«СӨЗДІҢ КҮШІМЕН ҒАНА ЖҮРГЕН АҚЫНМЫН»
– Мұха, сіз үшін 2016 жыл олжалы болды десек, қателеспейтін шығармыз. Үш республикалық, екі халықаралық айтыстың жеңімпазы атандыңыз. Тіпті, қырғыз еліне барып бас жүлдені қанжығалап қайттыңыз. Сонымен қатар, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орайластырып ұйымдастырылған «Алтын домбыра» айтысына қатысып, ақындар арасында рекордты жаңартып екінші рет «Алтын домбыра» иегері атанып отырсыз. Құтты болсын!
– Рақмет!
– Әңгімемізді «Алтын домбыра» жарысынан бастасақ…
– Кез келген нәрсенің алғашқы әсері ғажап болады ғой. Сол сияқты алғаш алған алтын домбыраның әсері де бөлек дер едім. Бірақ, бұл кейінгі жүлденің қадіріне көлеңке түсіреді деп ойламау керек. Өйткені, «Алтын домбыраға» екі рет қол жеткізу дегеніңіз, бұл – қазақ тарихында қалатын үлкен бір оқиға. Әрине, өзім үшін емес, мен арқылы аталмыш жүлденің Сыр еліне келгеніне қуанамын. «Алтын домбыраның» үшінші айналым дегенде маған қайта келуі – өзім үшін де күтпеген оқиға болды. Алғаш алғанымда ел арасында «байқамай, иеленіп қалды» деген сияқты әңгіме болды. Оны екінші рет алған кезімде бейнебір өзімнің осы жүлдеге лайық екенімді сезінгендей болдым. Ал, енді үшінші рет аламын, не болмаса жұлып әкелемін деп ешкімге уәде бере алмаймын. Бірақ, осы елдің намысы мен ұлт өнері үшін аянып қалмайтыным анық. Алла қаласа, алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетемін деп ойлаймын.
– Өзіңіз білесіз, «Алтын домбыра» айтысында залда отырған көрермендер тарапынан сіздің бас жүлдені алғаныңызға қарсылық танытып, Болатбекті лайық көріп шулағандар көп болды. Сонымен қатар, БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде де сізге қарсы пікірлер орын алды. Осы жайында өзіңіз не ойлайсыз?
– Мен бұл сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Тағы да айтайын, мен өзіме жақсылық тілесем де, өз-өзіме жүлде берген жоқпын. Айтыстың арнайы шешімдері бар. Егер менің айтысым сол шешімдерге тура келмей жатса, қазылар тоқтатып не болмаса орындарынан тұрып кетуге де болады. Яғни, барлығы ақындарды біледі, кімнің қай деңгейде өнер көрсеткенін көріп отыр. Сондықтан, айтыстың негізгі компаненттерін сақтаған ақын ретінде маған осы жүлде берілді. Сонымен қатар, «Алтын домбыраға» қатысқан жиырма ақын маған өз бағасын беріп, әрқайсысы қолымды алып құттықтады. Тіпті, Болатбектің өзі бастап келіп, құттықтаған болатын. Қазылар тарапынан ешқандай қарсылық танытпай, керісінше өздері жылы сөздерін айтты. Осы әңгімеге қатысты Жүрсін ағамыз да «Түнгі студия» хабарында қонақта болғанымызда өз пікірін жеткізді. Жүкең, шешім шығарып отырған бүкіл қазылар, ол аз десеңіз, сол сайысқа қатысқан жиырма ақын секілді айтысты бағалайтын ешкім жоқ шығар деп ойлаймын. Әйтпесе, ол ақындар бәсекелес болып сайысқа түскен азаматтар ғой. Бір ақы н «Мұхтар осы жолы лайық болмады» деп сұқбат берсе бір жөн. Ондай ештеңе болған жоқ. Бүгінде айтыскер ақындардың шынайы бағасын беріп жүрген Ринаттың өзі маған қоңырау шалып, жеңісіммен құттықтап, өз разылығын айтты. Баяғыда Оразалы айтқан еді: «Көлік мінгендердің барлығы көкке ұшып кеткен жоқ» – деп. Сол секілді «Алтын домбыра» алып аспанға кетіп қалған ештеңеміз жоқ. Осы елдің ортасындамын, әлі талай халық алдына шығып өзімді көрсетіп, дәлелдей жатармын. Сондықтан, менің шын лайықсыз екенімді дәлелдеп «мына сөзіңмен осы жерде қате, бұрыс айттың» деп дәйекті дәлелмен сөйлейтін адам болмай, сырттан даурығып, үргінге сүргін қосып айқайлай беру дұрыс емес деп ойлаймын.
– Жүрсін Ерман әлеуметтік желідегі парақшасында: «Болатбек пен Мұхтарды қайта айтыстырайық және ол жерде белгіленген уақыт, қазылар болмайды. Қос ақынның қайсысы жеңгені жайлы тікелей эфирден халық өзі айтсын» деген ұсыныс айтқан еді. Осы ұсыныс жайында сіз не дейсіз? Жалпы, осындай айтысқа қаншалықты дайынсыз?
– Бұл ұсыныс туралы хабардармын. Әрі оған қай кезде болсын дайын екенімді жасырмаймын. Ал, оған Болатбектің не айтқанын білмеймін, егер әріптесім дайын болса, кез келген сағатта, кез келген жерге баруға, қайтадан айтысуға әрдайым әзірмін.
– Қазіргі ақындардың ішінде суырып салмалылығы мен шешендігі басым деп кімді айтар едіңіз? Өзіңіз іштей сескеніп, тайсалатын ақын бар ма?
– «Шегірткеден қорыққан егін екпейді». Тайсалатын дегеннен гөрі бағалайтын дегеніміз дұрыс шығар. Қорыққаннан бағалаған жақсы, себебі, қорыққан адам міндетті түрде бірдеңені бүлдіреді. Ал, бағалаған адам оның бағасына жетеді. Бұл жерде бір ақын өмір бойына қауіпті болып тұрады деген сөз жоқ. Мысалы, Ринаттың өзінің қауіпті тұстары бар. Балғынбек пен Айбектің қауіпті жағы бар. Бірақ, мен үшін көп жағынан қауіптісі – Бекарыс Шойбеков. Олай дейтінім, оның айтар ойын болжап болмайсың, айтыс үстінде басқа жағынан келіп қалуы мүмкін. Шын жүйрік, шын айтыстың табиғатымен айтысады деуге болады. Қазір Дәурен Ақсақалов деген інісі шығып келе жатыр, бұйырса қай жерге дейін шабатынын көреміз. Бірақ, Бекарыс сияқты айтыстың бүкіл талабына сай келетін ақын әлі өсіп шыққан жоқ. Басқа Еркебұлан, Жандарбек, Мейірбек, Дидар, Нұрмат т.б қай ақын болсын, бұлар уақыттың елеуішінен өткен, барлығы мықты ақындар, кез келгені қауіпті. Дей тұрғанмен арамызда қарасы озып, олар менен сескеніп, не болмаса мен олардан қорқып қала алмаймы з. Жалпы алғанда барлығы деңгейлес ақындар.
– Ел арасында сіздің мақамыңызға қатысты да әртүрлі пікір айтылып қалады. Соның бірі «Мұхтарға мақамын өзгерту керек» дегенге саяды. Алдағы уақытта жаңа мақаммен сахнаға шығуды ойламайсыз ба?
– Өте дұрыс айтып отырсыз. Әу бастан менің домбыра тартуым мен айтысу мақамымда кемшін тұстар болды. Шындығында, сөздің күшімен жүрген ақынмын. Өзге ақындар сияқты күйшілік, әншілік қырым аса қатты жетілмеген. Бәлкім кей сөздерімнің халықтың жүрегіне жетпей, сахнада қарсыластан осал көрініп жатқанымның себебі де содан шығар. Бірақ, бұл өтініштің орнын толтыруға болады деп ойлаймын. Алдағы уақытта, қалай болатынын білмеймін, жалпы ізденіс үстіндеміз. Міндетті түрде жетілдіретін боламыз.
– Сұқбаттарыңыздың бірінде болашақта ғылым қуып, сол бағытта жұмыс жасаймын деп қалдыңыз. Сонда бұл біржолата ғылым жолына түсемін деген сөз бе?
– Кез келген дүние өзінің өрлеу биігіне бару керек. Ұлттық өнердің қай түрін айтсақ та, кәсіптік, қолданушылық, дәстүрлі орындаушылықтан бөлек ғылыми деңгейге көтеріледі. Берік Жүсіп, Аманжол Әлтаевтар қалыптастырған соқпақ солай. Мен қарабайырлыққа салынып, домбыраны сабалап отырмай, соның ғылыми жағына үңіліп, басқа ұлттарға таныстырып, тереңінен зертеу секілді мәселелерді қолға алсам деген ойым бар. Сондықтан, бұл істі қалыс қалдырған емеспін. Әуелден жоспарымда бар дүние еді. Биыл сол мақсатта Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистрі атанып жатырмын. Ғылым жолы дегенде маңдайы қасқабас ғалым боламын деп айта алмаймын. Бірақ, өзіңнің пікірің, орның бар ізденуші деңгейіндегі азамат болып қалыптасқым келеді.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұқбаттасқан Елдос ЖҮСІП
«Өскен өңір» газеті