«ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ БОЛУ – МИЛЛИОНДАРДЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
Индира Тұрсынбай,
«Еуразия» бірінші арнасының жаңалықтар жүргізушісі
Күнделікті кешкілік көгілдір экраннан көріп жүрген тележүргізуші қыз қарапайым ғана ауылдан шыққан десе, сенер ме едіңіз? Иә, расында солай. Жаңақорғанда кіндік қаны тамған тележүргізуші Индира Есалықызы туған жеріне табан тірегенде, онымен сұхбат жасадық.
- Әңгіменің әлқиссасын туып өскен ауылыңыздан бастап, балалық шаққа бір саяхаттасақ...
- Әрине, әркімге туып өскен өлкесі ыстық болады ғой. Өзім Жаңақорған ауданының Қыркеңсе ауылында 1983 жылы дүниеге келдім. Осындағы №213 орта мектепте он жылдық сыныпты қызылға бітірдім. Үйдің ең кенжесі болғаннан кейін шығар, ерке боп өстім. Мектепте жүргенде түрлі іс-шаралар мен салтанатты кештерді ұйымдастырып, өзім жүргізетінмін. Бала күнінде барлық ұл-қыздар ескі-құсқы теледидардың қаңқаларын жоғарырақ қойып, соның ішіне басын сұғып, ауа райы мен аңдатпалар айтып, ойнаған болар. Менің сол арманым бүгінде ақиқатқа айналды. Отбасымызға келсек, әкем еңбек жолын Ақтөбе қаласында бас инженер болып бастаған. Он сегіз жыл Задарья кеңшарының бас инженері болды, бір жылдай сельхозхимияны басқарды, он екі жыл ауыл әкімі болып, зейнеткерлікке шықты. Анам Маруся кезінде Келінтөбе, Өзгент, Қыркеңсе ауылдарындағы балабақшаларға жетекшілік жасап, табаны күректей отыз жыл еңбек етті. Алдымдағы төрт әпкем де анамның жолын қуып педагог болды, екі ағам заңгер қызметін атқаруда. Ауылымды қатты сағынамын, әке-шешем аудан орталығына көшіп келгелі он жылдан асып барады.
- Қызығы мен қиындығы көп тележурналистикаға қалай келдіңіз?
- Анам журналистикаға түсуіме о баста қарсы болды. «Ол саған қол емес, дәрігер не мұғалім боласың» дейтін. Әкем керісінше қолдау білдірді. 90-жылдардың соңында «Хабар» агенттігінде Қымбат Досжан, Ләззат Танысбай, Жайна Сламбектер жаңалықтар жүргізуші еді. Әкем үнемі «Дана Нұржігіт – мына Қармақшынікі, Қымбат Досжан – Қызылорданікі, Жайна Сламбек те – Сыр өңірінің тумасы, өзің секілді ауылдан шыққан, келешекте сен де солардай бола аласың» деп жігерлендіріп отыратын. Содан 2000 жылы мектеп бітіргесін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универитетінің журналистика факультетінің тележурналист мамандығына грантпен оқуға түстім. Анамның маған ақ батасын бергеніп, тілек білдіргеннен басқа амалы болмады. Қазір мені мақтан тұтады. Теледидардан мені көрсе, төбелері көкке екі елі жетпей отырады екен. 2003 жылдан бастап, екінші курсты бітіргеннен кейін бізді өндірістік тәжірибеден өту үшін бұрынғы «Оңтүстік Астана», қазіргі «Алматы» телеарнасына жіберді. Онда он бес курстас бірге болдық. Алайда телеарна басшылығы таңдап, жалғыз өзімді алып қалды. Алғашқы кезде сол арнаның штаттан тыс тілшісі болып жүрдім, тәжірибе жинақтау үшін басында тегін жұмыс істедім. Кейіннен қаламақы төлеп, ынтамды арттыра түсті. Ақырындап жұмыстың қызығына түсе бастадым. Небәрі жарты жылда бұйрық шығарып, мені меншікті тілші қылып алды. Тілшілік тіршілікті оқумен бірге алып жүрдім. Оған ұстаздарымыз түсіністік танытты. Оқуды қызыл дипломмен бітірдім. Мұнан кейін қызмет жасай жүріп, магистратураны меңгердім. Осы орайда ауылдағы мұғалімдеріме, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Роза Пушаева мен Шынар Өтееваға айтар алғысым зор. Осы екі кісі маған сабақта дұрыс бағыт-бағдар берді. Тіл білімімнің жоғары болуы көп көмегін тигізуде. Директорымыз Бақтияр Тоқтыбаевтың да үлесі айтарлықтай. Жоғары сыныпта «Адам және қоғам» деген сабақтан берді. Ол кісі бізге газеттер әкеліп, мақалаларды талдап беретін. Ең нашар, сабаққа қатыспайтын енжар оқушының өзі ынта-шынтасымен тыңдайтын. Ағай бізбен тең дәрежеде сөйлесетін, мықты психолог. Бір жағынан саясатқа, экономикаға қызығушылығымды арттырды. Қазір, білесіз, ақпарат ғасыры, озық технология дамып келе жатыр. Өзім үшін жаңалықтар бөлімінде жұмыс істеу өте қызық. Одан бөлек, режиссерлар, операторлар, гримерлар, дыбыс режиссерлары, тағы басқа мамандар хабардың жақсы шығуына атсалысады. Суфлерға жазылған мәтінді зырыладатып оқып шықпайсың, тақырыпқа енесің. Демді қалай алу керектігі, камерадан камераға ауысу секілді өз қиындықтары бар. Актерлік шеберліктің керегі сол, кейде ауырып, маза болмаған сәтте көздегі толқуды көрсетпеу, яғни сыр білдірмеу керек. 15 минут жаңалық жүргізгеннен 15 сағат материал жинаған оңай ма деймін. Бір сөзбен айтқанда, бұл – миллиондардың алдындағы жауапкершілік.
- Қайнаған ақпараттың ортасындасыз, отандық тележурналистиканың бүгіні мен болашағы һәм ақпараттық қауіпсіздік жайлы пікіріңіз...
- Жеке пікір айтуға әлі ертелеу секілді. Себебі білетінімнен білмейтінім әлі көп. Он жыл ішінде 5 телеарнада - «Алматы» арнасы жаңалықтар тілшісі-жүргізушісі, «Экология бекеті» бағдарламасының редакторы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы жаңалықтар тілшісі, «Бизнес kz» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Астана» телеарнасы жаңалықтар тілшісі, жүргізушісі, «Хабар» телеарнасында «Таразы» бағдарламасының журналисі болыппын. Бүгінгі күні «Еуразия» бірінші арнасының жаңалықтар жүргізушісімін. Біздің арнада бүкіл менеджментті мәскеуліктер жүргізеді. Акцияның 80 пайызы ұлттық арнанікі болса, 20 пайызы «ОРТ»-нікі. "Прайм-тайм" деген бар, білесіз, ең қымбат уақыт – кешкі 19 бен 22-нің арасы. Бұл кезде халық үйде шәй ішіп отырып, теледидар қарайды. Алайда бұл уақытта Ресейдің бағдарламалары беріліп жатады. Міне, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі қайда жатыр?! Жаңа бір сөзіңізде «неге үнемі жағымсыз жаңалықтар, яғни қанды оқиғалар, көлік апаты, жер дауы, ауызсу мәселесі секілді хабарларды көп бересіз?» деп қалдыңыз. Біздің тақырыбымыз – әлеуметтік тақырып. Бізді көбіне қарапайым халық көреді. Қылмыс – жазылмаған заңдылық. Артық айтсам, кешірерсіз, адам деген жыртқыш секілді ғой. «Біреу бір нәрсені қиратып не бүлдіріп кетіпті» десе, елең ете қаламыз. Сосын біз де бояуын қанығырақ қылып беруге тырысамыз. Үрей мен күдік болмаса, халық елеңдемейді, сол үшін ол, сіз айтпақшы, қанды оқиға сияқты болып көрінеді. Мойындаймыз, рейтинг үшін жұмыс жасаймыз. Ол – біздің тауып отырған нанымыз. Соған қарап айлық жалақымызды береді. Баспасөзде мәтін маңызды болса, телевидиенеде бірінші орында видео тұрады. Арнаның рейтингін шығарумен ресейлік компания айналысады.Өкінішке орай, елімізде оннан астам отандық арна болса да, объективті түрде мониторинг жүргізетін компания жоқ. Екінші жағынан. рейтинг деген – абстракциялық ұғым. Сосын қазір журналистер қорықпайды, өйткені олар аз, телеарналар көп. Біздің салада бәсекелестік дамымай отыр, кемшілігіміз сол. Бәсекелестік болған кезде ғана мықты өнімдер шығуы мүмкін. Сонда ғана ақпараттық қауіпсіздікке төтеп бере аламыз. Жалпы жаңалықтарға көңілім толады. Қазір жақсы дамып келе жатыр. Бүгіні мен болашағына келсек, біздің арнада Ернұр Ақанбайұлы деген шеф-редактор, журналист бар. Саяси сауаттылығы, интеллектуалдық деңгейі жоғары. Одан бөлек, Жаңақорған ауданына қарасты Бірлік ауылының тумасы Нұржан Сопыбеков деген редактор ағамыз бар. Бұрын «КТК» арнасында қызмет істеген. Жаңалықты жеткізе, сөзді ойната білудің шебері. Ұлттық арнадағы «Апта.кз» ақпараттық-сараптау бағдарламасын білесіз, бұрынғыдай емес. Қаншама әлеуметтік мәселелерді көтереді әрі шенеуніктерді астарлап болса да сынайды. Тісқаққан тілшілері бар. Осындай әріптестеріміз медиа-менеджер деңгейіне жеткен кезде ғана керемет дүниелер жарыққа шығады. Сонда батыстың бейәдеп шоуларына бой алдырмай, төл туындыларымызды тамашалап, ақпараттық қауіпсіздікке төтеп бере алар едік.
- Ізіңізден ерген іні-сіңлілеріңізге қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?
- Тележурналистиканы оқу маңызды емес. Өйткені журналистердің көбі филология мен гуманитарлық саланы бітірген. Телеведениенің «кухнясына» барғасын өзің үшін үйреніп кетесің. Қарымды қабілетің, алғырлығың мен ептілігің, сөзге шешендігің болса. «Қазақ десең өзіңе тиеді», біздегі техниктердің дені – өзге ұлт өкілдері. Қазақ баласына да заманға қарай бейімделу керек. Біз оларды кәсіби салаға бағыттамаймыз. Бір ғана мысал, Астананың өзінде жұмыспен қамту орталығына бір жылда 800 экономист маман тіркеледі екен. Арғы жағын ойлай беріңіз. Жастардың жүрек қалауы бірінші орында. Оған қоса та-аналар дұрыс бағыт-бағдар беру керек. Бүгінгі күні IT-мамандар тапшы. Ақпараттық технологияны өз игілігіңе қарай бейімдеу керек қой. Программистер жетіспейді. Сонымен қатар бизнеске көп көңіл бөлу керек. Кеңестік кезеңнің сарқыншағы ма екен, әйтеуір, ақ жағалы болуға құмармыз. Ақша табуға құнығу емес, қызығу керек. Біз шет елдерге көп шығамыз. Түріктердің қаржы табуға деген ынтасын көрсеңіз. Теледидардан не радиодан «бүгін жаңбыр жауады» дегенді естіп алады да, көшеге қолшатыр сатуға шығады. Туристерге бүкіл мүмкіндікті жасайды. Түркияда біздегідей мұнай жоқ. Бар байлығы – туризм. Экономикасы жөнінен әлем бойынша төртінші орында тұр. Жеңіл өнеркәсіп саласы, киім-кешек, тамақ өндірісі, құрылыс – негізгі кіріс көзі. Сондықтан қандай мамандықты таңдаса да, өзі ісінің шебері бола білетін, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын саланы таңдауға кеңес берер едім.
- Соңғы сұрақ, студияда болған бір-екі қызықты оқиғаны еске түсіріп, жанұяңыз жайлы айтып берсеңіз...
- Техника болғаннан кейін кейде суфлер өшіп қалады. Бірде адамдармен енді амандаса бергенімде жарық сөнді де қалды. Кейде сюжеттерді көргенде күлкің келеді не керісінше. Бұрын «Алматы» арнасында таңғы жаңалықтар жүргізіп отырғанымда суфлерға бір мәтін шықты. Негізі өзім бәрін толтырып қойғам, бірақ неге екенін білмеймін, басқа біреудің мәтіні шықты. Бітпейді. Маған берілгені – он минут, осынша уақыт бойы тұншығып отырып соны оқығаным есімде. Не видеосы жоқ. Бір кезде суфлер өшіп қалды. Қағазыма қарасам, қап-қара. Әзер түсінесің, содан қағазды тастадым да, камераға қарап отыра бердім. Бірақ не эфирді өшірмейді, не орнымнан тұрғызбайды. Содан не керек, соңғы екі минутта сюжет жіберді, сонымен эфир бітті. Адамдар да таңғалған шығар. Жанұялық жағдайымызға келсем, Аллаға шүкір, менің жолым болды. Ақылшым да, ұстазым да – үнемі қолдап жүретін жолдасым Асқар Омаров. Көп біледі, көп оқиды. Маған журналистика саласында көп нәрсені үйретті. Студент кезінде мақалалар жазып, орыстілді журналист ретінде баспасөз саласында қызмет етті. Бүгінде HR, PR-менеджмент саласында жүр. Жеке бизнесі бар. Жаратқан нәсіп еткен екі көзіміздің қарашығындай Еламан, Тәуекел есімді ұлдарымыз бар.
- Өзіңіз айтқандай, медиа-менеджер деңгейіне көтеріліп, келешекте отандық бір телеарнаның тізгінін ұстауыңызға тілектеспіз. Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Әбдісамат ӘБДІШ,
Жаңақорған ауданы