БАЛАНЫҢ ҚАЙ ТІЛДЕ БІЛІМ АЛАТЫНЫН АТА-АНАСЫ АНЫҚТАЙДЫ – ЖАҢЫЛ ЖОНТАЕВА
Биыл 1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептері жаңа білім беру бағдарламасына көшеді. Осыған байланысты жазда 73 мың мұғалім арнайы қайта даярлаудан өтуі тиіс. Әрі алдағы жылдары 3 тілде білім беру бағдарламасын дамыту мақсатында бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыға түскен болатын. Осы орайда Bnews.kz тілшісі Дәурен Ерболат білім беру жүйесіндегі жаңалықтар мен реформалар жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаевамен тілдесіп қайтты.
– Жаңыл Алпамысқызы, биылғы оқу жылынан бастап мектептерге жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізіледі. Бұл ретте мұғалімдерді оқыту және даярлау қайда және қалай жүргізіледі? Сол туралы айтып өтсеңіз.
– Жаңартылған білім беру бағдарламасы Назарбаев зияткерлік мектептерінің бағдарламасы негізінде жасалды. 1 қыркүйектен бастап бірінші сыныптарда жаңартылған білім мазмұны енгізіледі. Жалпы 30 мектепте апровация жасалды. Бүгінде осы бағдарламаға дайынбыз. Алдағы уақытта 73 мың бастауыш сыныптың мұғалімі біліктілігін көтереді. 19 мыңнан астам ұстаз дайындадық. Нақты жоспарымыз бар. Ол бойынша 54 036 бастауыш сыныптың мұғалімі арнайы курста білім алады. Оның ішінде 16 196 бастауыш сынып ұстазы, қазақ тілінен 10 507, орыс тілінен 6 736, ағылшын тілінен 532, өнер және технологиядан 8 000-нан астам, 6000-ға жуық музыкадан, дене шынықтыру пәнінен 1 300-ден астам мұғалім арнайы оқытылатын болады. Қазірдің өзінде Назарбаев зияткерлік мектебіндегі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалында қайта даярлау процесі жүріп жатыр.
– Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдерін кімдер оқытады?
– Бүгінгі күні 530-дан астам маманды оқытып, дайындадық. Олар ұстаздардың біліктілігін көтеретін болады. Нақты айтар болсам, 536 жаттықтырушы дайындалған. Яғни «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында 297, мектептерде 192, Назарбаев зияткерлік мектебінде 47 жаттықтырушы арнайы дайындық курсынан өтті. Олардың барлығы Назарбаев зияткерлік мектебінің базасынан сертификат алды. Қазір 330 мектепте сабақ беріп жатыр. Жаңартылған бағдарлама бойынша жаңа оқулықтар шығарылады. Оқулық жалпы бағдарламаға сәйкестендіріліп жасалады.
– Бағдарламаның ерекшелігі қандай?
– Бұрын біз балаларға тек қана білім беріп келдік. Енді функционалдық сауаттылыққа баса мән берудеміз. Яғни, оқушылар мектепте алған білімін өмірде қолдана білуі қажет. Соған баса мән беріледі. Биыл күзде бірінші сыныпқа 410 мыңнан астам оқушы келеді. Оған 54 мыңнан астам мұғалім сабақ береді. Жаңа бағдарламаны жасауға еліміздің көптеген ғалымдары, әдіскерлер мен мұғалімдер қатысты. Олардың пікірлері ескерілді. Қазақстан бойынша 30 мектепте апровациядан өткіздік. Нақты айтар болсам, 14 облыста 2 мектептен, Астана және Алматы қалаларында 1 мектептен. Ауылдан бастап қалаға дейінгі мектептер қамтылды. Яғни, оқу процесіне енгізілетін жаңа бағдарламаны осы жерлерде сынақтан өткізіп көрдік. Оқу процесі 1 жыл жүрді. Сынақ мерзімі аяқталған кезде бағдарлама балаларға ұнайтындығына көз жеткіздік. Ата-ана мен мұғалімдердің көңілінен шықты. Тағы бір фактіге назар аударғанымыз жөн, «Қазақ-түрік» лицейлері мен Назарбаев зияткерлік мектебіне түсу үшін бір орынға 19-25 бала кезекте тұрады. Демек, бұл мектептерге сұраныс жоғары. Осыны ескере отырып, мемлекет аталмыш білім ошақтарындағы оқу бағдарламасын еліміздегі мектептерге енгізіп отыр. Бұл бүкіл балаға сол білімді алуға мүмкіндік береді. Жұмыс нәтижесі жақсы болғаннан кейін ғана барлық мектепке енгізуді жөн деп көрдік. Бұл оңай шаруа емес, әрине.
– Мұғалімдерді қайта даярлау процесіне барлық мұғалімдер қатыса ма? Шалғай ауылдардағы ұстаздардың жағдайы не болмақ?
– Барлық ұстаздар қатысады. 7 мыңнан астам мектеп бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдайды. Облыстық білім басқармаларының ұсыныстарына сәйкес бастауыш сыныптың мұғалімдері аталмыш даярлау курсынан өтіп жатыр. Барлық мектептің ұстаздары арнайы оқудан өтеді. Тамыздың ортасына дейін курсты яқтаймыз деп отырмыз.
– Өзіңіз білесіз, жаңа оқыту бағдарламасы қоғамда қызу талқыға түсті. Кей адамдар 3 тілде білім беру жүйесін енгізуге әлі ерте деген пікірде. Бастауыш сыныптарда пәндер қандай тілде оқытылады?
– Жұрттың назарына сала кетейін! Жаңартылған бағдарлама бойынша барлық пәндер мектеп қай тілде болса, сол тілде оқиды. Орыс тіліндегі пәндер орыс тілінде, қазақ тіліндегі пәндер қазақ тілінде өтеді. Ал математика қазақ мектебінде қазақша, орыс мектебінде орысша болады. Жаратылыстану, өзін-өзі тану пәндері бойынша да тәртіп солай. Ал 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ағылшын тілін бірінші сыныптан оқыта бастадық. Барлығы кезең-кезеңімен жүргізілуде.
– Үш тілде білім беру бағдарламасын дамыту аясында өзгерістер енгізілгелі жатқаны белгілі. Осы жайлы айтып өтсеңіз?
– Бізде 3 тілде білім беруді дамыту жол картасы бар. Әрі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында осының барлығы нақты көрсетілген. Бұл – 76,79, 86 қадамдар. Мұнда тек жоғары сыныпта ғана үш тілде білім беріледі деп көрсетілген. Ол – 10-11 сынып. Яғни, оқушыға 4 пән беріледі. Екі сабақты таңдап алуға еркі бар. Олар – химия, биология, физика, информатика пәндері. Сонда бір бала 2 пәнді ғана оқиды. Таңдау оқушының болашақ мамандығына байланысты.
Сонымен қатар, 2019 жылы 7 сыныптан бастап Қазақстан тарихы қазақ және орыс мектебінде тек қазақ тілінде оқытылады. Ал дүниежүзі тарихын орыс тілінде жүргізуді ұсынып отырмыз. Мұның барлығы 2019-2020 оқу жылында енгізіледі. Қалған барлық пәндер ескі тәртіп бойынша оқытылады. Математика пәні 11-сыныпта орыс мектебінде орыс тілінде, қазақ мектебінде қазақ тілінде болады. Қазіргі таңда аталмыш сұрақтар бойынша жұмыс тобы құрылды. Қорытындысы «Тамыз» кеңесінде белгілі болады. Қазір тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз, білім министрлігі баланың қай тілде білім алатынын анықтамаймыз. Оны анықтайтын ата-ана. Олар баласын қай мектепте оқытқысы келсе, соған бере алады. Яғни, таңдау – ата-ананың еркінде. Біз балалардың сапалы білім алуы үшін жаңа бағдарлама дайындадық. Көздегеніміз – білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу.
– Мектептер 12 жылдық білім беру жүйесіне қашан көшеді?
– Бізде Елбасының Жарғысымен бекітілген мемлекеттік бағдарлама бар. Сол бағдарламада оған кезең-кезеңімен өтетініміз айтылған. 12 жылдық білім беру жүйесіне толығымен 2019-2020 жылғы оқу жылында көшеміз деп жоспарлап отырмыз. Оған дейін дайындық жұмыстары тыңғылықты жүргізіледі.
Бірнеше жылдар бойы осы бағдарламаны енгізу үшін аянбай еңбек еттік. Қазір оған дайынбыз. Оқулықтардың барлығы сараптамадан өтті. Тамыз айында мектептерге оқулықтар келеді. Сол себепті жаңа бағдарлама оқушыларға өмірде жаңа белестерді бағындыруға септігін тигізеді деген үміттенемін. Жаңа оқу жылында ата-аналарға сәттілік тілеймін!
– Сұхбатыңызға рахмет!