"ҚЫЗЫЛОРДА ДЕГЕНДЕ ҚАЗАҚЫЛЫҚ ЕЛЕСТЕЙДІ"
Қызылордаға журналистика саласындағы жастарға тренинг өткізуге танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек келді. Мұны естігесін белгілі тілшімен бір ауыз сұқбаттасып қалуды ойладық. Ағамызға бұл ойымызды айтып көргенбіз, ол кісі келісімін берді. Таңертең қонақ үйге барып, сұқбатқа тарттық. Бір-бір стақан шайды алдымызға қойып, жөн сұрастық.
– Көп бағдарламалар шығады. Бірақ, ғұмыры ұзақ емес. «Айтуға оңай» ток-шоуы тоқтамастан келе жатыр. Рейтингі де жоғары. Мұның сыры неде?
– Иә, халықтан алғыс естіп жатамыз. Сын да айтылып жатады. Бірақ, рейтинг деген нәрсе шынайы дүние емес. Мысалы, бір компанияның белгісіз бір өзінің мөлшерлемесі болады. Сосын олар әр қалада біздің адамдарымыз бар, солар бір құрылғы орнатып, анықтайды дейді. Яғни, адамдар қай арнаға ауыстырса, соны көреді деп түсіндіреді. Бұл шынайы емес. Оның үстіне ауылдарда емес, қалада дейді. Ал біздің көрерменіміз көбіне ауылдық жерде тұратын адамдар. Жалпы, рейтинг деген белгілі бір дәрежеде керек-ақ. Бірақ, мен үшін ол бағдарламаның көрсеткіші бола алмайды. Сол рейтинг дегенді қараған да емеспін. Мен үшін ең негізгі көрсеткіш – жасаған хабарымыздың көңілден шығуы. Осы арқылы біреуге пайда бере алдық па, жоқ па? Сол маңызды.
– Дегенмен сізді танымал еткен осы жоба деп айтсақ болады ғой...
– Мына нәрсені анықтап алайық. Мен ешқашан танымал болуға жұмыс жасаған адам емеспін. Қазір барлығы демейін, бірақ көп жас журналистер танымал болу үшін ел алдына шыққысы келеді. Ал 40-тан асқан адам үшін танымалдылықтың керегі шамалы. Оның үстіне ол бір телекомпанияның директоры болса. Егер мен танымалдыққа құштар болсам, телеарнадан шықпай қоятындай мүмкіндігім болды. Бірақ мені жаңалықтардан, газет-журналдан бірде-бір рет берген емес. Маған үлкен қызметтер ұсынған кездер де болған. Бірақ, мансап қуған адам емеспін. Өзімнің жоспарларым, мақсаттарым бар.
– Сізден кәсіпқой журналист ретінде ақыл-кеңес сұрайын. Телеарнада сіздің жұртпен тілдескеніңіз, оны сөйлеткеніңіз көптің көңілінен шығып жатады. Халықпен сұқбаттасқанда нені басты назарда ұстайсыз?
– Журналист ең алдымен алдындағы сөйлесетін адамға үлкен құрметпен қарауы керек. Мейлі, ол көше сыпырушы, яки ғалым немесе басшы делік. Егер сен сол адам туралы жаман ойда болсаң, ол бәрібір сезіп қояды. Адамның жағымды немесе жағымсыз энергиясы қалай болса да екінші адамға сезіледі. Ал ол адам саған ашылып әңгіме айтуы үшін саған сенуі керек. Егер сенің жақтырмай тұрғаныңды білсе қалай сенеді саған. Сондықтан өзім сөйлескен адамдарды жақсы көруге тырысамын және құрметпен қараймын. Мен өмірде де, қызметте де осы қағиданы ұстанамын. Сұқбат кезінде адамның іс-қимылы, жүріс-тұрысы орынды болуы керек. Бірақ, жасанды емес. Әңгіме үстінде оның жан-дүниесін ақтаруға жұмыс жасау қажет. Сұқбат дегеніміз сол адамның жан дүниесін ашып, міне бұл мынадай адам деп халыққа көрсету ғой. Журналист – осыған жол табатын адам.
– Психология кітаптарын оқисыз ба? Жалпы кітап оқуға қолыңыз тие ме?
– Мен психология кітаптарын 30 жасыма дейін оқып тастадым. Кейде жұмыстан кейін кітапханаға барып, қажет кітабымды таңдап, сол жерде 1-2 сағат отырып оқимын. Сосын оқуға 2-3 кітап сатып аламын. Бірақ, көп уақыт бола бермейді. Жалпы журналистер кітап оқып тұруы керек. Көп ізденуі қажет. Алайда, қажет болсын-болмасын кез келген кітапты оқи берген де дұрыс емес. Адам өзіне керектісін таңдап, талғап алғаны дұрыс. Себебі ми шаршайды. Бұл не болса соны жей берсе, асқазанға ауырлық түсетіні сияқты нәрсе. Бірақ жегенді құсып тастауға болады, ал мидағыны шығара алмайсың.
– Бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз?
– Футболшы болуды армандадым. Осы тақырыпты талқылағанды ұнататынмын. Арманым орындалмады. Ол үшін үлкен дайындық, жаттықтырушы қажет еді. Ондай мүмкіндік болмады менде. Содан ең болмағанда спорт тілшісі болайын деп, еңбек жолымды «Спорт» газетінен бастадым. Ол жақта ағаларымыздан біраз нәрсені үйреніп, келесі жылы ҚазМУ-ге оқуға түстім. Осылай шығармашылық жолы басталды. Қазір 20 жылдық тәжірибем бар.
– Үлкен жетістікке, мақсатыңа жету үшін не істеу керек?
– Оның мынадай формуласы бар. Бірінші – біл, екінші – жақсы көр, үшінші – сен. Сен өз мамандығыңның ұңғыл-шұңғылына дейін меңгеруің керек. Көп іздену, еңбектену қажет. Онсыз болмайды. Одан кейін жақсы көруге тиіссің. Егер қызметің сені шаршатып, ұнамай бара жатса, жақсы көруге себеп табуың керек. Қалай болмасын ұнатуға тиіссің. Өзіңді әлемдегі ең күшті жұмыспен айналысып жатырғандай сезініп, махаббатпен істеуің қажет. Егер жақсы көре алмасаң, басқа өзің ұнататын салаға ауысып кет. Адам өзі 30 жасқа дейін «мұны дұрыс таңдадым ба, басқасын таңдағанымда ғой» деп екі ойлы боп жүреді. Ал отыздан кейін бір қалыпқа түседі. Үшінші – өзің істеп жатқан нәрсеге сенуің. Сен ешкім атқара алмайтын жұмысты атқарып жатқаныңа сенуің керек. Ең сұлу қыз кім деп сұрасаң, әркім әртүрлі жауап беруі мүмкін. Ең сұлу қыз деген «сен әдемісің» дегенге сеніп қалған қыз дер едім. Сол секілді сен де «Мен ең керемет жұмыс жасап жатырмын» дегенге сенуің қажет. Өзіңді екінші сорттағы адам сезінсең, ешқашан жетістікке жетпейсің. Қысқасы, өз ісіңді махаббатпен орында, адал бол.
– Отбасыңыз туралы айтсаңыз. Тәрбиеге қаншалықты мән бересіз?
– Екі қызым бар. Жұбайым жоғарғы оқу орнын бітірген. Бірнеше тіл біледі. Үйде бала-шағаға, қарт анама қарайды. Қыздарымды білімді болуға, кәсіп үйренуге баулып келемін. Қиыншылыққа төтеп беретіндей қайсарлыққа тәрбиелеймін. Оларға қымбат заттар алып беріп, шектен шығарған емеспін. Ата-ана кішкентайынан баланың санасына қандай бағыт берсе бала сол бағытпен жұмыс істейтін болады. Әйтпесе, еврейдің миы, қазақтың миы деген нәрсе жоқ. Барлығының мүмкіндігі бірдей. Мұны ғылым әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан тәрбиеге мән беру керек. Сосын қыздарыма 1-курс оқып жүргенде тұрмысқа шығасыңдар деп ескертіп қойғанмын. Үйде әркім өз орнын біледі. Үйленбес бұрын жолдасыммен отбасының қағидасын жасағанбыз. Бізде сыйластық бірінші орында тұрады. Менімен «сіз» деп сөйлеседі. Ішімдік, зиянды заттардан өзімді аулақ ұстаймын. Біздің үйде ер-азаматқа «Қайда жүрсің?», «Қашан келесің?» деген сұрақ қойып, мазасын алмайды. Мен үшін отбасы бірінші орында.
– Қызылорда дегенде ойыңызға не келеді?
– Еліміздің түкпір-түкпірін араладым. Барлық өңірде болдым. Байқағаным Сыр бойы секілді таза қазақылықты сақтаған облыс жоқ. Барлық жырау мен шайыр да, қара сөздің хас шебері де осы топырақта деп білемін. Қыздары салт-дәстүрді біледі. Мен жүрген жерімде «Осы жақтан қыз алыңдар» деп жүремін. Қызылорда дегенде ең бірінші, қазақылық елестейді. Біз тұтас қазақпыз. Бірлікті сақтау керек. Айтуға оңай, әрине (күлді).
– Әңгімеңізге рақмет, аға. Жаңалықтарыңыз көп болсын!
Сұқбаттасқан: Мәди ҚҰРМАНӘЛІ