3 СӘУІРДЕ ЕЛ АУМАҚТАРЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ТҰМАН ТҮСІП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік аймағының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі, тек республиканың солтүстік-батысында, орталығында және оңтүстік-батысында күн ашық. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды.
Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.