«БҰЛ – ҚЫТАЙДА ЖАСАЛҒАН «КИТАЙСКИЙ» ЕМЕС ДҮНИЕ»
Ғалымбек Қызырбекұлы,
«Ұлас-Электрон» ЖШС-нің бас директоры,
«Электронды қазақ үйі» жобасының авторы
- «Электронды қазақ үйі» дегенде елең етпеген ешкім жоқ-ау, сірә. Ғалымбек аға, бұл идея сізге қайдан кеп жүр?
- Ұлан-ғайыр жерге ие болу үшін халық саны көп болу керек. Біздің мемлекеттің басты саясаты да – осы, өзіңіз білесіз. Бірақ бізге сапалы, рухы биік, сау денелі ұрпақ керек. Ұлттық тәрбие құралын жасау туралы ой үш жыл бұрын осылай келді маған. Баршаға аян, тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылдан асса да, орыс тілінің үстемдігі әлі басылған жоқ. Бұл, әсіресе, қалалық жерлерде қатты сезіледі. Сондықтан балаларымызға қазақ тілінде тәрбиелейтін, ұлттық рухын оятатын дүние жасап берсек дедік. Ниеттес азаматттармен ақылдаса отырып, жобаның редакторы, журналист Жарқын Сәленұлы екеуміз істі қолға алдық.
- Ішіне ертегі мен бесік жырына дейін сыйдырыпсыз. «Қап, мынаны да қосу керек еді» деген өкінішіңіз жоқ па?
- Ел аузындағы бір әңгіме еске түсіп отыр. Өзіңіз секілді тілші Бауыржан Момышұлынан сұрапты: «Неден қорқасыз?» - деп. Сонда батыр: «Оттан да, оқтан да, жаудан да, даудан да қорықпаған едім. Бірақ соңғы кезде қорқынышым көбейді. Біріншісі – бесік жырын айта алмайтын келіндердің, екіншісі – немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің, үшіншіден – салт-дәстүрін сыйламайтын, ана тілінде еркін сөйлей алмайтын дүбәра ұрпақтың көбеюі алаңдатады мені», - деп жауап беріпті. Сол айтқандай, біз ауыздан-ауызға тараған ұлттық мұраларымыз арқылы электронды жобаның мазмұнын байытуды алдымызға мақсат қылып қойдық. Киелі қазақ үйінің кішірейтілген нұсқасына бесік жыры, ертегілер, балалар әндері, халық және халық композиторларының ән-күйлері, терме-толғаулар, отаншылдық рухтағы әндер, Абайдың қара сөздері енгізілді. 70-80 жылдарда жарық көрген ертегілерден бастап «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген ертегілердің бәрін оқып шықтық. Соның ішінен тағылымдық, тәлімдік, ғибраттық мәні басымырақ 150 ертегіні таңдап алдық. Ертегілерді әйгілі диктор Сауық Жақанқызы мен белгілі актер Айдос Бектемір мысығын мияулатып, жылқысын кісінете отырып, әсерлі жеткізе білді. Қытай қазақтарының күйлерін де енгіздік. Мемлекеттік әнұраннан бастап ұлттық әндерді барынша қамтуға тырыстық. Енді ақындар айтысын, қисса-дастандарды, жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақтарды қамтыған дүниелер жақын күндері көпшілікке жол тартады.
- Киіз үй үлгісінде болғаны көңіл қуантады. Кейін тағы басқаша кейіпте жасауға болатын шығар, ә?..
- Әуелі біз ата-әженің бейнесін негізге ала отырып, соларды «сөйлетуді» ойлағанбыз. Одан кейін кеңесе келе, киіз үйге тоқтадық. Қалалық жерлерде тамызыққа таппайсың ғой. Бүгінде ол музейдің экспонатына айналған. Ал біз қазақ үйінің сыртқы көрінісімен қатар ішіне тәрбиелік мән сыйдыруға тырыстық. Балалар көргенде қызығады ғой. Ертеңгі күні көшпенділердің тұрмыс-тіршілігі туралы білгісі келетін болады. Ата-бабаларымыздың данышпан болғаны соншалық, осының бәрін дәлдікпен, асқан көрегенділікпен ойластырған. Электронды қазақ үйін істегенде біз де содан ауытқымауға мән бердік. Сұрастырып жүріп, Алматыдан Мақсат Назарұлы деген мүсінші ағамызды таптық. Ол кісі саз балшықтан, гипстен жасап көрсетті. Қазақтың үйі болғандықтан, біріншіден, түндігі ашық болу керек. Екіншіден, есігінде, тағы басқа тұсында ұлттық ою-өрнек болу керек. Күнді бейнеледік. Қысқасы, бәрін қамтуға тырыстық. Жасап болғасын Суретшілер одағының мамандарына, Өнер академиясының сәулетшілеріне, ғалымдарға көрсетіп, содан кейін ғана өндіріске жібердік. Әлі де ойда жүрген бес-алты жоба бар. Әзірге құпия болсын. 2017 жылы халықаралық ЭКСПО көрмесі өтеді. Оған да дайындалып жатырмыз. Қазақ елін әлемге танытатын тағы біршама жобамызды, Алла қаласа, сол кезде көресіздер.

- Ғалымбек аға, өнертабысты ойлап табу бар да, оны жарыққа шығару бар. Елбасының өзі сіздің еңбегіңізді ерекше бағалапты. Мемлекеттік қолдауға қалай қол жеткіздіңіз?
- Бір нәрсені ойға алып, бірақ жүзеге асырмасаң, оның бос сөз болғаны. Құр қағазбен елді алдап, мемлекеттің қаржысына ортақтасқысы келетіндер аз емес. Ал біз шынайы дүниені жасап, министрдің алдына апардық. Осыдан кейін жобаның болашағына сенді. Мемлекет қолдаса, небір ғалымдар, өнертапқыштар әлі де шыға береді. Қазақ – миы сергек халық. Әрине, қаржылық жағдайы мұрша бермеуі, уақыт таппауы мүмкін. «Шегірткеден қорыққан егін екпейді» деген де бар қазақта. Ал біз қиыншылығын ойламадық. Алдымызға талап қойдық және соған жеткенше асықтық. «Жалғыздың шаңы шықпайтыны» сияқты, бір өзің ештеңе бітіре алмайсың. Міне, біз жетістікке көптің көмегімен жеттік. Министр Елбасыға сүйіншілеп көрсеткенде, мемлекет басшысына қатты ұнапты. «Әр қазақтың үйінде болуға лайықты, ұрпақ тәрбиесіне керек дүние екен» депті ол кісі. Өзімізше бір марқайып қалдық. Мәдениет министрінің тіл комитеті алғаш боп тапсырыс беріп үлгерді. Сондай-ақ бұл жобаға қолдау көрсеткен – дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы мен Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты.
- Заңдастырып үлгердіңіз бе?
- Иә, патентін, авторлық құқығын алдық. Электронды киіз үйге енгізілген шығарманың әрқайсысы үшін Қазақстанның авторлар қоғамына тиісті ақы төлеп отырмыз. Авторларға, орындаушыларға қаламақы беріледі. Көптеген орындаушылармен келісімшартымыз бар.
- Қытайда жасалған қазақи тауар қаншалықты сапалы?
- Қытай – экономикасын, мәдениетін әлем мойындаған ел. Біз электронды киіз үйді Шынжын деген қаласында жасаттық. Ол мемлекеттік өнеркәсіп мен әлемдік электрониканың орталығы болғандықтан жалған, сапасыз дүниенің жасалуына жол берілмейді. Америка, Жапонияның көптеген техникалық жетістіктері сол қалада шығарылады. Оның үстіне, өзім басы-қасында болдым. Сапасына кепілдік беріледі. Ақау шыққан жағдайда әкелсін, ауыстырып береміз. Бірақ техниканың аты – техника, қымбатқа алған теледидарыңыз да, айфоныңыз да бұзылады. Жұрттың шошитын себебі, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аспанасты елінен арзан әрі сапасыз дүниелер тасқыны қаптап кеткен еді. Ал бұл – Қытайда жасалған «китайский» емес зат.
- Қыдырәлі Болмановтың қазақша «сөйлейтін» ойыншықтарын жұрт «қымбат» дейді. Содан ба, сирек ұшырасады. «Киіз үйіңізді» қанша деп отырсыз? Алдағы уақытта бағасы төмендеуі мүмкін бе?
- Бағасын әзірге 10 мың теңге деп белгіледік. Өйткен себебіміз, біз сапаға мән бердік. Ұлт болашағын ойлаған соң электронды киіз үйді таза материалдан жасаттық. Бір рет қуаттап алсаңыз, батарейкасы 8-10 сағатқа дейін жетеді. Бала болған соң лақтырады, аузына салады. Ал бұл екі метрлік биіктен құласа да, сынбайды, сөйлей береді. Өзіңіз сынап көрсеңіз болады. Санитарлық тексерулерден өткіздік. Бұл – әр қазақ ойланбай алуға татитын дүние. Құны жағынан айтсақ, білгенге маржан, білмеске арзан. Қазақ – кешегі Кеңес үкіметінің тұсында бір бөтелке араққа қойын айырбастаған халық қой. Ал қазіргі нарықта бір тышқақ лақтың құнына да жетпейді. Жоқтан өзгеге шашылғанның орнына осындай рухани дүниелерді алған артық емес пе?! Біздің көздегеніміз – пайда табу емес, ұлт руханиятына үлес қосу. Сұраныс артқан сайын бағасы түсуі мүмкін.
- Ұлттық рухты оятудағы қадамыңыз оңынан болсын, аға! Өзге де өнертабыстарыңызды көруге жазсын!
Сұхбаттасқан
Назерке САНИЯЗОВА
Комментарии 1