АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АУҚЫМДЫ ІС БАР
Қазақстан ет өнімін экспорттауда әлімдік нарыққа етене еніп, өзінің орнын айшықтауға әрекет етіп келеді. Сол мақсатта, еліміздегі ауыл шаруашылығы бағытында бірнеше бағдарламаларды қолданысқа ендіріп, отандық шаруаларға жайлы жағдай жасауға қашанда көңіл бөлінуде. Оған дәлелді ауданымыздан да табуға болады. Шағын несие ұйымдары. Бұл ұйымдар, бизнесі бар және оны ары қарай өркендетуге ниетті жандарды қаржылай қолдауға әсте ынталы. Енді осы ұйымдардың бүгінде атқарып жатқан жұмыстары қаншалықты деңгейде? Кімнің қолтығынан демеп, қолына қаржы ұстатты? Нендей бағыттарға қаржы бөліп келеді? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында, біз Қызылорда облысы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Арал ауданындағы менеджері Айдос Байдулатовпен тілдескен едік.
-Айдос Мейрамұлы, өзіңіз қызмет жасайтын акционерлік қоғамның негізгі мақсатына тоқталып өтсеңіз?
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы бү- гінде «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының «Ауылда кәсіп- керлікті дамытуға жәрдемдесу» атты екінші бағыты аясында жүйелі жұмыстар жасап келеді. Айталық, 2013-2015 және 2016 жылдың тамыз айына дейін аудан бойынша 139 адамға 345,800,0 мың теңге қаржы кәсіпкерлікпен айналысу үшін рәсімделген. Ауданымыздағы кәсіппен айналысамын деуші жандардың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысу үшін қаржы алса, жүк тасымалы, техникалық қызмет көрсету орталықтарын ашуға, монша ашуға да қаржылай көмек алғандар бар. Жалпы, заман ағымына қарай жаңа кәсіп ашып, өз ісін өркендетуге ниетті азаматтар бізде жоқ емес. Барлығы да мемлекеттен беріліп жатқан көмектерге дән риза. Міне, біздер осындай жандармен жұмыс жасаймыз. Олардың аяққа тұрып, қатарға қосылуы- біз үшін үлкен жетістік. Сондықтан, іс бастаймын немесе оны одан әрі жетілдіремін деуші әрбір азаматқа біз қуана көмек береміз. Мәселен, заман талабына сай кәсіпкерлікпен айналысып, шағын кәсіпкерлікті дамытуда Арал ауданының тұрғындары осы 2016 жылдың 7 айлығында 34 адам 90500,0 мың теңге несие алды. Бұл-жақсы көрсеткіш. Демек, бұл салаға бетбұрыс жасағандардың саны өсуде деген сөз.
-Сіздерден несие рәсімдеп, бүгінде жұмысын жандандырып жатқан шаруалар жөнінде айтсаңыз…
Иә, бүгінде аталмыш қор арқылы алған қаржыларына түрлі кәсіп көздерін ашып, ел алғысына бөленіп жүрген азаматтар жетіп-артылады. Олардың қатарында қала тұрғыны, кәсіпкер Мадина Сәдуақасова өзінің наубайханасынан шыққан сапалы да дәмді нан және нан-өнімдерімен көптеген сауда нүктелері мен жеке тұрғындарды қамтамасыз етіп отырса, кәсіпкер Әділбек Кеңесов несиеге жүк тасымалдайтын «Газель» автокөлігін алып, бүгінде өз қажетіне жаратуда. Сонымен қатар, Жанақұрылыс ауылының тұрғыны, кәсіпкер Жанаркүл Абділғаниева ет және сүт бағытындағы бір асыл тұқұмды бұқа және 15 бас мүйізді ірі қара мал сатып алып, мал шаруашылығы саласына еректтте ықылас аударуда. Біздер несие аламын деуші жандардың меселін қайтарған емеспіз. Қолдан келгенше көмектесіп, заңды құжаттарына сәйкес несие рәсімдеп келеміз. Құжаты толық еместерге оны дайындаудың жолдарын көрсетіп, бірге жұмыс жасауға ниетті екенімізді әркез көрсетіп келеміз. Себебі, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың басымдық берген бағыты- осы ауыл шаруашылығы саласы.
Жүргізіп жатқан нәтижелі жұмыстарыңызға қоса, алдағы уақыттарға жос- парлаған жұмыстардың басым бағытына тоқталсаңыз…
Ағымдағы жылы мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағ- дарламасын жүзеге асыру мақсатында, Арал ауданының кәсіпкерлеріне 150 млн. теңгедей несие беру жоспарлануда. Ендігі жерде, біздер бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізетін боламыз. Айтып өткен жүз елу миллиондай қаржының жартысынан көбі нақты ауыл шаруашылығы бағытына жұмсалатын болса, қалғаны басқа кәсіпкерлік саласына бағытталады.
Әңгімеңізге рахмет!
А. БИСЕНОВ