ОБЛЫС «СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА
Қызылорда облысында соңғы бірер жылдың бедерінде барлық сала бойынша қарқынды даму бар. Сыр диқандары биылғы жылы тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары жетістікке жетті. Осы орайда Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуовпен сұхбат ұйымдастырылды.
- Дәуірбек Кеңесұлы, Сыр өңірінде мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы орындалуының қарқыны жоғары екені айтылып жүр. Осыны тарқатып айтып өтсеңіз.
- «Сыбаға» бағдарламасы қабылданғалы облысымыз республика деңгейінде жоспарды артығымен орындап, жыл сайын бірінші орында келеді. Аталған бағдарлама аясында 2015 жылға дейін 8700 бас ірі қара малын сатып алу жоспарлаған болса, бүгінгі күні аймағымыздың ауыл шаруашылығы құрылымдары 1,6 млрд. теңгеден астам несие алып, 9,4 мың бас сиыр, 500-ге жуық бас асыл тұқымды бұқа алды. Яғни, толық емес 4 жылдың ішінде 5 жылдық жоспар аналық мал бойынша 108,1 пайызға, асыл тұқымды бұқа бойынша екі есеге артығымен орындалып отыр.
- Сыр бойының негізгі дақылы күріш екені белгілі. Нарықтық қатынастар талабына сай облыста егіншілік саласын әртараптандыру бағытында қандай шаралар атқарылуда?
- Сырдария өзеніндегі жағдай түгелдей суармалы жүйеге бейімделген біздің облыс үшін егіншілік саласын әртараптандыруды, атап айтқанда, ауыспалы егіс жүйесін сақтай отырып күріш егісі көлемін тұрақтандырып, суды аз қажет ететін дақылдарды көбейтуді қажет етеді.
Осыған сәйкес, алдағы жылдары күріш көлемін 70-72 мың га көлемінде тұрақтандыра отырып, бидай, арпа, жүгері, жоңышқа, майлы және картоп, көкөніс, бақша дақылдарының көлемін арттыратын боламыз. Ол үшін биылдан бастап шаруашылықтарды қаржылай ынталандыру мақсатында күріштен басқа дақылдардың субсидия нормаларын жергілікті бюджет есебінен он есе арттырып отырмыз. Алдағы 2015 жылға ауыл шаруашылығын дамытуға 8 млрд. теңгеден астам субсидия қаралуда. Ағымдағы жылы облыс бойынша 161,4 мың, оның ішінде 81,2 мың гектар күріш егілді. Күріш егісі көлемінің артуының басты себебі ауыл халқының негізгі күнкөрісі күріш өндірісіне байланысты болып отыр. Облыста күріш консорциумы құрылып, «Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның тарапынан күріш шаруашылығына колдау көрсетілуде. Сонымен қатар, егін шаруашылығында берілетін субсидиялардың 96 пайыздан астамы күріш дақылының үлесінде болып келді. Бұл өз кезегінде облыста егілетін ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің көлемін әртараптандыруды қажет етеді. Осыған байланысты, облыс әкімдігі тарапынан егін шаруашылығын әртараптандыру және күріштен басқа дақылдардың көлемін көбейту жөнінде жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, әртараптандыруды қаржылай ынталандыру (барлық субсидиялардың күрішке төленетін үлесі 96,7% құраса, оны 53,6%-ға дейін азайту және басқа дақылдарға берілетін субсидия көлемін арттыру).
Сонымен қатар, ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесін сақтау арқылы күріштен басқа мал азықтық, жүгері, майлы және картоп, көкөніс және бақша дақылдарының көлемін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан (қала) әкімдері және шаруашылықтар арасында үш жақты меморандумдар жасалды. Биылғы жылы облыста алғаш картоп дақылын тамшылатып суару әдісімен өсіру қолға алынды. Келесі жылы да суармалы суды үнемді пайдалау мақсатында басқа да дақылдарды өсіруде тамшылатып суару тәсіліне басымдық беріледі.
- Қызылорда облысында республикадағы күріштің 83 пайыздан астамы өсіріледі. Естуімізше, биылғы күріш өнімі көңілден шыққан көрінеді. Енді осы мәселе жөнінде не айтасыз?
- Облыста күріш жинау жұмыстары толық аяқталды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан аймақ диқандары жиналған 79 мың га күріштің әр гектарынан 50 центнерден астам өнім алып, ел қамбасына 395 мың тонна Сыр салысын құйды. Бұл жақсы көрсеткіш. Аталған жетістік мемлекеттік қолдаудың, атап айтқанда, күріш шаруашылығына төленетін субсидиялардың артуының нәтижесі.
Сонымен қатар, облыста құрылған күріш кластері аясында «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдарына күріш салысын алдын ала сатып алу жөнінде келісімшарт жасалып, егін егу жұмыстары 810 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Осының нәтижесінде шаруашылықтар егіс көлемін арттырумен қатар, мерзімінде берілген қаржылай көмектің арқасында агротехникалық шараларды сақтай отырып, бітік егін өсіруге қол жеткізді. Бұл тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.
- Биылғы аумалы-төкпелі ауа-райының құбылуы салдарынан облыста мал шығыны орын алды. Бүгінгі таңда жергілікті билік тарапынан мал иелеріне қандай көмектер көрсетілуде?
- Өзіңіз білесіз, апат қай уақытта да айтып келмейді. Күннің күрт суытуынан облыстың оңтүстігіндегі екі ауданда 5,5 мыңдай уақ мал шығынға ұшырады. (Жаңақорған ауданы бойынша 3 802 бас, Шиелі ауданы бойынша 1 952 бас уақ мал).
Бүгінгі күні малдың бәрі жекенің қолында. Шығынға ұшыраған малдар да жеке тұлғаларға тиесілі. Дегенмен, осындай қиын жағдайда жергілікті билік тарапынан 100 млн. теңгеден астам көмек көрсетілді. (79,1 млн. теңге мал сатып алу үшін несие алуға кепілдендіруге, 21,6 млн. теңге тасымалдау шығынын өтеуге). Асыл тұқымды мал сатып алғаны әр басына 9,5 мың теңге субсидия, 4 мың теңге тасымалдауға барлығы әр басына 13,5 мың теңге көмек көрсетіліп отыр).
Жыл соңына дейін басқа облыстардан барлығы 10 мың бас асыл тұқымды қой әкелу жоспарланып отыр. Малшы қауымға жергілікті атқарушы билік тарапынан көрсетілетін көмек алдағы уақыттары да жалғасын табатын болады.
Әңгімеңізге рахмет!