Б. ОСПАНОВА: БІЛІМ ҚОНБАЙТЫН ШӘКІРТ БОЛМАЙДЫ
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе - ас бер, Он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, Ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле», дейді дана халқымыз. Ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, ел болашағының қалыптасуына қосқан өлшеусіз үлесімен ел жадында сақталатын ұстаздар аз емес. Ардагер ұстаз Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі Оспанова Бақтыгүл Ерманқызы – есімі аймақ жұртшылығына етене таныс. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің еңбегімен дараланған Бақтыгүл Ерманқызымен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.
- Бақтыгүл Ерманқызы «өзінің уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялай білген» ұстаздық жолына түсуіңізге не себеп болды?
- Мен бастауыш сыныптан бастап математика пәнін ерекше жақсы көрдім. Оған себеп бізге математика пәнінен сабақ берген Төлеген Атабаев деген ұстазым болды. Оның сабақ беру әдісі ерекше еді, сол кісіге еліктеп мұғалім мамандығын таңдадым. 1958 жылы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, бітірдім. Сол кездердегі үрдіс бойынша оқу бітірген жас мамандарды облыстың кадрлар жетіспейтін шалғай аудандарына жіберетін. Мен де жолдамамен алғашқы еңбек жолымды Тереңөзек ауданындағы «Қараөзек» совхозында бастадым. Осы мамандықтың қыр-сырын үйреніп, жан –жақты білімімді шыңдап, ерекше белсенділікпен көрініп жүрдім. Жылдар бойғы еңбегім елеусіз қалмады. Білім саласының үздігі, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздік қызметкері» төсбелгісі, облыстық білім басқармасының грамоталары мен Алғыс хаттары, Қызылода облысына – 70 жыл жəне Қызылорда қаласына 190 жыл мерекелік медальдарымен марапатталдым.
- Жалпы атақ адамға не береді?
- Кез келген жұмыстың бейнетін көріп барып, зейнетін көресің. Атақ алу жылдар бойғы еңбегіңнің еленгені деп ойлаймын. Дәрежеңді көтереді, әріптестеріңнің ортасында абыройлы етеді. Сонымен қатар мамандығыңа жауапкершілікті тереңдетіп, қызметіңе деген құлшынысыңды арттырады.
- Тәрбиеге көнбейтін, білім қонбайтын шәкірт бола ма?
Тәрбиеге көнбейтін, білім қонбайтын шәкірт болмайды егер ұстазының ұстамы мықты болса. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген дана халқымыз. Әр бір оқушысымен мұғалім жеке-жеке тіл табыса білу керек. Көп жағдайда баланың еркелігі басым болады. «Мен мұғаліммін сен оқушысың, орныңды біл» - деп тұрсаң ешқашан жұмысың алға баспайды. Баламен бала болсан ғана жүрегіне жол таба аласың.
-Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
- Өмірде кішіпейілділік танытып, сыйласып өткенге не жетсін?! «Сен дегенде не бітеді, Сіз десеңіз нең кетеді, үлкенді аға, кішіні іні деп сыйласаң, ақың кімге кетеді» деген ғой. Сыйластық, кішіпейілділік деген қасиеттер ортаңа сыйлы қылып, қадіріңді арттырады. Қаншалықты кішіпейіл болсаң соншалықты ұлылыққа қол жеткізесің.
- Ал, қазіргі жас мұғалімдерге қандай ақыл айтар едіңіз, оларға көбінесе қандай қасиеттер жетіспейді?
- Ұстаз барлық жағынан балаға үлгі болу керек. Мұғалімнің басты қасиеті баламен тіл табыса білуі. Білімнен бұрын баланы саналы тәрбиеге көндіріп алу керек. «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы». Көпке топырақ шаша алмаймын. Бірақ ата-аналарының итермелеуімен, жоғарғы оқу орнындағы басқа мамандықтарға балы жетпеген сон осы мамандықты таңдаған оқушылардың ұстаздық қызметті дамытып алып кетуі екі талай. Бұл мамандыққа жүрек қалауымен келу керек.
Әңгімеңізге рахмет!
Фариза ОМАРОВА