«БІЗ БАРЛЫҚ САЛАДА ҚОЛҒА АЛҒАН ІСТЕРДЕ ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН БІР НӘТИЖЕГЕ ЖЕТКІЗУГЕ ТИІСПІЗ»
Сыр елінің бас қаласы - Қызылорда бүгінде әлеуеті артып, экономикасы өрістеген, мәдени әрі рухани байлығы кемелденген қалалардың біріне айналды. Жаңа ғасырға аяқ басқалы бері қала адам танымастай жаңарып, жасарып, бейнесі айшықталып келеді. Әр жыл сайын ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатса, үстіміздегі жылы да қыруар тірлік қолға алынып, үлкен-үлкен жобалар жүзеге асырылуда. «ҚазАқпарат» тілшісі шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевқа жолығып толымды тірліктер жайын тарқатып қайтқан еді.
- Нұрлыбек Машбекұлы, Қызылорда қаласы аймақ экономикасының локомотиві саналады. Енді осы атқарылып жатқан істерге аз-кем тоқталсаңыз...
- Біз Сізбен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты дәстүрлі Жолдауын жариялаған тарихи сәтте жүздесіп отырмыз. Біздің алдағы атқарар қат-қабат шаруаларымыз осы жолдаудан туындайтын келелі міндет-мақсаттармен үндесетін болады. Елбасы әлемді жайлаған алапат дағдарысқа қарамастан, халқымыздың өмір сапасын жақсартып, елімізді сыртқы келеңсіз ықпалдардан қорғау мақсатында жариялап отыр. Сондықтан да бұл Жолдау дер кезінде қабылданған маңызды бағдарламалық құжат.
Қызылорда қаласы бүгінде аймақ экономикасының барлық салаларындағы оң өзгерістер бойынша көш бастап келеді. Бұл заңды да. Өнеркәсіп кәсіпорындары есепті мерзімнің 9 айында 817 млрд. 024 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Облыста өндірілетін өнімнің 93,1 пайызы, орындалған құрылыс жұмыстарының 51 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 21 млрд. 122 млн.теңгеге жетіп, есепті мерзімде тамақ өнімдерін өндіру 109,5 пайызды, жеңіл өнеркәсіп - 87,5 пайызды, машина жасау саласы - 111,4 пайызды құрады.
Қала бюджеті өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға ұлғайтылып, 38 млрд. 127 млн. теңгеге жетсе, оның ішінде өз кірістеріміз 1,5 есеге өсіп, жалпы бюджет кірісінде 38,9 пайызды құрады.
Аталмыш қаржылардың басым бөлігі, яғни 31,3 пайызы - білім, 29,9 пайызы - коммуналдық шаруашылық, 23,8 пайызы - құрылыс саласына бағытталуда. 9 айда меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 107 млрд. 634 млн теңге немесе 91,5 пайыз. Облысқа салынған инвестицияның 54,2 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2023,8 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 113,5 пайызды құрады.
- Халық санының басым бөлігі қалалық жерге шоғырланғандықтан жұмыссыздықтың белең алатыны белгілі. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан істер де аз емес болар...
- Ия, расында қала халқы табиғи өсім мен қоныстанушылар қатарынан жыл санап артып келеді. Еліміздегі жұмыссыздықты жоюды көздейтін сәтті бағдарлама - «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» аясында биыл 680 азамат кәсіптік және қайта даярлау курстарынан өтіп, 808 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен, 602 жас маман «Жастар тәжірибесімен» қамтылды. Бағдарлама аясында (5 мектеп, 1 балабақша) 5 білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Азаматтардың өз ісін ұйымдастыруына мүмкіндік беретін екінші бағыт негізінде бүгінгі күні 89 қызылордалық 204 млн. 800 мың теңгеге шағын несие алып, өз кәсібін ашты. Мұнан өзге, жыл басынан 4100 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасып, өткен жылмен салыстырғанда 10,0 пайызға артты. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Бұған қоса мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 7 аула клубы ашылды. Биыл осы аула клубтарының үздіксіз жұмыс жасауына қалалық бюджеттен 12 млн. теңге бөлінді. Жыл басынан бері 198 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
- Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауында мемлекетіміздің ұстанып отырған саясатының басым бағытының бірі шағын және орта бизнесті дамыту болып отырғаны айтылды. Осы орайда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының орындалу барысына тоқталсаңыз...
- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері жалпы құны 2 млрд. 156 млн. теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл облыс бойынша жобалардың 95 пайызына тең. Бүгінде 4 қабатты «Отырар», 2 қабатты «Қорқыт ата» жабық базарлары мен 3 қабатты «Бабас» шағын базарының құрылысы жүргізілуде. Ел өндірісіне қан жүгірткен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы да қаламызда игілік бастауына айналды. Бағдарлама бойынша карта аясында және картадан тыс 2017 жылға дейін жалпы құны 60 млрд. 757 млн. теңгені құрайтын 40 инвестициялық жоба іске қосылып, 3335 қызылордалық жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп күтілуде. Қызылордалықтар үшін ерекше стратегиялық маңызға ие, қалада 1400-ге жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін шыны зауыты мен арнайы және кешенді қорытпа өндіретін ферроқорытпа зауытының құрылысы салынады. Есепті мерзімде жалпы құны 1 млрд. 55 млн. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, жаңадан 105 жұмыс орны ашылды. Ат ап айтқанда, «Смартруббер» ЖШС-нің «Жарамсыз автокөлік баллондарын өңдеу арқылы резеңке ұнтағын және жерасты трубаларын шығару» жобасы, «Қызылорда қаласындағы Хуа Ю интернационал» ЖШС-нің «Химиялық реагенттер өндірісі», жеке кәсіпкер «Әбсадықованың» «Гигиеналық қағаз шығаратын цехтың құрылысы», «Эко-Н Сервис» ЖШС-нің «Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамды жинау және тиімді пайдалану», жеке кәсіпкер «Қожаниязовтың» «Күйдірілген кірпіш шығару өндірісін ұйымдастыру» жобалары. Жыл соңына дейін бағдарлама бойынша жалпы құны 435,9 млн. теңгенің 2 жобасы іске қосылып, 53 жаңа жұмыс орыны ашылады.
- Қаланың оңтүстігінен кіре бере тұрғын үй құрылысының қарқынды жүріп жатқанын аңғару қиын емес. Бұл қолжетімді баспана мәселесінің оң шешіліп жатқанын көрсететін секілді...
- Расында, соңғы жылдары қаламызда тұрғын үйлерді салу қарқын алды. Жыл басынан 94035 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйге сұраныс білдіруші қызылордалықтар саны өсуде. 2005 жылы үй алу кезегіне 397 адам тіркелсе, жыл сайын орта есеппен 1300 адамға көбейіп, бүгінгі күнге олардың саны 13804-ке жетіп отыр. Қала халқының тұрғын үйге сұранысын қанағаттандыру мақсатында жыл соңына дейін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 5 млрд. 842 млн.теңгеге 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 22 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жыл ішінде 750 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. Бүгінгі күнге Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі 50 пәтерлік жас отбасына арналған 1 тұрғын үй және Тасбөгет кенті Аманкелді көшесіндегі 36 пәтерлік 1 арендалық тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бүгінде тұрғын үй қорындағы 697 көппәтерлі тұрғын үйлердің 80 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді. Апаттық үйлерге қатысты мәселені шешу мақсатында жаңадан 60 пәтерлік 5 үй және 100 пәтерлік 1 үй салу жоспарлануда. Қажетті жер көлемі анықталып, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Биыл Титов қыстағы мен КБИ мөлтек ауданында 60 пәтерлік екі тұрғын үй бой көтеруде. Қалада «Қазақстан ипотекалық компаниясымен» бірлесіп 230 пәтерді құрайтын 4 үй, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы арқылы 210 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Бұл тұрғын үйлер 2015 жылы халық игілігіне табысталатын болады. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер есебінен 5 қабатты «Ер Ару» тұрғын үй кешені пайдалануға берілуде.
- Бүгінде қала халқы таза ауызсу ішіп отыр деп айта аламыз ба?
- Әрине, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 1 млрд. 375 млн. теңгеге қала ішінде және 5 елді мекенде 21 су бұрғылау ұңғымалары бұрғыланып, Ақсуат, Абай, Айнакөл, Ақжарма, Қараөзек елді мекендерінде 119,7 шақырым ауыз су жүйесі мен сервистік желілер тартылып, 1750 су есептегіш құралдары орнатылуда. Қызылордалықтар бүгінде «Қызылжарма» жерасты суының игілігін көріп отыр.
- Қалада көптеген көшелердің қайта жаңғыртудан өткенін білеміз. Бұл шаруа қаншалықты жалғасын табады?
- Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда жаңа жобалар жүзеге асуда. Қалалықтар үшін стратегиялық маңызды көшелер кезең-кезеңімен қайта жаңғыртудан өткізіледі. Биыл қаланың оңтүстік кіреберіс бағытындағы «Шымкент-Самара» халықаралық автокөлік жолы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, қаланың солтүстік кіреберіс бағытындағы Саламатов, Рысқұлов, Әбілхайыр хан, Марал Ишан, Қаратоғай көшелері қайта жаңғыртудан өтуде. Аталмыш көшелерге жаңа үлгідегі жарық бағаналары мен аялдамалар, көрнекі ақпарат қондырғылары /билборд/ қойылатын болады. Облыстық бюджеттен бөлінген 913 млн. теңгеге ұзындығы 5 шақырымды құрайтын Әл-Фараби көшесі күрделі жөндеуден өтті. Сонымен бірге қалада ұзындығы 87,4 шақырымды құрайтын 93 көше қайта жаңғырту, орташа және күрделі жөндеуден, оның ішінде ауылдарда 7,3 шақырымды құрайтын 10 көше орташа жөндеуден өткізілді. Осы жобаларды жүзеге асыруға 4 млрд. 558 млн.теңге қаржы қаралды. Қала көшелерінің күре тамырларының бірі - Абай даңғылы бойынан («Болашақ» университетінің маңы) Қазыбек би көшесінен («Жайна» сауд а үйінің алды) жаяу жүргіншілерге арналған 2 аспалы көпір салынуда. Жалпы қаламыздың кеңеюіне байланысты жолдарды салу мен жаңғырту жұмыстары тоқтаусыз жалғасатын болады.
- Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Қызылорда жасыл желекке оранған қала болған. Шаһардың байырғы көркін қалпына келтіру бағытында қандай шаралар қолға алынуда?
- Бұл бағыттағы қолға алған жұмыстар да айтуға тұрарлық. Қазір қалада 16000 түп ағаш көшеттері, 97 мың шаршы метрге 46 аллея, сквер, көшелер мен көше айрықтарына, айналма жолдарға гүлдер мен газондар отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Қаланың экологиялық қауіпсіздігін жетілдіру бағытында «Жасыл белдеу» жобасы жалғастырылуда.
Жоба аясында 131 гектар жерге 135 мың түп ағаш отырғызылды. Қосымша, «Қызылорда-Шымкент» бағытында жалпы көлемі 23,5 гектар жерге 11 мың түп ағаш егу үшін облыстық бюджеттен 604 млн.теңге, «Әуежай-Қызылорда» бағытында жалпы көлемі 4 гектар жерге 4,5 мың түп ағаш егу үшін 160 млн. теңге бөлініп, аталған жұмыстар толығымен аяқталды. Тұңғыш Президент саябағын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жалғастырылуда. Облыстық бюджеттен бөлінген 75 млн.теңгеге 10 мың түп ағаш, 17 мың шаршы метр жерге гүл егілді. Қызылорда қаласы Ақмешіт мешіті маңы аумағын абаттандыруға және көгалдандыруға облыстық бюджеттен бөлінген 221,0 млн. теңге және Сұлтан Бейбарыс көшесі аумағын абаттандыруға 43,8 млн теңге қаражат қаралып, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Бүгінде қаланың 30 пайызы ғана аяқ сумен қамтылған. Мәселені түбегейлі шешу мақсатында қалалық бюджеттен бөлінген 38 млн. теңгеге қала мен елді-мекендердің аяқ су мәселесіне толық талдау жүргізіліп, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Міне, байқаған боларсыз атқарылып жатқан істерді. Қаланы жасыл желекке айналдыру мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді. Өйткені бұл уақыт талабы. Біз барлық салада қолға алған істерде ел игілігі үшін бір нәтижеге жеткізуге тиіспіз.
Алда Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы белгіленген міндеттерді жүзеге асыру барысында ауқымды істер күтіп тұр. Жолдауда белгіленген Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда автожолын салу міндеті де қаланың экономикалық әлеуетін арттыруға сүбелі үлес қосатын игілікті жобаның бірі болғалы тұр. Президент Жолдауындағы басты мақсат - қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту. Бұл орайда жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін міндеттер де ауқымды. Біздің абыройлы парызымыз халық сенімі үдесінен шығып, Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға білек сыбана кірісу болмақ.
Елубай ӘУЕЗОВ