде Мақсат Мақұлбеков бүгінде ақтық сынға жетіп отыр.
Мақсат Мақұлбеков 1987 жылдың 16 қыркүйегінде Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Қызылорда қаласындағы №253 қазақ орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, 2005 жылы бітірген. Сол жылдан бастап, Қазанғап атындағы музыкалық колледжде білім алады. Ұстазы – ҚР еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетова. Қазіргі таңда мемлекеттік Абай және Опера балет театрында солист.
Мақсат Мақұлбеков туралы тәлімгері «Байқау кезінде ең бастысы арамызда шығармашылық байланыс орнады. Онымен жұмыс істеу ерекше шабыт сыйлайды», дейді. Ал, Мәдина Сәдуақасова «Мақсат - «Қазақстан дауысы» атағына лайықты үміткер», деген бағасын берді. Реттік нөмірі - 32. Жартылай финал нәтижесі бойынша тәлімгерінің 60 пайыз, көрерменнің 46 пайыз дауысын иеленіп, финалға жолдама алды.
Осы орайда, қызылордалық Мақсат Мақұлбековпен желі арқылы сұқбаттасудың сәті түсті.
Мақсат, алдымен өзің туралы айтып өтсең? Неше жасыңнан бастап ән айтасың? Бүгінге дейін қандай жетістіктерге жеттің?
- 10 жасымнан ән айтамын. Колледж қабырғасында жүріп, көптеген конкурстарға қатысқан болатынмын. Атап айтатын болсам, 2007 жылы Қызылордада өткен 28 Республикалық вокалистер конкурсында 1 орын, 2007 жылы Талдықорғанда өткен республикалық «Дельфилік ойындары» фестивалінде 2 орын, сол жылы Шымкент қаласында өткен « Романсиада» конкурсында арнайы дипломмен, Астана қаласында өткен «Шабыт» фестивалінде «Үміт» сыйлығын алдым. 2009 жылы Қазанғап атындағы колледжді жақсы бітіріп, осы жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясына халық әртісі, профессор Ғафиз Есімов сыныбына оқуға түстім. 2012 жылы ҮІ Халықаралық Бибігүл Төлегенова атындағы вокалистер конкурсында 2-ші орынға ие болдым. 2012 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» фестивалінде 3 орынға ие болдым. 2013 жылы Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ саз фестивалі аясындағы байқаудан 1 орынға ие болдым. 2013 жылы Талдықорған қаласында өткен Мұқан Төлебаев атындағы конкурста 1 орынды, сол жылы Алматыда өткен халықаралық вокалистер конкурсында 3 орынды жеңіп алдым.
- "Қазақстан дауысы" байқауына қалай келдің? Сол туралы айтып өтсең...
- «Қазақстан дауысы» тележобасының бірінші маусымының іріктеу кезеңі Қызылорда қаласында өтпегеніне байланысты қатыса алмай қалдым. Бірақ алдыма жобаның келесі маусымы өтетін болса міндетті түрде қатысып, өз өнерімді көрсетемін деген мақсат қойған болатынмын. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жобаның екінші маусымына қатысып, көзді ашып-жұмғанша финалға да жеттім.

- Жобада кімнің тобына қосылуды армандадың?
- Негізі көрмей тыңдау кезеңінде Медеу Арынбаев пен Алмас Кішкенбаев бұрылса деп келгенмін. Дегенмен Медеу Арынбаев бұрылған кезде қуанышымда шек болмады.
- Сені 100 пайыз қолдап отырған тәлімгерің туралы айтып өтсең? Жаңа әнін ұсынғанда қандай сезімде болдың?
- Тәлімгерім Медеу Арынбаев туралы айтататын болсам, ол мықты әнші ғана емес, сазгер, сонымен қатар өнері мен адамгершілігі қатар жүретін салмақты және де қазақ өнерінің шын жанашыры. Әрбір сазгер өз әнін әншінің даусына, табиғатына музыкалық тілме айтқанда даусының бояуы мен даусының диапазонына байланысты әндерін ұсынып жатады. Сондықтан болар менің тәлімгерім жаңа әнін маған толықтай сеніп тапсырды. Әрине, маған ұсыныс жасаған кезде өте қуанышты болдым, үмітін толық ақтадым деген ойдамын.
- Медеу Арынбаев пен жобаға қатысушы Гүлім Жүсіпбекованың арасындағы түсініспеушілік туралы не айтасың?
- Өз ойымды айтатын болсам, тәлімгердің берілген тапсырмасы орындалу керек. Жобаның шарты осындай. Медеу Арынбаев тек әділдікті бағалайтын азамат.
- Тәлімгеріңмен әрі қарай жобадан кейін жұмыс жасайсыңдар ма?
- Әрине, Алла тағала сәтін салса, болашақта тәлімгеріммен жұмыс жасауға дайынмын.
- Жобада өзіңе мықты қарсылас деп кімді айтасың?
- Жобаның ақтық сынына өткен әр өнерпаз жеңіске лайықты. Мен үшін осы төрттікке іліну, ақтық сында өнер көрсету –қуаныш, бақыт, жеңіс. Қазақ халқының дана биі Төле би айтпақшы, адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтын - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен де - ардақтысы өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық. Жобаға қатысушылардың арамызда ең маңыздысы сыйластық деп білем.
- Кемшілік тұсың бар ма?
- Әрине пенде болған соң, әр адамның өзіне тән артықшылығы және сонымен қатар кемшілігі қатар жүреді.
- Жобада сенің ең бірінші жанкүйерің кім деп ойлайсың?
- Ең бірінші жанкүйерім – отбасым. Сонан соң маған сеніп дауыс беріп отырған жанкүйерлерім. Менің ең басты арманым – осы маған сеніп дауыс беріп, менімен бірге тақымын қысып отырған жанкүйерлерім мен жерлестерімнің сенімін ақтау.
- Әңгімеңе рақмет! Сені жеңіс тұғырынан көрейік!
- Рахмет!
Сұқбатты жүргізген Шынар БЕКБАН