КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ТИІМДІ МҮМКІНДІКТЕР
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының кеңесшілері қала тұрғындарына арнап «Бизнеске тегін сервистік қолдау» акциясын ұйымдастырды.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында көрсетілетін тегін қызметтермен және бизнесті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру мақсатында Қор кеңесшілері Халыққа қызмет көрсету орталығында және Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағы ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығында болып қайтты.
Акция аясында қала тұрғындарына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша ақпараттық парақшалар мен брошюролар таратылды. КҚКО кеңесшілері сондай-ақ, іс-шара қатысушыларына қазіргі таңдағы мемлекеттің бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлерге бизнесін жүргізуге ұсынатын бірегей көмек түрлері жөнінде кеңес берді. Кәсіпкерлерге Салық айналымы, бухгалтерлік есеп жөніндегі және заң тұрғысындағы кеңес, маркетинг пен бизнес-жоспарлау жайында, сондай-ақ барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша бизнес – кеңесшілер кәсіпкерлерге кеңестік қызметпен қатар кәсіпкер жобасының жүзеге асуына да қолдау көрсетеді. Мысалыға бухгалтерия мен салық есебі бойынша кеңесші орталықта «1С Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша кеңес берумен қатар, статистика мен салықтық есептерді жасау мен оны тапсыру және счет-фактура, орындалған жұмыс актісі мен транспорттық жүкқұжатты толтыру, кассалық кітапты жүргізу және кассалық аппаратпен жұмыс жасау сияқты қызмет түрлерін көрсетеді. Заң жөніндегі кеңесші Даму Қорының жобаларды қолдау жөнін де, сонымен қатар құжатты тіркеуге әзірлер, қайта тіркеу мен кәсіпорынды тарату, жер кодексі бойынша және жер учаскілерін рәсімдеу, мемлекеттік актілер алу мен басқа да рұқсат ету құжаттарын дайындауға, жобаға келісім-шарттар жасау сияқты бірқатар қызмет түрлерін көрсетеді. Сонымен бірге, жеңілдетілген несие алуға ниеттенген кәсіпкердің жобасына қолдау көрсету барысында кеңесші кәсіпкермен бірлесіп екінші деігейлі банкке тапсыратын құжаттар пакетін дайындайды. Ескерте кетсек, бастауыш кәсіпкерлердің ЕКБ несие рәсімдеуі барысындағы маңызды құжат болып табылатын бизнес жоспарды жасау қызметі – орталықта тегін жүргізіледі. Және де бұл Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында көрсетілетін барлық қызметтердің бір бөлігі ғана. Қосымша тәжірибелі қызметкер жалдауға шамасы келмейтін кәсіпкерлер үшін бұл тиімді мүмкіндік болып отыр. Даму Қорының кеңесшілері шағын және орта бизнес субъектілеріне бизнесін жүргізуде тегін қызмет көрсетеді.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы аталған акцияны ағымдағы айдың соңына дейін жалғастырады және бірқатар мекемелер мен қаланың ірі сауда орталықтарын аралап, халықты кәсіпкерлікке тарту мақсатында кездесулер ұйымдастыруды жоспралап отыр.