ҰСТАЗ- АДАМ ЖАНЫНЫҢ ҰСТАСЫ
Мұғалім болу әркімнің қолынан келеді. Бірақ нағыз ұстаз болу – барлығының бағына бұйырмайтын бақыт. Ал бүгінгі біздің кейіпкеріміз шын бақытқа ие болған жан. Себебі ұстаздар мерекесі қарсаңында Назарбаев Зияткерлік Мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жадыра Әжібекова Республикалық «Үздік педагог» байқауында оза шауып, 2 миллион теңге көлемінде сыйақыны иеленді.
- Алған марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Мұндай дәрежеге қалай жеттіңіз?
- Сізге рақмет. Мұндай дәрежеге жету үшін «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» атты мақал- мәтелді педагогикалық кредо ретінде алу қажет. Сонымен қоса уақытты тиімді пайдалану үшін жоспарлы түрде жұмыс жасап, әрбір ісіңе есеп беруді де естен шығармаған жөн. Ең бастысы, өз жұмысыңызға деген зор махаббат және үлкен сенім болуы тиіс.
- Алғашқы ұстаздық жолыңызды қайдан бастадыңыз?
- Алғашқы ұстаздық жолымды 2005 жылы Қызылорда қаласындағы И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейден бастадым. Бұл мектепте жұмыс жасау арқылы мен мұғалім ұстаздық етуден жалықпайтын тұлға екенін түсіндім, себебі мектепте жас мамандарды мектеп өміріне бейімдейтін клуб жұмыс жасайтын, осы клуб аясында көптеген іс- шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде кәсіби тұрғыдан өсуіме жол ашылды.
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін өз қалауыңызбен таңдадыңыз ба, әлде өзгелердің ықпалы тиді ме?
- Қаламыздағы №217 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сақатағанова Айнұр Әбдіғаппарқызының ұстаздық тұлғасы,бітім- болмысы, сөйлеу мәнері, адами қасиеттері маған ерекше әсер етті. Осыдан бастап ұстаздықтың ұлы жолын таңдадым.
- Сіз өзіңіздің бірнеше жылғы оқушымен өткен қызметіңізге қандай баға берер едіңіз?
- Оқушымен жұмыс – аса қызықты міндет. Оқушымен қоян – қолтық араласу, оның жан дүниесін түсіне білу, оған әрдайым қолдау көрсету – жеңістің бір нышаны деп білемін. Менің оқушымен жұмыс барысында алға қоятын негізгі міндеттерім осы. Ал қалған дүниелер- тынымсыз еңбек пен талаптың нәтижесі.
- Шәкірттеріңіздің білім көрсеткіші қандай?
- Шәкірттерімнің білім көрсеткіші мақтауға тұрарлық, бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды, алдағы уақытты болашаққа нық сеніммен қарап, сапалы жұмыс жасау қажет.
- Өмірдегі әрбір адам ұстаз сөзін әр түрлі бағалап, әр түрлі түсіндіреді. Сіздің ойыңызша Ұстаз деген кім және қандай болуы керек?
- Ұстаз- адам жанының ұстасы.
- Қазіргі уақытта оқушы мен ұстаз арасында қарым-қатынас сыйластыққа көңіліңіз толады ма?
- Қазір мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас - ана мен бала арасындағы қарым-қатынастан гөрі, достар арасындағы қарым-қатынасқа ұқсайтын тәрізді. Бұл дұрыс емес. Ұстаз- оқушының екінші анасы, сондықтан үлкен мен кіші арасындағы белгілі бір шекара сақталуы тиіс.
- Бүгінгі жас мұғалімдерге қандай кеңестер берер едіңіз, оларға қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыз?
- Бүгінгі жас мұғалімдерге жауапкершілікпен тынымсыз еңбек ете білу қажет екенін айтқым келеді. Жетістік- әр адамның еңбегінің нәтижесі екенін естен шығармауы тиіс.
- «Арман – адам қанаты» дейді, арманыңыз қандай?
- Әрине, «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деп бекер айтылмаған. Еліміз тыныш болсын деп армандаймын.Бейбітшілік таңы барлық бастаулардың бастамасы. Отбасымның, балаларымның амандығын тілеймін. Ал ұстаздық жолында жететін жетістіктердің мол болуын тілеймін.
- Қандай кітаптарды сүйіп оқисыз?
- Кітаптардың түрлісі болды. Оның ішінде әсіресе, ұлттық рухты байытатын, туған жерді сүюге жетелейтін және жан дүниені ерекше бір сезімге бөлеп, сан алуан эмоцияға кенелуге әкелетін кітаптарды сүйіп оқимын. Мәселен, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма», М.Мағауин «Бір атаның балалары», Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» жинақтары.
- Өзіңіз, отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз...
- Отбасым- менің ең негізгі тірегім. Ұстаздықтың барлық ауырташылығында қолдау көрсетіп жүрген ата- енеме, жолдасыма алғысым шексіз. Ұстаз ғана емес, екі ұлдың анасы ьболғаным үшін бақыттымын
- Әңгімеңізге рақмет!

Шынар БЕКБАН