АЛЕКСАНДР ЗАЙЧИКОВ: ОСЫ ЖЕҢІСІМЕ ӨЗ АНАМ МЕН ИЛЬЯНЫҢ АНАСЫ ӨЛШЕУСІЗ ЕҢБЕК СІҢІРДІ
Осы жеңісіме өз анам мен Ильяның анасы өлшеусіз еңбек сіңірді. Бұл туралы бүгін Риода өтіп жатқан олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған Александр Зайчиков жарыстан кейін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
- Жеңісің құтты болсын.
- Рахмет!
- Қазақстан қоржынына бесінші қола медаль салдың. Қуанышыңмен бөлісе кетсең...
- Қарсыластарымның барлығы кілең мықтылар болды. Бірақ, барымды салдым. Соңғы күшім жеткенше көтердім. Бұйырғаны қола медаль болды. Қаншама жыл тер төгіп, Олимпиададан жүлдесіз кетіп жатқандар қаншама?! Мен еліме қола болса да жүлде сыйладым. Сол үшін өзіме өзім разымын.
- Екінші орын алған қарсыласың сенен бір-ақ келі артық көтерді. "Әттеген-ай" деген өкінішің болды ма?
- Әрине, өкінішті! Симон Мартиросянның бағы жанды. Ол менен бір келі артық көтеріп қола жүлдеге қол жеткізді. Төрешілер менің серпе көтеруде бір мүмкіндігімді есепке алмады. Егер оны есепке алғанда күмісті мен қанжығама байлайтын едім. Жарысты сіздер көздеріңізбен көрдіңіздер. Ал құрлықтың арғы бетіндегі отандастарымыз көгілдір экраннан тамашалап отырды деп ойлаймын. Сондықтан енді жарысқа тоқтала бермелік.
- Ал бас жүлдені жеңіп алған өзбекстандық Руслан Нуридинов туралы айтарың бар ма?
- Руслан Нуридинов Олимпиаданы талассыз жеңді. Оның күштілігін әлем мойындады бүгін. Өзінің нағыз мықты екенін мойындатты ол. Бірақ, ол қанша керемет болса да, Алматыда өткен әлем чемпионатында Ильиннің алдында дәрменсіз күй кешкені естеріңізде болар. Сонда Нуридинов «Ильяны жеңу мүмкін емес» деп мойындаған болатын. Өкінішке қарай бұл Олимпиадаға Ильин қатыса алған жоқ. Содан болар Руслан өзін судағы балықтай сезініп жүрді. Егер, Ильин болғанда оған Олимпиаданың чемпиондық атағы бұйрмаспа еді, кім білсін?!
- Бұл жеңісіңді кімге арнайсың?
- Бұл жеңіс менің ғана жеңісім емес. Менің жеңісім - елдің жеңісі. Сондықтан бәрімізге ортақ жеңіс деп ойлаймын. Бірақ, осы жеңісіме жетуге бапкерлерімнен бөлек екі адам өлшеусіз үлес қосты. Оның бірі - өз анам. Ал екіншісі - Илья Ильиннің мамасы. Бапкерлерімнен бөлек осы екі кісіге өлшеусіз алғыс білдіремін. Аналарымыз аман болсын.
- Әңгімеңе үлкен рахмет!
Әңгімелексен: Күнсұлтан ОТАРБАЙ