ӨНЕРІМЕН ӨРГЕ ШЫҚҚАН ӨМІРҚҰЛ
Жуырда өлкемізге «Серпер» жастар сыйлығының иегері, мәдениет қайраткері Өмірқұл Айниязов келіп, жеке шығармашылық кешін берген еді. Қашанда жақсылықты паш етуге тырысатын дағдымен ұлттық рухымызды бойына сіңірген, танымал жыршы-термешімен сұхбат жасауды жөн санаған болатынбыз. Соны назарларыңызға ұсынамыз.
– Өмеке, елге қош келдіңіз. Әңгімемізді алғаш рет үлкен сахнаға қашан шықтыңыз және одан әрі өнер жолыңыз қалай өрбіді деген сауалдардан бастасақ.
– Рахмет. Әрбір адамның бойындағы асқақ арман балалық шақтан бастау алады десек артық болмас. Мен оқушы кезімнен, нақтысы, төртінші сыныптан бастап музыка мектебінің сырнай класына бардым. Оны үздік бітіріп шықтым. Мұнан соң Ақтөбе қаласындағы музыка колледжіндегі домбыра класын күй мамандығы бойынша бітірдім. Жоғары музыкалық білім алуды көздеп, жақсы мен жайсаңдардың ізі сақталған Алматыға аттандым. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасында білім ала жүріп, Сүйінбай атындағы филармонияда жұмыс істедім. Ол кезде директор Алтынбек Қоразбаев болатын. Ағаның қолдауымен 2000 жылы үлкен сахнаға қадам бастым. Танымал әзілкеш Жанатбектің «Мафия мен Тақия» әзіл-сықақ театрында да біраз жылдар қызмет атқардым. Осында жүріп, «Ән мен әнші», «Жыл әні», «Сағындырған әндер-ай», «Әз наурыз» атты әндер кешінде өнер көрсеттім. Қазіргі жағдайымыз көз алдарыңызда өтіп жатыр. Арасында алыс-жақын шетелдерге де шығып тұрамыз.
– «Шәкіртсіз – ұстаз тұл» деген бар. Өзіңізді өнер жолына дайындаған ұстаздарыңызға тоқтала кетсеңіз…
– Дұрыс айтасыз. Менің ауылдағы, бала күнімдегі ұстаздарым – Гүлханыс, Бақыткүл апайларды, Қонысбек, Досжан ағайларды ерекше атап өткім келеді. Әсіресе, Досжан ағайымның мені өнер адамы ретінде шыңдауға сіңірген еңбегі өте зор. Ол кісі үйреткен термелер әлі күнге дейін санамда сақтаулы тұр.Адам балалық шағында алған дәрісін ұмытпайды екен. Өлкеміздегі өзіндік орны бар «Қазалы» газеті арқылы барша ұстаздарыма шын жүректен алғысымды жеткізіп, мерекелерімен құттықтағым келеді.
– Сіз үнемі сапарда жүресіз, үлкен сахналарда өнер көрсетесіз. Десек те арасында кітап оқып үлгересіз бе?
– Әрине, оқимын. Жыршы-термеші болғандықтан көпшілігіне «Бес ғасыр жырлайды», «Жеті ғасыр жырлайды» деген өзіме аса қажетті кітаптарды оқып жаттап, отырамын. Сонымен қатар, Бақыт Беделхан, Жандарбек Әшімжан деген ақын-жазушылармен доспын. Жазған шығармаларын қолым бос уақыттары қалт жібермеуге тырысамын. Мен кез келген жанның, оның ішінде әншінің, жалпы өнер адамдарының кітап оқығаны дұрыс деп есептеймін. «Артық білім – кітапта» деп текке айтылмаса керек. Жастардың әдебиетке қызығып өскенін қалар едім. Сонда олардың ой-өрісі кеңіп, тамаша идеялар тудыра алатын тұлға болып өсетініне кәміл сенемін. Балаларын ұялы телефон, планшетпен емес, кітаппен дос қылып өсірген ата-ана өмірде қателеспейді деп санаймын. «Келешекте компьютердің тұтқасын ұстағандарды, кітап оқығандар басқарады» деп Елбасымыз айтқандай,баршаны кітап оқуға шақырамын. Өзімді кітаптың жанашырымын деп ойлаймын. Үнемі ізденіс үстінде жүремін.
– Адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыз?
– Маған шыншыл әрі тура мінезді адамдар ұнайды. Жағымпаз, жылпостарды жек көремін. Ойын ірікпей айтып, ірі сөйлейтін мәрт жігіттердің қазағымда көп болғанын тілеймін. Қысқасы, бір сөзді жандарды жоғары бағалаймын.
– Өнердегі ізбасарларыңызға қандай кеңес бересіз?
– Адамның бойында бір пайыз талант болса, тоқсан тоғыз пайызы еңбекпен келеді деген қағида бар. Үнемі талмай, қажымай ізденіп, үйренген адамнан ғана мықты өнерпаз шығады. Іні-қарындастарыма жақсы оқып, көп үйреніңіздер, армандап, соны іске асыруға ұмтылсаңыздар сонда ғана жақсы нәтиже шығады дер едім. Өз басым тек жүрегім қалаған әндерді орындаймын. Өзім ұнатпасам, «мынау жеңіл ән өтімді екен» деп халыққа ұсынған сәтім болған емес. «Әннің де естісі бар, есері бар» деп Абай атамыз айтқандай, салмақты ән орындауға тырысамын. Ән таңдағанда жүректі ғана тыңдау керек.
– Қазіргі таңда көпшілік әлеуметтік желіде, БАҚ бетінде шашын бояп, құлағына сырға таққан жас әнші топтарды сынап жатыр. Оған сіздің көзқарасыңыз қандай?
– Әндері жаман демеймін. Бірақ, өз басым стильдерін қолдамаймын. Қазақ жігіттеріне жараспайтын қылық деп есептеймін. Оларды өтпелі кезеңнің өрендері деп түсінемін. Ұлттық менталитетімізге сай емес. Қанында қайсарлық бар қазақ халқынан қолдау табулары қиындау сияқты.
– Туған жеріңізге келіп, шығармашылық концертіңізді бердіңіз. Сізді жұртшылық қалай қабылдады?
– Орынды сұрақ. Бұл жерде менің ата-анам, ұстаздарым, достарым бар. Әр келген сайын ауылды сағынып келемін. Концерт қойсам, жаңаша леппен, өзгеше бір ізденіспен келсем деймін. Өзімді жаңа бір қырымнан танытқым келеді. Балалық шағым осында өтті. Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің түлегімін. Әр сапарымда сынға, қолдауға дайындалып келемін. Бүгінгі кешімде өте жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын. Оны халықтың соғылған шапалағы, қошеметінен аңғарғандаймын. Туған жер жылы қабылдады. Барша тыңдармандарыма Алланың нұры жаусын деймін.
– Әңгімелескеніңізге рахмет!
Есет ТАБЫНБАЕВ