ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ ЖӨНІНДЕ НЕ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?
«Қызылорда ньюс» интернет газетінің сұрақтарына Қызылорда ОІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Алтынбек Ахметов жауап берді.
- Қай жағдайларда әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге болады?
Қызылорда облысы бойынша жыл басынан бері салынған 577 млн 666 мың теңге айыппұлдың 216 млн 024 мың теңгесі өндірілген.
Осы ретте, салынған әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі жөнінде бірі білсе, бірі біле қоймас. Егер, полиция қызметкері Сізге қатысты әкімшілік хаттаманы рәсімдеу барысында, Сіз кәмелеттік жасқа толған болсаңыз және де өз кінәңізді мойындасаңыз 7 тәулік ішінде салынған айыппұлдың 50 пайызын төлеу мүмкіндігін пайдалана аласыз. Сонымен қатар, әкімшілік істің жазасында басқа да түрлері болмаса, мысалға жүргізу құқығынан айыру, ескерту немесе әкімшілік қамау.
Мәселен, жүргізушіге қатысты қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделсе, оған 5 АЕК, яғни 10605 теңге көлемінде айыппұл салынады. Осы жағдайда жүргізуші өз кінәсін мойындап, салынған айыппұлмен келіссе, ол айыппұлдың 50 пайызын, яғни осы жағдайда 5302,5 теңгені 7 тәулік ішінде төлеуге құқығы бар. Полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін және белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге жүргізушіге тапсырады. Және айта кететін жайт, төленген түбіртекті жүргізуші Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика бөліміне тапсыруы қажет. Көп жағдайларда тұрғындар бұл мән-жайларды ескермей, түсініспеушілікке әкеп соқтырады. Алайда барлығы Заң аясында.
Ал егер де құқық бұзушылық полиция қызметкерімен емес, автоматты режимде жұмыс атқаратын арнайы фото-видеокамераларымен анықталған жағдайда айыппұлды толығымен төлеу қажет. Бұл жағдайда 50 пайыздық жеңілдік қарастырылмаған.
- Айыппұлдарды қайда және қалай төлеуге болады?
Айыппұлды төлеудің бірнеше жолдары бар. Бүгінгі таңда айыппұлды әдеттегі кассалардан бөлек екінші дәрежелі банктердің терминалдары арқылы төлеуге де болады. Бюджеттік сыныптама коды – 2014106, айыппұлды төлеуге әкімшілік хаттама нөмірі де керек. Сонымен қатар, айыппұлды egov.kz электронды сайты арқылы да төлеуге болады.
Еgov.kz электронды сайты арқылы айыппұлды төлеу үшін құқық бұзушының ЖСН болуы тиіс. Төлеген соң төлем парақшасын шығарып ала аласыз.
Қызылорда қаласы Жібек Жолы көшесі №22 мекен-жайында орналасқан Жергілікті полиция қызметінің ғимаратындағы әкімшілік практика бөлімінде кассадан бөлек терминал және Еgov.kz электронды сайты арқылы да төлей аласыз. Қала тұрғындарына төлеуге кеңесшілер көмек көрсетуде.
- Төленген түбіртекті өткіз. Айыппұлды төлеп қана қоймай, төленгені жөніндегі түбіртекті өткізу қажет екендігін тағы да естерініңізге саламыз. Осы сұрақ көп жағдайларда түсініспеушілік тудыруда.
- Бұны Заң талап етеді. Салынған әкімшілік айыппұлды төлеген соң ҚР ӘҚБтК-де лауазымды тұлғаны хабардар ету жөнінде көрсетілген. Ал Заң бәрімізге ортақ. Айыппұл төленгені жөнінде түбіртекті әкімшілік практика бөліміне өткізуіңіз қажет. Егер фото-видеофиксация бойынша салынған айыппұл болса, онда ӘПБ Процессингтік орталығына өткізу қажет. Екі бөлім де Жібек Жолы көшесі 22 (бұрыңғы ОблГАИ ғимараты) мекен- жайы бойынша орналасқан.
Сонымен қатар түбіртекті пошта қызметі арқылы да жолдауға болады. Бастысы құжат уақытылы өткізілуі қажет.
Егер де айыппұл 30 күн мерзімде төленбеген немесе төленген түбіртек уақытылы өткізілмеген болса, ерікті төлеу мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік қаулы мәжбүрлеп орындату мақсатында жеке сот орындаушыларына жолданады. Бұл жағдайда құқық бұзушы өзіне салынған айыппұлдан бөлек жеке сот орындаушысының қызметін төлеуге міндетті болады, яғни салынған айыппұлдың 25 пайызы. Бұдан бөлек уақытылы төлемеген жағдайда басқа да жағымсыз жағдайларға тап болуыңыз мүмкін екендігін ескертеміз. Мысалы, шет елдерге шығуда және мемлекеттік қызмет көрсетуде қиындықтар туады.
Жыл басынан 50 пайыздық жеңілдікті 12913 қала тұрғындары пайдаланып, 98 96457 теңге айыппұл төлеген.